- •18. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •19. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •32. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •33. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •41. Қандай диагноз қоюға болады?
- •65. Қандай диагноз қоюға болады?
- •78. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •79. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •86. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •87. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •88. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •85. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •89. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •90. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •95. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •96. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •97. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •98. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •99. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •103.Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?
- •104. Қандай диагноз дұрыс?
- •107. Қай диагноз дұрыс?
- •108. Қандай диагноз болуы мүмкін?
95. Дәрігердің әрекеті қандай?
Сіз емхананың ЛОР кабинетінде жұмыс жасайсыз. Сіздің қабылдауыңызға 40 жастағы науқас келді, шағымы: салқын тиіп ауырғаннан кейін науқастын жалпы жағдайы нашарлаған, дене температурасы 38 дейін жоғарлаған, бас ауырат, әлсіздік, мұрыннан тыныс алу қиындаған, иіс сезуі төмендеген, оң жақ көзінің астыңғы жағында және мұрын түбірі аймағында ауырсыну бар.
А. Қанның қанттық құрамын тексеру
В. Дерматологтын кеңесі
С. Мұрын сүйектерінің рентгенографиясы
D.Мұрын маңы қойнауларның рентгенографиясы
E. Ортаңғы мұрын жолы кілегей қабығының анемизациясы, мұрыннан жағынды алу
F) лазеротерапия
J) гормонотерапия
H) мұрын ішілік блокада
96. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 14 жаста жарты жыл бойына мұрынның кезектесіп бітелуіне шағымданады, мұрынның бітелуі басының қозғалу қалпына байланысты өзгеріп отырады. Анамнезінен: бірнеше жыл бұрын мұрыннан жарақат алған. Риноскопияда: төменгі мұрын раковиналары ұлғайған, кілегей қабаты гиперемияланған. Анемизациядан кейін төменгі мұрын раковиналарының көлемі кішірейеді. Мұрын пердесі солға қарай ығысқан , сүйекті шеміршекті бөлігінде тікенек анықталады. Сол жағында төменгі мұрын раковинасы мұрын пердесіндегі тікенекке тиіп тұр. Диагноз: мұрын пердесінің солға қарай ығысуы, жалған гипертрофиялық ринит.
А.Мұрын пердесінің кілегей астылық резекциясы
В. Аденотомия
С. Ортаңғы мұрын жолының кілегей қабығының анемизациясы
D. Жоғарғы жақ қойнауының пункциясы
E. Антибактериалды терапия
F) Төменгі мұрын раковинасының вазотомиясы
J) Бактерологиялық зерттеу
H) Пневмомассаж
97. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас В., 24 жаста екі жыл бойына мұрынның кезектесіп бітелуіне шағымданады, мұрынның бітелуі басының қозғалу қалпына байланысты өзгеріп отырады. Анамнезінен: бірнеше жыл бұрын мұрыннан жарақат алған. Алдыңғы риноскопияда: кілегей қабығы көгерген, мұрын жолдары тарылған. Мұрын пердесі солға қарай ығысқан , сүйекті шеміршекті бөлігінде тікенек анықталады. Сол жағында төменгі мұрын раковинасы мұрын пердесіндегі тікенекке тиіп тұр. Диагноз: мұрын пердесінің қисаюы, вазомотор риниті.
А. Мұрын пердесінің кілегей астылық резекциясы
В. Аденотомия
С. Ортаңғы мұрын жолының кілегей қабығының анемизациясы
D. Жоғарғы жақ қойнауының пункциясы
E. Антибактериалды терапия
F) Конхотомия
J) Конхолатериопексия
H) Эндоназалды блокада
98. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 25 жаста шағымы мұрын аймағындағы ауырсынуға, дене температурасының 39 дейін көтерілуіне, қалтырауға, мұрын тіндерінің қызаруына. Ауырғанына екі күн. Қараған кезде: мұрынның қырында шекаралары айқын қызару анықталады, көбелектің қанаты тәрізді мұрынның бүйір қабырғасына жайылған, басқанда ауырсынады. Алдыңғы риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы қызғылт, мұрын жолдары кен, бос, мұрын пердесі орталық сызықта, мұрыннан тыныс алу еркін. Диагноз: мұрынның тілме ауруы.
