- •Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
- •5. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
- •7. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік
- •8.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
- •10. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
- •11.Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
- •13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
- •12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
- •14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
- •15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
- •16. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
- •17/ Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
- •18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
- •19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •23.Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі
- •25. Еңбек нарығы және жалақы
- •26.Капитал нарығы және пайыз
- •27.Жер нарығы және рента
- •28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
- •31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
- •Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
- •32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
- •34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
- •35.Мультипликатор теориясы
- •36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
- •37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
- •38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
- •39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •40. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;
2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;
3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;
4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;
5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.
3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:
- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;
- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;
- қаржы нарығы;
- ақпарат нарығы.
2) Географиялық орналасуы бойынша:
- жергілікті нарық;
- аймақтық нарық;
- ұлттық нарық;
- дүниежүзілік нарық.
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:
- жетілген бәсеке нарығы;
- монополиялық нарық;
- олигополиялық нарық;
- монополистік бәсеке нарығы.
4) Салалар бойынша:
- автомобиль нарығы;
- компьютер нарығы, т.б.
5) Сатылу сипаттамасы бойынша:
- көтерме сауда нарығы;
- бөлшек сауда нарығы;
- фьючерстік сауда нарығы.
6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:
- ресми нарық;
- ресми емес (көлеңкелі) нарық.
15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:
1) Нарықтың ақпараттық қызметі – нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.
2) Нарықтың делдалдық қызметі – нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.
3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі – нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.
4) Нарықтың реттеушілік қызметі – нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі – нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.
Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:
1) Маржиналды (шекті) талдау принципі – нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.
2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы.
Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі.
Нарықтық инфрақұрылым – бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері, т.б.
