Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8c79d0f3-8b07-11e3-bf6e-f6d299da70eeметодика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76 Кб
Скачать
☆

6.Саяси элита және саяси жетекшілік

1.«Элита» термині, мазмұны мен қызметі.

2.Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі.

3.Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы концепциялар.

4. Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны.

«Элита» термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Бұл ілімді қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс.

Саяси элитаны тудыратын факторлар:

1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар.

2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктері

3.қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланғандар

4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар.

Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды. Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита.

Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы номенклатуралық қызметтер атқаруда. Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады. Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді.

Саяси топ бастаушылар әдетте мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құнділіқтары мен әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді. Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады. Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңыдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады. Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көмесымақтар болады. Ол ұғым ХІХғ пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Саяси элита дегеніміз не?

2.Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?

3.Саяси лидер және саяси элита дегендердің айырмашылығын түсіндіріңіздер?

4.Саяси элитаның қызметі қандай?

5.Қазіргі қазақстандағы элитаның жағдайы туралы.

7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы.

1.Өтпелі кезең, саяси жүйе принциптері.

2.Саяси жүйелердің қалыптасуы. Саяси жүйенің реттеуші формалары, көзқарастар, концепциялар.

3.Қазақстандағы саяси жүйенің болашақ тұжырымдары.

Саясаттың субьектісіне әлеуметік топтар, таптар, ұлттар, мемлкеттер саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Мәселе «тұлға», «субьекті» турлы болмақ.

Тұлға деп- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған саналы іс-әрекет ете алатын өз жүріс-тұрысына жауапты еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші адамды айтады.

Субьекті деп-белсенді іс-әрекет жасаушы сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Ал обьекті деп танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса соны айтады.

Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласатын басқалардың санасына іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасйтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы оның түрлері мен тәсілдеріне, көздеген ақсат-мүдделеріне, қоғамның нақты тарихи жағдайымен айқындалды. Адамдарды негізінен саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп- мұқтаждық пен мүдде.

Қандай адам болмасын белгілі топқа, тапқа, мемлекетке жатады. Оның өзі де өмір жағдайы мен саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене аралауының жан-жақты маңызы бар.

Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.

Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды.

АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясында» көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде және Францияның «Адам және азаматтар Декларациясында» бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.

Адам құқығының іске асып орындалуының зор маңызы бар. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субьектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.«Саясат субьектісі», «саясат обьектісі» деген не?

2.Тұлға дегеніміз кім?

3.Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде?

4.Жеке адамның құқықтары қалай жіктеледі?

5.Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай?