12 Билет
1. Қазақ этнографиясы - қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
Қазақтың дәстүрлі қару-жарағын – «Ер қаруы – бес қаруды» қорғанудың немесе атыс шабыстың құралы ретіңде ғана қарастыру тым жетуіліксіз. Өйткені мұндай ұстанымның ақыры дәстүрлі қару –жарақты түптеп келгенде жеке тұлғалардың батырлардың қарулары дегенге ғана сыйдырады. Осындай ұстанымның аясында «Ер қаруы – бес қарудың» қазақы ортадағы қатынастар жүйесіндегі сан алуан символдық, магиялық, тіпті идиологиялық қызыметтерің жан жақты таратып айту мүмкіндігін елестетудің өзі қыйын. Көшпелілердің дәстүрлі қару жарағы жеке тұлғалардың – батырлардың ұрыс немесе қорғаныс құралы ғана емес, оларда қазақы ортадағы қоғамдық қатынастардың аясындағы, яғни көшпелілерде сан ғасыр бойы қалыптасқан ерекше дәстүр – батыршылық дәстүрінің (иниститутының) атрибуттарының бірі ретінде қарастыру – аталмыш мәселенің әлуметтік мәнін, мәдени парқын дендеп саралауға мүмкіндік береді.
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Толығырақ... Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады.
3. Декларация - [ лат. declaratio - мәлімдеу, хабарлау]
Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы);
Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы,БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы);[1]
Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы).[2][3]
жекелеген саяси-заңдық актілердің атауы, олардың мақсаты салтанатты сипат беру, актілердің сәйкес мемлекет тағдырындағы ерекше маңызы бар екендігін атап көрсету;
халықаралық құқықта жақтармен келісілген жалпы принциптер мен мақсаттарды құрайтын салтанатты акт, негізінен міндетті күші болмайды.
