Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын диплом.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

2.2 Шалқар станциясы

Шалқар қаласы Мұғалжар жотасының шығысында, таулы шөлді далада орналасқан. Рельефі – Орал алды үстіртінің шөлитті даласының жазықтығы. Аймақ солтүстік – шығыстан оңтүстік – батысқа қарай аздап еңкейген. орналасқанГстанциядан 3- 4 километр қашықтықта Үлкен Борсық құмы басталады. Абсолютті биіктігі 170 метр, салыстырмалы биіктігі 2-3 метр. Қаланың оңтүстігінде 9 километр қашықтықта Шалқар көлі бар, оның ауданы 40 шаршы километр, тереңдігі 3 метр. Ағаштар жоқ. Өсімдігі –далалық, дақылды. . Топырағы - жазық – далалық, қарашірікті топырақ.

Метео алаң тегіс жерде орналасқан. Шалқар метеостанциясы, Шалқар қаласының оңтүстігінде 5 километр қашықтықта орналасқан. Метеостанция маңында көпқабатты құрылыс жоқ. Метеоалаңның ауданы 26х26 метр, Нұсқамаға сәйкес стандартты жабдықтар қойылған.

2.3 Аягөз станциясы

Аякөз ауылы Тарбағатай және Шыңғыс-Тай тауларының жоталарынан туындаған шұңқырда орналасқан. Жер Қазақтың ұсақ шоқысы жазық даласына кіреді. Рельеф – толқынды, әлсіз жоталар мен жыралар байқалады. Толқындар ұсақшоқылық сипатқа тән аса биік емес тасты болып келеді. Станция маңынан кішігірім Аягөз өзені ағып өтеді. Мекенде ағаштар жоқ, топырақ беті сирек кездесетін шөлді-далалық өсімдіктермен жабылған. Жердің бір бөлігі ауылшаруашылықпен ауналысады. Топырағы – ашық қызғылт топырақ, кей жерлерде тауға тән ұсақтасты болып келеді.

2000 жылдың 16 шілдесінде станцияны репрезентативті болмауына байланысты орынын ауыстырды. Метестанция қаланың батыс бөлігіне, тегіс, ашық алаңға көшірілді.Аягөз өзені метеостанциядан 1500 метр жерден ағып жатыр. Станциядан 800 метр қашықтықта Аягөз-Баршатас тас жолы өтіп жатыр. Ең жақын құрылыс 50 метр биіктікте 50-150 метр солтүстік-шығыста орналасқан, батыстан 50 метр шығыстан 100 метр қашықтықта жергілікті жердің жолы өтіп жатыр, метеостанция үйі солтүстікте 55 метрде орналасқан. Метеоалаңның ауданы 26х26 метр, жабдықтар Нұсқамаға сәйкес орналасқан.

2.4 Өскемен станциясы

Өскемен қаласы Ертіс және Үлбі өзенднрінің бірігер жерінде орналасқан. Ертіс өзенінің екі жағалауында да орналасқан, Қазақстанның Қалба таулы аймағында орналасқан. Жергілікті жер барлық жағынан таулары мен өзендерімен қоршалған. Шығысында 3-4 километр Иван жотасының батыс жағы өтеді. Бұл жерде теңіз деңгейінен 800 метрден де артық болады. Қала ішінде талдар отырғызылған. Өсімдік жамылғысы алуан түрлі бетегелі. Топырағы – таулы қара топырақ.

Метео алаң ауданы 26Х26 метр, арнайы стандартты құрылғылар орналасқан [24].

3. Батыс және Шығыс Қазақстанда конвективті бұлттылықтың таралу ерекшеліктері

3.1 Конвективті бұлттылықтардың қайталанушылығының тәуліктік және жылдық жүрістері

Конвективті бұлттылықтардың тәуліктік жүрісі температураға байланысты болып келеді. Себебі конвективтілік жер бетінің және ауаның әртүрлі қызуынан дамиды.

Ол өз кезегінде конвективті бұлттылықтың дамуына әкеледі. Ауа салқындаған кезде немесе ылғалдылық азайған кезде конвективті бұлттылықтың дамуы тоқтайды.

Будақ жауын бұлттылығының тәуліктік жүрісі (Сурет 1).

Сурет 1. Будақ жауын бұлттылығының тәуліктік жүрісі

Сурет 1 – ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығының тәуліктік жүрісі станцияларды ұқсас, бірақ Аягөз станциясында ерекшеленіп тұр. Түс ауыған мерзімде максимумына жететінін, түнгі мезгілде минимумына жететіні.

Будақ бұлттылық байқалатын биіктіктерге байланысты олардан құбылстар байқалады.

Суретте Cb бұлттылығының жылдық жүрісі көрсетілген (Сурет 2).

Сурет 2. Cb бұлттылығының жылдық жүрісі

Сурет 2 – ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығының жылдық жүрісі станцияларды ұқсас, жаз айларында максимумына жететінін, қыс айларында минимумына жататыны. Максимум қайталанушылық Өскемен станциясына тән болуын станцияның таулы ауданда орналасуымаен түсіндіре аламыз.

Cu бұлттылығының жылдық жүрісі Cb бұлттылығының жылдық жүрісіне ұқсас деуге болады.

Суретте Cu бұлттылығының жылдық жүрісі көрсетілген (Сурет 3).

Сурет 3. Cu бұлттылығының жылдық жүрісі

Сурет 3-ке сәйкес, будақ бұлттылықтың жылдық жүрісі станцияларды ұқсас, жаз айларында максимумына жететінін, қыс айларында минимумына жататыны. Максимум қайталанушылық Шалқар станциясына тән болуын станцияның жазықты ауданда орналасуымаен түсіндіре аламыз.