Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAKROPREPARAT_OBSch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
812 Кб
Скачать
☆

9. Өкпе артериясының тромбэмболиясы

1.Анықтама:өкпе артериясының атеросклерозында, өкпелік гипертензияға байланысты дамыған оң қарынша жетіспеушілігінде көрінеді.

2.Этиологиясы: жүректің созылмалы аурулары, қатерлі ісіктердің болуы, әртүрлі инфекциялық аурулар, ауыр операциялар, терінің көлемді күюі себеп бола алады.

3.Макроскопиялық белгілері: Әдетте тромб аяқтың тереңдігі веналарында, жамбас веналарында түзіледі. Ауру ұзақ уақыт әрекетсіз жатқанда тромбтар вена тамырларыныңішінде қалқып тұрады немесе оның қабырғасымен өте әлсіз байланыста болады. Осы тромбтар кез келген уақытта орнынан жылжып кетіп жүректің оң қарыншасынан өкпе артериясының бағанасына түседі. Егер тромбоэмбол өте үлкен болса, ол өкпе артериясының айырығын бітеп тастайды. Бұл жағдайда ауру кенеттен өліп қалады.

4.Асқынуы: өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбылы эмболиясы өкпеде геморрагиялы инфаркт дамытса, ірі тармақтарындағы тромбылы эмболия кенет өлімге себеп болады.

5.Нәтижесі: өлім, плеврит, рецидив, өкпе инфаркты, тыныстық жеткіліксіздік.

10. Атересклероз кезіндегі қолқадағы қабырғалық тромб.

1.Пат. процестің анықтамасы: Қолқа қабырғасына атересклероз кезінде ТТЛП, холестерин және Са2+ иондарының жиналуы.

2. Этиологиясы:

  • Аорта қабырғасының жарақаттанудан кейінгі зақымдануы

  • Гиперлипидемия

  • Холестеринемия

  • Артериялық гипертензия

  • Қантты диабет

  • Жүйке жүйесі бұзылыстары

3. Жіктелуі:

  • Ақ (тромбоцит,фибрин,лейкоцит) баяу артерияда;

  • Қызыл (эритроцит) тез венада;

  • Аралас ;

  • Гиалинді (гиалин құрамында болады)-ең майда тамырларда болады;

4. Макроскопиялық белгілері: Пішіні-өзгерген, көлемі-ұлғайған, консистенциясы-тығыз, түсі-қызғыш сары.

5.Асқынуы: Тромбоэмболия, инфаркт, ишимия, некроз, склероз

6.Нәтижесі: Қолайсыз, Фиброзды төмпешік п.б, калцификация, яғни қан тамыр қатаюы,

11. Аяқ гангренасы

1.Пат. процестің анықтамасы: Гангрена – сыртқы ортамен тікелей қатынасы бар ағзаларда(өкпе, ішекте, теріде) дамитын некроз түрі.

2. Этиологиясы:

  • Қанмен қамтамасыз ету бұзылысы (Атеросклероз, кант диабеті)

  • Инфекциялар асерінде(бактерия, микроб)

  • Физикалық және химиялық әсерлер(күю, қатаю)

3. Жіктелуі: құрғақ және газды

4.Макроскопиялық белгілері: Түсі қарайған, көлемі өзгермеген

5. Асқынуы: Амплутация

6.Нәтижесі: оның жетілу дәрежесіне байланысты

16. Милиарлы өкпе туберкулезі.

Өкпе туберкулезі жергілікті ошақта жалпы инфекциялық аурулардың салдарынан туберкулез микобактериясымен зақымдалуы.

Этиологиясы: инфекциялық туберкулез микобактериясы және микобактерияның организмге енип ағза мен тіндерде милиарлы туберкулез ошақтары пайда болады.

Өкпе туберкулезінің бірнеше формалары кездесуі мүмкін

  • біріншілікті туберкулез кешені (пневманиялық туберкулезды ошақ + лимфангит, лимфаденит )

  • туберкулезды бронхоаденит

  • Туберкулездың жайылуына дәрежесіне қарай ақыры

  • Патогенезі: консистенсиясы тығыз, түсі қою қызыл, устінде тілік диффузды жолмен тараған ошақтарда сұр түсті ошақтар анықталады. Морфологиялық 3 нұсқасы бар: гранулемалы, серозды фибринді, казеозды

  • Ақыры:

  • Қолайлы өкпенің тұрақты инфиземасы, жүректің оң жақ бөлігіңнің қызметінің нашарлауы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.

  • Қолайсыз өкпе жеткіліксіздігінен қаза болу.

17.Бас миының солитарлы гуммасы.– Мидағы ірі гумма. Синонимдері: Нейросифилис – нерв жүйесінің мерез кезіндегі зақымдануы.Ми ішілік эндартериит және эндофлебит. Классификациясы: Патологиялық процестің жергіліктенуіне орай нейросифилистің мынадай формалары бар:: I. Бастапқы  мезенхималды формалары: Асимптомды нейросифилис. Сифилистік менингит. Менинговаскулярлы сифилис. Нерв жүйесінің гуммозды түрі.Мидағы ірі гумма.(Солярная гумма головного ) II. Кеш паренхиматозды  формалары: Жұлындық сему (tabes dorsalis). Үдемелі салдану Этиологиясы:Қоздырғышы – боз трепонема.Ол адамда мерез(сифилис) ауруын тудырады. Вирусты жұқтырғаннан кейін шамамен аурулардың 1/3-де бірнеше жылдан соң мерездің үшінші сатысы – осы гуммозды түрі  дамиды.

Патологиясы: Нерв жүйесінің гуммозды түрі. Макроскопиялық көрінісінде - әртүрлі көлемдегі гуммалар ми жарты шарларының бетінде, мишықта, жұмсақ ми қабықшаларында орналасады Микроскопиялық көрінісінде – некрозды қоршаған лимфоциттер, плазмоциттер, фибробласттар капсулаға ұқсас дәнекер тін түзе орналасады. Қан тамырлы зақымданулары мерездік, облитерациялық эндартерииттің және эндофлебиттің дамуымен сипатталады Үдемелі салдану – мерездің кеш белгілеріне жатады

Макроскопиялық көрінісі – ми массасының азаюы, иірімдердің жұқаруы, қыртыс асты түйіндердің және мишықтың атрофиясы

Микроскопиялық көрінісі – нерв жасушаларының дистрофиясы және некрозы, демиелинизациясы, ми тінінің архитектоникасының бұзылуы, глияның пролиферациясы.   Жұлындық сему – жұлынды зақымдай жүретін мерездің кеш белгісі. Жұлынның жоғарғы бел бөлігінің, сына тәрізді талшықтардың, жұлынның артқы өзекшелері жасушаларының дистрофиясы және некробиозы

Асқынуы: мишықтың атрофиясы ,жұлынның атрофиясы және Жұлынның артқы өзекшелерінің демиелинизациясы және бүрісуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]