- •1. Әдебиетке шолу
- •2.2 Шалқар станциясы
- •3.2 Конвективті бұлттылықтардың төменгі шекараларының қайталану биіктіктері
- •3.3 Конвективті бұлттылықтармен байланысты құбылыстардың жылдық жүрісі
- •3.4 Конвективті бұлттылықтың метеошамаларға байланысы
- •4. Статистикалық сипаттамалар
- •Сурет 26. Конвективті бұлттықықтың жылдар бойынша таралуы
- •2005 Жыл 19 шілдедегі сағат 00-дегі аэрологиялық зондылау мәліметтері бойынша конвекция парметлері
Сурет 26. Конвективті бұлттықықтың жылдар бойынша таралуы
Сурет 26 – ға сәйкес, жылдар бойынша бұлттылық таралуы қалыпты болғанын көреміз.
5. Аэросиноптикалық сипаттама
2005 жыл 18 шілдеде сағат 00 - Кольцовка картасынан (Сурет А.1.) Каспийдің солтүстігінде орналасқан циклонды көреміз, орталығы Балқаштың солтүстігінен жоғары жатқан антиіиклонды көреміз, солтүстіктен келіп жатқан арктикалық ауа массаларын көреміз, және Қазақстан территориямынан түгел өтіп жатқан фронтты көреміз, Ақтөбе станциясының солтүстігінен фронт толқынын байқаймыз. 850 гПа деңгей картасынан (Сурет А.2.) жер бетінде байқалған қысым орталықтарының орталықтары сақталғанын және жинақталғанын көреміз, ағындардың конвергенциясын көреміз. 700 гПа деңгей картасынан (Сурет А.3.) биіктікте антициклон орталығының жинақталғандығын және орталығы Ақтөбе станциясына сәйкес келгенін, ондағы қысым мәні 313 гПа болғанын көреміз. Жел жылдамдығының 10 м/сек жоғарылағанын көреміз. 500 гПа биіктік картасындағы (Сурет А.4.) ауа ағындарын да ескере отырып, солтүстіктен қарқынды ену болып жатпағанын, оңтүстікте ауа тасымалы болып жатқанын көреміз. ОТ500/1000 картасынан (Сурет А.5.) да жылы ауаның каспийдің оңтүстігінен шығып солтүстікке тасымалданып жатқанын ескеріп, осы күні ауанің оңтүстіктен тасымалдануынан фронттың әсерінсіз масса ішілік конвекция дамып, соның салдарынан аумақта нөсерлі жауын түскенін көреміз.
2005 жыл 19 шілдеде сағат 00 -де Кольцовка картасынан (Сурет Б.1.) кешегі күні байқалған циклонның солтүстік-батыс, антициклонның солтүстік шығыс бағытта жылжуын байқаймыз. 850 гПа деңгей картасынан (Сурет Б.2.) да антициклон орталығы солтүстік-шығысқа қарай жылжығанын, ал циклон жырасы солтүстік-батыс бағытқа жылжығанын көреміз. Станция маңынан өтіп жатқан фронттарды көреміз. Изосызықтардың сиренгенін көреміз. 700 гПа картасынан (Сурет Б.3.) станция маңында антициклон орталығы орналасқанын көреміз. Оңтүстіктен бағытталған ауа ағындарын көреміз. 500 гПа картасынан да (Сурет Б.4.) оңтүстіктен бағытталған ауа ағынын байқаймыз. ОТ500/1000 картасы да (Сурет Б.5.) каспийдің оңтүстігінен бағытталған жылы ауаны көрсетіп тұр. Яғни оңтүстіктен бағытталған жылы ауаның Мұғалжар тауларына тірелуінен осы аймақта ауа тұрақсыздығы, мәжбүрлі конвекция дамып, 12 мм нөсерлі жауын түсіп, найзағай байқалған.
2005 жыл 20 шілдеде сағат 00 -де Кольцовка картасынан (Сурет В.1.) тұрақталып қалған қысым орталықтарын көреміз. Және фронттарды көреміз. 850 гПа картасынан (Сурет В.2.) Каспийдің солтүстігінен жылжыған циклонды және орталыға арал маңында қалыптасқан циклонды, оған сәйкес фронт толқынын көреміз. Және орлағаы жинақталған солтүстік Қазақстанға сәйкес келіп тұрған антициклонды көреміз. Ақтөбе станциясы мағынан оклюзия фронтын байқаймыз.
700 гПа (Сурет В.3.), 500 гПа (Сурет В.4.), ОТ500/1000 (Сурет В.5.) карталарынан оңтүстіктен бағытталған жылы ауаның сирегенін, солтүстіктен бағытталған ауалардың айқындалғанын көреміз және осы жердегі ауа массаларының араласуынан болған оклюзия фронтынан болған конвективтілікті және одан түскен нөсерлі жауынды көреміз.
Аэрологиялық диаграмманы талдауға келетін болсақ, 18 күнгі биіктік мәліметтерінен теріс және айырмашылықсыз тұрақсыз аймақтар болғанын байқаймыз. Және изотермия және инверсия қабаттары, яғни тежеуіш қабаттар байқалмаған, конвекцияың дамуына жағдай бар. 19 күнгі аэрологиялық диаграмма бойынша оң таңбалы тұрақсыз аймақ байқалғанын және -20 °С изотерма осы аймаққа кіріп жатқанын көреміз. Яғни найзағай байқалуына жағдай бар. Конвекция деңгейі тропапауза қабатына дейін жеткенін көреміз. 20 күнгі аэрологиялық диаграммадан оң таңбалы тұрақсыз аумақтың кішірейгенін, сәйкесінше конвекцияның жоғарғы шекарасының азайғанын, ол бойынша 20 °С изотерманың оның сыртында қалғанын, найзағай түспей тек нөсерлі жауын байқалғанын көрсетті [24].
Кестеде 2005 жылғы шілденің 19-да сағат 00-дегі аэрологиялық зондылау мәліметтері бойынша конвекция парметлері көрсетілген (Кесте 5).
Кесте 5
