Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі орнын талдаңыз.

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:

  • атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;

  • атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  • азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;

  • азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.

4.Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін көрсетіңіз.

әкімшілік құқықтың субъектісі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ түлғалар да саналады. Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар және уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алады.

Шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі әр түрлі құқықтық актілермен, соның ішінде Қазакстан Республикасы Конституцясының 12-бабымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, шетел және азаматтығы жоқ түлғалар барлық құқықтар мен бостандықтарға ие және койылған міндеттерді атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқару саласында Қазакстандық және шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің, ортақ үқсастықтарына қарамастан, Қазакстандық азаматтың құқықтары мен міндеттері шетел азаматтарына қарағанда басымырақ.

Ал шетел азаматтарының мемлекеттік басқару сапасында кейбір құқықтары шектеулі. Мәселен, олар әскери міндетін атқармайды, көптеген мемлекет аппаратындағы лауазымды орындарды иемдене алмайды, Қазақстан территориясында еркін көшіп-конуға және саяси мақсатты көздейтін қоғамдық ұйымдар құруға құқықтары жоқ. Сондай-ақ, шетел азаматтарына қазақстандық азаматтарға тән емес, қосымша міндеттер жүктейді. Шетел азаматтары сол жерде тұруға, төл құжаттарын тіркеуге рұқсат алу керек және республика территориясына кірерде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Сонымен бірге Ішкі істер министрлігінен сол елдің территориясында жүріп-тұруға рұксат алуы қажет. Шетел азаматтары да Қазақстан азаматтары сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай- ақ республика территориясында белгілі бір дипломатиялық істермен жүрген шетел азаматтары категориясының әкімшілік және құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен және басқа да қүжықтық актілерімен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]