Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын диплом.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

3.3 Конвективті бұлттылықтармен байланысты құбылыстардың жылдық жүрісі

Конвективті құбылыстармен байланысты құбылыстарға найзағай, нөсерлі жауын, бұршақ жатады. Олардың жүрісі өз кезегінде конвективті бұлттылықтың жүрісімен тығыз байланысты.

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығымен байланысты нөсерлі жауынның жылдық жүрісі (Сурет 12).

Сурет 12. Графикте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығымен байланысты нөсерлі жауынның жылдық жүрісі

Сурет 12 – ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығымен байланысты нөсерлі жауынның максимум қайталанушылығы қараша айына сәйкес келіп тұр, ол жалпы жауынның максимум түсуі күз айларына сәйкес деген теориямен түсіндіріледі.

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығымен байланысты найзағайдың жылдық жүрісі (Сурет 13).

Сурет 13. Графикте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығымен байланысты найзағайдың жылдық жүрісі

Сурет 13 – ке сәйкес, будақ жауын бұлттылығымен байланысты найзағайдың максимум қайталанушылығы жаз айларына сәйкес келіп тұр, ол конвективті бұлттылықтың максимум қайталанушылығымен сәйкестігімен түсіндіріледі. Минимумы қыс айларына келуі қыста конвекция болмауымен түсіндіріледі.

3.4 Конвективті бұлттылықтың метеошамаларға байланысы

Ауаның жылуы мен салқындауы төселме беткейдiң жылу режимiне бағынатындықтан ауа температурасының тәулiктiк жүрiсi төселме беткейдiң температурасының тәулiктiк жүрiсiмен анықталады. Ауа температурасының (2 метр биiктiкте) минимальдi мәнi күн шығар алдында байқалады. Көкжиектен күн көтерiлген сайын алғашқы 2-3 сағат iшiнде ауа температурасы тез өседi, сосын оның өсуi баяулайды. Ауа температурасының максимальдi мәнi талтүстен 2-3 сағат кейiн (14-15 сағат) орнығады. Одан кейiн температура төмендейдi – алдымен баяу, сосын жылдамырақ. Температура жоғарылаған уақытта ылғалдылық та жеткілікті болса, конвективтілік ары қарай дамиды.

Сондықтан, температурамен қатар конвективтілік үшін ылғалдылық пен жел көрсеткішінің мағызы зор. Ылғалды ауада конденсация процесі жақсы және қарқынды жүреді. Өз кезегінде жел жылдамдығы ауа тасымалының көрсеткіші болады. Негізінен тек жер бетіндегі емес биіктіктердегі жел жылдамдығының да маңызы зор.

Суретте Ақтөбе станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 14).

Сурет 14. Ақтөбе станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 14 – ке сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 13-22 °С аралығы екенін көреміз. Өте төмен және өте жоғары температурада конвективтілік дамымайтынын көреміз ол, булану роцесінің жүрмеуімен және ауаның құрғап кетуімен түсіндіріледі.

Суретте Шалқар станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 15).

Сурет 15. Шалқар станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 15 – ке сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 13-22 °С аралығы екенін көреміз. Ақтөбе станциясындағы жағдайға ұқсас.

Мұнда да, өте төмен және өте жоғары температурада конвективтілік дамымайтынын көреміз ол, булану роцесінің жүрмеуімен және ауаның құрғап кетуімен түсіндіріледі. Екі станцияның мәндері дәл ұқсас болуы, орналасуларымен түсіндіріледі.

Суретте Аягөз станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 16).

Сурет 16. Аягөз станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 16-ға сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 13,1-18,7 °С аралығы екенін көреміз.

Суретте Өскемен станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 17).

Сурет 17. Өскемен станциясындағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 17-ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 20-26,6 °С аралығы екенін көреміз.

Яғни басқа станциялармен салыстырғанда жоғарырақ.

Суретте Ақтөбе станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері (сурет 18).

Сурет 18. Ақтөбе станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 18 –ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 21,8-31,5 °С аралығы екенін көреміз.

Және будақ бұлттылық үшін қажетті температура будақ жауын бұлттылығы үшін керек температурадан жоғары екенін көреміз.

Бұл будақ жауын бұлттылығына қажетті су қорың қажеттілігімен түсіндіріледі.

Суретте Шалқар станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 19).

Сурет 19. Шалқар станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 19-ға сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 23,6-29,3 °С аралығы екенін көреміз. Будақ бұлттылықтың қайталанушылығы салыстырмалы түрде будақ жауын бұлтының қайталанушылығы жоғары температурадан жоғары екенін көреміз. Ол бұл бұлттылықтың аз булануды қажет етуімен түсіндіріледі.

Суретте Аягөз станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 20).

Сурет 20. Аягөз станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 20 – ға сәйкес, будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 14,3 - 20 °С аралығы екенін көреміз.

Суретте Өскемен станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері (Сурет 21).

Сурет 21. Өскемен станциясындағы будақ бұлттылық байқалған кездегі температураның мәндері

Сурет 21 – ге сәйкес будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі температураның мәндері 20,7-26,9 °С аралығы екенін көреміз.

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ бұлттылық байқалған кездегі ылғалдылық мәндері (Сурет 22).

Сурет 22. Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ бұлттылық байқалған кездегі ылғалдылық мәндері

Сурет 22 – ге сәйкес, будақ жауын бұлттылығының максимум қайталанушылығы ылғалдылық 20-40 % болған кездегі аралық екенін көреміз.

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі ылғалдылық мәндері (Сурет 23).

Сурет 23. Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі ылғалдылық мәндері

Сурет 23-ке сәйкес, будақ жауын бұлттылығының максимум қайталанушылығы ылғалдылық 70-90 % болған кездегі аралық екенін көреміз.

Яғни екі бұлттылықты салыстырсақ будақ жауын бұлттылығы үшін жоғары ылғалдылық қажет болса, будақ бұлттылық аз ылғалдылықта пайда болады және ылғалдылық өскен сайын оның ары қарай дамуы будақ жауын бұлтының дамуына алып келеді. Және осындай заңдылық барлық алынған төрт станцияда бірдей байқалып тұр.

Cb байқалған кездегіжел жылдамдығы

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі жел жылдамдығының мәндері (Сурет 24).

Сурет 24. Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ жауын бұлттылығы байқалған кездегі жел жылдамдығының мәндері

Сурет 24-ке сәйкес, будақ жауын бұлттылығының максимум қайталанушылығы жел жылдамдығы 0-3 м/с кездегі аралық екенін көреміз.

Суретте Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ бұлттылық байқалған кездегі жел жылдамдығының мәндері (Сурет 25).

Сурет 25. Батыс және Шығыс Қазақстандағы будақ бұлттылық байқалған кездегі жел жылдамдығының мәндері

Сурет 25 көрсеткендей будақ бұлттылықтың максимум қайталанушылығы жел жылдамдығы 0-3 м/с кездегі аралық екенін көреміз.