Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8c79d0f3-8b07-11e3-bf6e-f6d299da70eeметодика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

4.Мемлекет оның белгілері туралы

1.Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері.

2.Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия, демократия, тоталитаризм.

3.Мемлекет функциялары.Құрылымы.

Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана тоырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Алғашқы қауымда болған жоқ. Құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар.

1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды.

2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы

3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды.

4.Зорлық жасау -басып алу арқылы

5.Географиялық –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды.

6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

1.Аумақтық (территориялық) бөлінуі,

2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік)

3.Мемлекеттің егемендігі

4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру.

5.Салық салу.

6.Мемлекет азаматының болуы.

Мемлекеттің қызметтері: ішкі және сыртқы.

Ішкі қызметтеріне: экономика, салық, несие, экономикалық бағдарламалар, әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, ғылыммен әдебиет өнерге қамқорлық жасау.

Сыртқы қызметтеріне: мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі, өзін-өзі билеу, басқа елдермен қарым-қатынастары.

Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Құқықтық мемлекет- жоғары өкіметтің қаулы-қараларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлер туралы не білесіз?

2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?

4.Азаматтық қоғам дегеніміз не?

5.Құқықтық мемлекет деген не?

5.Саяси партиялар мен қоғамдық –саяси қозғалыстар

1.Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі.

2.Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары.

3.Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі

4. ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі.

Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партияларда кіреді. «Партия» сөзі латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» дегенді білдіреді. Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды. Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-ші жартысында Еуропада пайда болған. Оған ықпал еткен буржуазиялық революциялар болды. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Алғашында көпшілік партия болмады.

Бірінші көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда пайда болды. Соңынан мұндай партиялар қаптап кетті. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүрсе сол партияның әлеуметтік негізін құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Және де саяси өмір мәселесіне баса назар аударады.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді.

1.Авангардтық партия

2.Сайлаушылар партиясы

3.Парламенттік партия

4.Қауымдстық партия

Саяси идеологиясына қарай 5 түрге бөлінеді:

1.Коммунистік партия.

2.Социал-демократиялық партия,

3.Буржуазиялық-демократиялық партия.

4.Консервативтік партия

5.Фашистік партия.

Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына және саяси тәртіпті қолдауларына қарай өзіндік әрекеттері бар. Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық деп бөлінеді. Олардың жұмысын әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл жағдай қазір Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде. Және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстарменде толығуда. Бұл саяси өмірдің мәселелсін реттеуші күштердің болуы демократиялық кезеңнің орнығуымен сәйкес келеді.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Саяси партия дегеніміз не?

2.Қоғамдық-саяси ұйымдардың партиялардан айырмашылығы неде?

3.Партияның негізгі қызметтері.

4.Қазақстандағы көппартиялылық туралы не білесіз?