- •Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
- •5. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
- •7. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік
- •8.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
- •10. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
- •11.Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
- •13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
- •12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
- •14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
- •15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
- •16. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
- •17/ Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
- •18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
- •19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •23.Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі
- •25. Еңбек нарығы және жалақы
- •26.Капитал нарығы және пайыз
- •27.Жер нарығы және рента
- •28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
- •31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
- •Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
- •32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
- •34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
- •35.Мультипликатор теориясы
- •36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
- •37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
- •38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
- •39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •40. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.
2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды.
2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Экономикалық құбылыстар мен мәселелердің күрделілігі экономикалық ғылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса, экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды үшке бөліп көрсетеді:
1. Жалпы экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық тарих, экономикалық ілімдер тарих және басқа да ғылымдар кіреді.
2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар, оның өзі екіге бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы, несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, өнеркәсіп, т.б.
3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық география, экономикалық құқық, экономикалық информатика, математикалық экономика және басқалары жатады.
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:
1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.
2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау.
3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау.
4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
6. Сыншыл қызметі - әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.