А. Шұғыл түрле ЛОР бөліміне салу
В. Кесу
С. Инфекциялық ауруханаға жатқызу
D. Антибактериалды терапия
E. ҚЖА
F) Қанның қанттық құрамын тексеру
J) Мұрын қуысына бактериологиялық зерттеу жүргізу
H) Дренаждау
99. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 26 жаста мұрынның оң жақ жартысынан тыныс ала алмайтынына шағымданады. Ауырғанына екі жыл. Мұрыннын бітелуі бірте-бірте басталған, бірінші оң жағында тыныс алу қиындаған, одан кейін тыныс шағаруы нашарлаған. Мұрын қуысын қарағанда кілегейі орташа дәрежеде ісінген, мұрын пердесі сүйекті-шеміршекті бөлігі үшкірленіп оңға қарай ығысқан, іріңді бөлініс анықталады. Рентгенографияда оң жақ гаймор қуысында және торлы қуыстың клеткаларында қараю айқындалады. Мұрын-жұтқыншақты қарағанда оң жақ хоананы жауып тұрған ақшыл-сұр түсті түзіліс көрінеді. Диагноз: созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоналды полип.
А. Полипотомия
В. Гайморотомия
С. Гаймороэтмоидотомия
D. Лазеротерапия
E. Мұрын раковиналарының ультрадыбыстық дезинтеграциясы
F) Мұрын пердесінің кілегей астылық резекциясы
J) УЖЖ
H) Мұрын қуысын жуу
100. Қандай диагноз қоюға болады?
44 жастағы науқасты тамағының қышуы және күюі мазалайды. Бұл шағымдар әсіресе жалпы салқындаудан және ащы тағам қабылдағаннан кейін жиі пайда болады.
Обьективті: жұтқыншақтың клегей қабығы сәл қызарған. Бадамша бездері ұлғаймаған, жамылғы және тығын анықталмайды. Жұтқыншақтың артқы клегей қабаты қызарған, тұтқыр қақырықпен жабылған, беткейінде лимфоид тканьдардың және бүйір қатпарлардың (валиктердің) гипертрофиясы байқалады. Көмекейдің клегей қабығы өзгеріссіз дыбыс жалғамалары ақ, қозғалмалы. Дауыс саңылауы кең.
А. Фарингит
В. Катаралды ангина
С. Моноцитарлы ангина
D. Жұтқыншақ кандидозы
E. Агранулоцитарлы ангина
101. Қандай диагноз қоюға болады?
Ер адам 35 жаста жаста құлағының шаншып ауруына және бөгде денені сезуіне шағымданады. Ауыруын таракан түсумен байланыстырады. Отоскотпияда: сыртқы есту жолы кең, қоныр түсті тараканның қанаты көрінеді.
А. жедел ортаңғы отит
В. құлық тығыны
С. ішкі құлақтың бөгде денесі
D. сыртқы есту жолының бөгде денесі
Е. ортаңғы құлақтың бөгде денесі
102. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Науқас 18 жаста. Жұтынған кезде тамағының ауыратынына, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе буындарындағы ауырсынуға, дене температурасының 39 ®С –қа көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына екі күн болды. Ауруын салқын тиюмен байланыстырады.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық,тәбеті төмендеген. Пульсі 90соққы минутына. Ішкі мүшелері жағынан өзгеріс жоқ.
Фарингоскопия: Таңдай бадамшасы гиперемияланған, инфильтрацияланған, өлшемдері ұлғайған, доғашық шекарасынан аспайтын екі бадамша беткейінде ақ аралшық жабынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған.ЛОР мүшелері өзгеріссіз.
А. Лакунарлы баспа;
В. Катаральды баспа;
С. Моноцитарлы баспа;
D. Жұтқыншақ кандидозы;,
Е. Агранулоцитарлы баспа.
