Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277 Кб
Скачать
☆

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: қар жамылған үйлердің суреттер, түрлі қылқаламдар, түрлі түсті гуашь, су құйылған ыдыс, қарындаш, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, қарындаштар, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог жылдың қыс мезгілі туралы өлең оқып беріп, балалардан өлеңнің мағынасынан түсінгендерін сұрайды. Қарлы қыс, аязды күндер, су бетіне қатқан мұздар бейнеленген мазмұнды суреттерге шолу жасату. Суреттегі қар жамылған үйлерге баса назар аудартып, мұқият қарауларын ұсыну. Қар жамылған үйдің көрінісін қалай салуға болатынын, қардың түсінің қандай екенін айту.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта, шапалақ

Жоғары- төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог қағазға суреттің салу жолын көрсетеді, мұқият қарап ұғып алуларын ескереді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.

Педагог балалардың жұмыстарын қарайды, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектеседі.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Керекті құралдармен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Сабақ соңында балалардың жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Аязата мен Ақшақар

Сабақтың мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашылығын дамыту.

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: Аязатаның суреті, дайын мүсінделген жұмыс үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог Жаңа жыл қандай мереке екенін, Жаңа жыл мерекесіне кімдер келетінін балалардан сұрайды. Содан кейін балалардан Жаңа жыл туралы ән айтуды сұрайды. Балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты қонағы – Аязатаны ермексаздан мүсіндейтіндерін айтады.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта, шапалақ

Жоғары- төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог ермексаздан жұмыстың жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындалуын түсіндіреді.

  • Көк, ақ және қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

  • Көк ермексазды бөліктерге бөліп, үлкен цилиндрден денесін, кішілеу екі цилиндрден қолдарын, домалақтап бас киімін мүсіндейміз.

  • Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне кеьтіреміз. Денесінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.

  • Домалақ көк ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Домалақты конус пішініне келтіреміз де, төбе бөлігін аздап дөңестеп, тегістейміз.

  • Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, бес шұжық пішін мүсіндейміз, аздаған бөлігін мұрты мен сақалына және бетінің ұсақ бөлшектеріне қалдырамыз.

  • Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақтап мұрнын жасаймыз.

Толық мүсінді құрастырамыз:

  • Денесіне басын біріктіреміз;

  • Басына бөрігі мен мұрнын орналастырамыз;

  • Ақ ермексазды ширатып, Аязатаның тоны мен бөрігін сәндейміз;

  • Ширатылған ақ ермексаздан сақалы мен мұртының пішінін келтіріп, басына орналастырамыз.

  • Шидің көмегімен Аязатаның көзін саламыз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіннің орындалу ретіне қарап, Аязатаны жасайды.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Сұраққа жауап береді.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Керекті құралдармен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Педагог ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өтеді, мадақтайды.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Портрет

Сабақтың мақсаты: бедерлі мүсіндеуде адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерді бере білу; әртүрлі тәсілмен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін арттыру.