- •Оқу әдістемелік материалдар
- •1.Әзірлеген:
- •4. Алғаш рет енгізілген
- •2. Дәрістер
- •1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері
- •1.Саясат дене не, ол қашан пайда болды?
- •2.Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері
- •3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар
- •5.Саяси партиялар мен қоғамдық –саяси қозғалыстар
- •4.Мемлекет оның белгілері туралы
- •6.Саяси элита және саяси жетекшілік
- •7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •8.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер.
- •9. Саяси идеология
- •11.Әлемдік саясат
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
- •6. Әдебиеттер
9. Саяси идеология
1. Саяси сана және саяси идеология
2. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары
3. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
Саяси идеология саяси санамен тығыз байланысты. Саяси сана деп-өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін адамдардың бұл саладаағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен дүниеге келді. Саяси сананың негізгі қызметі-мемлекеттік билік. Және оның қызметі.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси психология және саяси идеологиялардан тұрады. Оларға тоқталсақ: 1.Қарапайым сана- күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрыптар болса, 2.Теориялық сана- теориялық тұрғыдан жинақталған жағдайлардан пайда болады.
3.Саяси психология-адамдар ұжымы мен топтар, таптардың т.б. бірлестіктердің сезімімен мінез-ғұрыптарынан пайда болады.
4.Саяси идеология саяси сананың саясаттағы құрамдас ерекше бөлігі.
Саяси идеология деп- адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз.
Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық т.б. болып келеді. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдар мен пікірлердің жиынтығы жатады.
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылды. Қоғам өмірінде идеологияның 5 қызметі бар.
1.Танымдық қызметі- саяси жүйені, саяси өмірді суреттеу.
2.Бағдарламалық қызмет-негізгі түсініктер мен адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру.
3.Жұмылдыру, іске асыру қызметі-мақсат-мүдделерді анықтап, әлеуметтік топты оны іске асыруға жұмылдыру.
4.Амортизациялық қызметі-Саяси іс-әрекетті түсіну мен әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдету.
5.Бағалау қызметі- қазіргі және болашақтағы дамуға баға беру. Т.б.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы нақтылы мақсаттардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдары белгіленеді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдқ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. болып бөлінеді. Саяси идеология БАҚ-де тығыз байланысты.
БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға жүгінеді. Қазіргі дүниеде бақ-қа жол ашу-ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шартты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Бірақ олар мақсаты пайдалануы керек.
Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Идеологияның негізгі түрлері туралы мағлұматтарды «глосарийден» ала аласыздар.
Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі- оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Идеология деген не? Оның ерекше белгілері қандай?
2.Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы неде?
3.Идеология түрлерінің пайда болуы туралы не білесіздер?
4.Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай деп ойлайсыз?
Саяси процесс және саяси бейімделу
1. Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі.
2.Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы
3.Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар.
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Қоғамдық өмір оның ішінде саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші қалыпты жағдайға ауысуын саяси процесс деп атайды.
Саяси процесстің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Мұндай жағдайларға билік институттары, кәсіподақтар т.б. ұйымдар қатысады.
Саяси процесс –күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені 4 сатыға бөлеміз.
1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.
2.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы
3.Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.
4.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау
Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге аысрушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын білдіреді. Оны 3-ке бөлеміз.
1.Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі.
2.Саяси тәртіптің дамуы
3.Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы
Саяси процестің жіктелуі ішкі және сыртқы болып келеді. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады
Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.
Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады.
Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады.
Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
«Саяси процесс» деп нені айтады?
Саяси процесс қалай жіктеледі?
Саяси процеске қатысудың түрлерін атаңыз?
Қазіргі қазақстанның саяси процесіндегі ерекшеліктерді қандай?
Саяси даму және саяси бейімделу дегеніміз не?
