Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 билет.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

8 Билет

  1. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған.

«Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов т.б. сияқты либерал-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. Алаш партиясы қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері: М. Тынышбаев, М. Жүмабаев, Ш. Қүдайбердиев т. б. кірді.

  1. «Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.

Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А.п-ның өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон., саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.

  1. Акционерлік кәсіпорынның тең иеленушісі; белгілі бір табысты алуға және істерді басқаруға қатысуға құқық беретін акциялардың иесі.

Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түр

9 Билет

  1. Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті. Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.

оның бірі 1921-1922 жылдардағы болса, екіншісі Ұлы Жұт жылы атанған 1932-1933 жылдары.

Олар, яғни кеңес өкіметі Мал шаруашылығын күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды. қыстың кездерінде келіп жүн салығы деп малды қырқызып жүндерін адып кетеді. Бірде келіп сүйек салығы деп, малдың сүйектерін алып кетеді. Бұлар әрине қолдан жасалған болатын.Бұл жағдай бүткіл Қазақстанды қамтыды. Келіспегендері атылды, келіскендері артынан аштықтан қырылды.

1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.

3. Мәміле – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.

Мәміленің ең көп тараған түрі – шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз – заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті.