Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ЭКЗАМЕН 3 курс ОМ 2015 каз -Студентам.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Біріншілікті бронхообструкциялық синдромның міндетті түрдегі негізгі көріністері://

бронхтардың тегіс салалы бұлшық еттері тарылуынан тұншығу ұстамалары//

көп мөлшердегі іріңді қақырықтармен жөтелулер//

қақырықта микроорганизмдердің ассоциациясының болуы//

кеуде қуысы қаңқасының деформациясы //

апнейстикалық тыныс

***

55 жыл бойы темекі шеккен науқаста соңғы 12 жылдың ішінде өршіген экспираторлы ентігу пайда болды, кейде алқыну ұстамасы дамиды. Бронхолитикалық терапия тағайындалды, бірақ оның тиімді әсері байқалмады. Бұл://

өкпенің серпімділігінің жоғарылауымен//

тыныс жолдарының ремоделденуімен//

гиповентиляцияның рестриктивті түрінің дамуымен//

мукоцилиарлы тазарудың күшеюімен//

қақырық түзілуінің азаюымен байланысты

***

Бронхиальді обструкцияның қайтымды механизмдері негізделген://

бронх саңылауының стенозына//

бронх саңылауының облитерациясына//

бронх қабырғасының фибропластикалық өзгерісіне//

ұсақ бронхтардың экспираторлық коллапсына//

тыныс жолдарының сілемеймен бітелуі

***

18 жыл бойы шахтада жұмыс істеген науқаста эмфизема белгілері пайда болған. Тексергенде өкпенің қалдық көлемі, өкпенің жалпы көлемі ұлғайған, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, дем алудағы РО және дем шығару кезіндегі РО азайған. Осы спирометрия көрсеткіштері тән://

өкпе тіні созымдылығы мен серпімдігінің бұзылуына //

тыныс жолдарының өткізгіштігінің қиындауына //

өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылуына //

тыныс амплитудасының төмендеуіне //

тыныс орталығының тежелуіне

***

Ұзақ уақыт активті және пассивті түрде темекі тарту осыған әкеледі://

бронхиалық сілемейлі бездердің гипертрофиясына//

бронхтарда сілемейдің жылжуының жылдамдауына//

Т-лимфоциттер белсенділігі жоғарылауына //

кезбе нервінің тонусы төмендеуіне//

реагиндер түзілуі төмендеуіне

***

Өкпенің қалдық көлемінің ұлғаюы, өкпенің жалпы көлемінің қалыпты болуы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының форсирленген көлемінің азаюы, Тиффно индексінің азаюы тыныс жеткіліксіздігінің осы түріне тән://

рестриктивті түріне//

обструктивті түріне//

диффузиялық түріне//

перфузиялық түріне//

орталықты түріне

***

Бронхообструкцияның қайтымсыз бөлігі анықталады://

эмфиземамен//

бронхоспазммен//

тұтқырлығы жоғары сілемейдің жиналуы//

сілемейінің қабаттың ісінуімен//

мукоцилиарлық жеткіліксіздікпен

***

Науқастың өкпесінің желдетулік қызметін тексергенде тыныс шығарудың форсирленген көлемінің 1 секундқа кешігуі, Тиффно индексінің

азаюы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының қалыпты болуы анықталды.Осы көрсеткіштер тән://

пневмонияға//

гидротораксқа//өкпе ателектазына//

бронх демікпесіне//

фибринозды плевритке

***

Науқастың өкпесінің желдетулік қызметін тексергенде минуттық тыныстық көлемнің азаюы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының азаюы, өкпенің жалпы көлемінің азаюы, Тиффно индексінің қалыпты болуы анықталды. Бұл көрсеткіштер тән://

бронх өспелеріне//

өкпе эмфиземасына//

обструктивті бронхитке//

бөліктік пневмонияға//

бронх демікпесіне

***

Өкпе фиброзы немесе ателектазы кезінде диффузияның азаюы осының салдарынан://

диффузиялық арақашықтықтың азаюынан//

альвеолалар өткізгіштігінің азаюынан//

бронхтардың респираторлық аумағының кеңеюінен//

өкпенің өлі кеңістігінің ұлғаюынан//

альвеолярлы-капиллярлы мембрананың қалыңдауынан дамиды

***

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын науқаста тыныштық жағдайда ентігу, жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы пайда болды. Диффузды жылы цианоз, мойын веналарының ісінуі, гепатомегалия байқалды. Эхокардиографияда: оң қарыншаның соңғы диастолалы өлшемі мен қабырғасының қалыңдығы ұлғайған. Бұл көрсеткіштер науқаста келесі патологияның дамуы туралы нақтылайды://

өкпе фиброзының//

өкпе ателектазының//

өкпе эмфиземасының//

өкпелі жүректің//

кардиомиопатияның

***

58 жастағы науқаста семірудің IV дәрежесі. Тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, бірден көзі ілініп кеткенде қорылдауына, тыныштық жағдайда ентігуге шағымданды. ӨТК азайған, ФӨТС1 азайған, Тифно индексі - 85%.Семіру кезінде тыныстың бұзылуын осымен түсіндіруге болады://

диафрагма қимылының азаюымен//

омыртқаның көкірек бөліміндегі кифоздың кішіреюімен//

инспираторлық жағдайда көкірек куысының фиксациясымен//

төстің қимылының күшеюімен//

енжар тыныс шығарудың күшеюімен

***

Алғашқы ателектаздар салдарынан, өкпенің интерстициялық ісінуінен нәрестеде жіті тыныс жеткіліксіздігі жамыған. Сонымен бірге гиалиндік мембраналар пайда болған. Олардың негізінде келесі өзгерістер жатыр://

газдар диффузиясының бұзылыстары//

өкпелік артериялық гипертензия//

сурфактант тапшылығы немесе белсенділігінің төмендеуі//

альвеолалардың беткей тартылысының өсуі//

бронхтар өткізгіштігінің бұзылуы

***

Атипиялық пневмонияның қоздырғыштары://

Legionella//

Moraxella catarrhalis//

Streptococcus pneumoniae//

Staphiloccocus aureus//

Haemophilis influenza

***

Клиникалық-патогенездік принцип бойынша эпидемиялық жағдайды ескере отырып, пневмонияларды жіктегенде келесі пневмонияларды ажыратады://

ілкі//

паразиттік//

нозокомиальді//

абсцестенетін//

іркілген

***

Пневмонияға тән://

өкпелік тіннің деструкциясы//

аяқталмаған фагоцитоз//

альвеолаішілік экссудация//

өкпедегі пролиферациялық қабынуы//

ірі тыныс алу жолдарының зардапталуы

***

Науқас жөтелгенде түсі сары-қоңыр қақырық, тыныс алғанда кеуде қуысының оң жағында ауырсыну пайда болады, ентігу, қызба байқалады. Ауру қауырт басталды. Өкпенің оң төмен бөлігінің проекциясында аускультация жасағанда ылғал, ірі- және ортакөпіршікті сырылдар анықталады. Осы ауру кезінде микроорганизмдердің өкпе тініне енуінің негізгі жолын көрсетіңіз://

инфекцияланған аэрозольдермен дем алу//

қан ағысының бойымен инфекцияның таралуы//

лимфа ағымымен инфекцияның таралуы//

ауызжұтқыншақтан инфекцияланған сөлдің микроаспирациясы//

көрші зардапталған ошақтардан инфекцияның таралуы

***