Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277 Кб
Скачать
☆

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: әртүрлі доптар, қағаз, жұмыс дәптері, жай қарындаш, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамалдар.

балалар үшін: қағаз, жұмыс дәптері, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Балалардың жұмыс орны, материалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі. Педагог балаларға доп туралы жұмбақ жасырады, жұмбақтың дұрыс жауабын тапқаннан кейін, балаларға доп туралы өлең, тақпақтар айтқызу. Олардан қандай ойын түрлерін білетіндігі сұралады. Осы ойындардың қайсысында доп қолданылатындығы анықталады. Педагог балалрдың қолдарына әр түрлі доп беріп, «Түрлі доптар» дидактикалық ойыны ойналады. Балалар қолындығы доптың түсін, көлемін айтады, келесі бала өзінің қолындағы жопқа сипаттама береді. Осылайша доптардың көлемі, түсін айтып, олардың әртүрлі болатынын айқындайды.

Сергіту сәті:

Оң қоллымды алға,

Сосын оны артқа,

Сосын қайра алға

Кішкене оны сілкейміз

Біз билейміз буги- буги

Айналамыз шеңбер

Шапалақта соқ-соқ.

Педагог бүгінгі сабақта доптың суретін салатындықтарын хабарлайды. Содан соң балалар жұмыс дәперін ашып, сурет салу кезеңдерінің орындалу ретімен танысады. Сурет салу ретін мұғалім балаларға өзі түсіндіре отырып көрсетіп береді.

  • Гуашьтың аздаған мөлшерін алып, сумен араластырамыз;

  • Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз;

  • Контурдың ішін бояймыз;

  • Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі түспен бояймыз.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Жұмбақтың шешімін табады

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Сурет салу ретімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Сабақ соңында мұғалім олардың жұмысын балалармен бірге талқылап, өз кеңесін береді. Сабақтың қорытындысы шығарылады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Қанқыз

Сабақтың мақсаты: сәндік – сұлба бейнелеудің орындылу тәсілін үйрету; шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру; бақылағыштығын, қиялын дамыту.