Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары

Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің өнімі. Тауардың 2 қасиеті бар:

1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.

2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.

Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез-келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан – бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі.

Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ, ағаш ұстасы да, тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды.

Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады.

Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты - өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт

Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды және ол мына формуламен анықталады:

Еө (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт).

Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет.

13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары

Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың

айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады.

Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.

2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.

3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.

4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.

5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.