Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAKROPREPARAT_OBSch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
812 Кб
Скачать
☆

5. Жүректің қоңыр атрофиясы

А. Пат.процестің анықтамасы. Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.

Б. Этиологиясы –

Жүрек бұлшықетіне физиологиялық және патологиялық жүктеме түскенде; Дұрыс емес және құнарсыз тамақтану; Жүрек бұлшықетінде зат алмасудың бұзылыстары; Жүрекке артық физикалық ауырлық тұскенде; Мүшенің қызметі әлсірегенде; Мүшені қоректендіретін қан тамырлары тарылғанда; Қысым түскенде;импулья өткізгіштері үзіліп, мүше мен жүйкелік жүйе арасындағы байланыс тоқтағанда; Физикалық және химиялық факторлардвн;

С. Жіктелуі:

Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.

Патологиялық атрофия жалпы және жергілікті болып бөлінеді

Д. Макроскопиялық белгісі:

.

 Макропрепарат. Жүректің қоңыр атрофиясы. Жүректің көлемі мен салмағының азаюы; консистенциясы тығыз; түсі сарғыш және қоңыр түсті; аралас дистрофия липидогендік пигмент алмасуының бұзылуы; эпикардта майлы тіннің жоқтығы; миокардтың қоңыр түске боялуы ( липофусциноз)

(препарат Н.О. Крюкова)

Е. Асқынулары:

Липофусциноз дамиды.

Ж. Нәтижесі:

Жүрек атрофиясы өршіп, массасы кішірейеді.

6. Өтте тас байлану

А. Пат.процестің анықтамасы. Өтте тас байлану, холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады.

Б. Этиологиясы –

Өт шығатын жолының дискинезиясы; қабынуы;

өт жолдарының бітелуі (мех.сарғаю);

С. Жіктелуі:

Тастардың барлығының негізгі екі тобын: холестеринді және пигментті түрлерін ажыратады. Холестеринді – бұл, негізі холестериннен тұратын, ал пигментті – билирубин және оның полимерлерінен тұратын тастар. Тастардың құрылысы олардың құрамына байланысты. Холестеринді тастар дөңгеленген түрде болады. Тастың көлденең кесіндісінен шеткері бөліктерінде орналасқан радиалды жолақтануды көруге болады, себебі холестерин шеткері радиальды жолақтар түрінде, пигмент және кальций тұздарының айқын көрінетін кристалдарын (холестерин-пигмент-әк тастары) түзеді. Пигментті тастар – бұл, гомогенді, қатты, сын-ғыш, қара түсті тастар. Көп жағдайда олар қырлы болады, және көптеп кездеседі. Кальций тастары әдетте ақшыл-қоңыр немесе қошқыл-қоңыр түсті, кальций карбонатынан тұратын тастар. Жиі олардың тікеншелер тәрізді өсінділері болады.

Д, Макроскопиялық көрінісі.

Өт қапшығы үлкейген; қабырғасы қалыңдаған; қуысында, беткей тегіс; фасеттелген тастар қалыптасқан. Саны көп; Өлшемі: дәннен – жұмыртқаға

Түрлері:

  1. Холестериндік – 15-18мм – 4 см дейін домалақ өтқуықта орналасқан, үгілетін, сары-жасыл түсті коллоид.

  2. Билирубиндік – түсі қою қоңыр, қара, 10мм, саны бірнеше, өтқуық және өт жолында.

  3. Ізбестелген – са тұрады, өтқуық қаб, ақшыл-қоңыр, қошқыл қоңыр, тікенше тәрізді өсіндісі болады, қатты.

Е. Асқынуы:

Өт жолдарының бітелуі – мех.сарғаю

Өт қапшығының жауыры, жыланкөздер, гангренасы, жарылуы мүмкін.

Ж. Нәтижесі:

Тастың қысымынан жатқан жерінің тіндері( бүйрек түбегі, зәр жолдары, өт қабы мен өт жолдары, бүйен өсіндісі) өліп, жауыр (пролежНь) қалыптасады, тесіледі, жыланкөз пайда болады, Тас қуысты мүшелер (пиелоцистит, холецистит) мен өзектердің (холангит, холангиолит) қабынуына себеп болады. Секрет дұрыс шығарылмаса, жалпы (мысалы, өт жолдарын бітесе, сарғаю) немесе жергілікті (зәр жолдарын бітесе, гидронефроз) ауыр зардаптары байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]