16 Билет
1.Кіші жүз Тайлақ батырлар. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханды ұсынады.
2. Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Қазақстандықтардың ішінен ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш ұшқыш П.Ф. Шевцов (1937, 22 қазан) Испанияда фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. 1938 – 1941 жылдары жапон және фин соғысында көрсеткен ерліктері үшін С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков, В.К.Булавский мен Г.С. Пулькин Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Одан кейінгі уақытта да Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар қатары біршама өсті.
3.Мобилизация (лат. mobіlіs – жылжымалы) – Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар. Көлеміне қарай жаппай мобилизация, ішінара мобилизация болып екіге бөлінеді және кезеңіне қарай ұрыс жағдайындағы, соғыс алды жағдайындағы және бейбіт уақыттағы мобилизация болып үш түрге жіктеледі.
17 Билет
1.1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
2. Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
Төле би (1663—1759 жж.)
Қазыбек би (1667—1764 жж.)
Әйтеке би (1644—1700 жж.)
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
3.Диаспора грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарға репатрианттар деген термин қолданылады
18 Билет
1.Қанжығалы Бөгенбай. Қаракерей Қабанбай Қожаұлы. Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Райымбек Түкеұлы. Қарасай батыр.
2. Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
3. Ирредента - [латынша Irredenta - азаттығы жоқ, terra - жер] - XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Италиядағы ұлттық қозғалыс. Ол Италия құрамына кірмей қалған, шамалы италяндықтар қоныстанған шекаралас жерлердің қайта Италияға қосылуын көздеді.
