- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ғарыш айлағы. (космодром). Ұжымдық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Мазмұнды композиция құру, құрастырмалы және аралас (конструктивті, комбинированный) әдіс-тәсілдермен белгілі бір затты мүсіндей білуді жалғастыру. Ғарыш кемесін мүсіндеу үшін цилиндр тәрізді пішіндерді пайдалану оны толықтыру және спутник жасау үшін шар тәрізді пішіндермен толықтыру, қосымша материалдар пайдалану (стакан, киндер-сюрприз қорабы, тығындар т.б)
Қажетті құралдар: Космос аппараттарының суреттері, иллюстрациялы көркем суреттер, түрлі түсті ермексаз, таяқшалар, қораптар, қақпақтар, түтіктер, түрлі түсті қағаздар, мата, фольга қағаз, түйме, жіптер.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламын |
Балалар бір-бірін көргендеріне қуанады |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші иллюстрациялы суреттер көрсете отырып ғарыш айлағы жайында әңгімелеп, космос әлемі туралы балалардың ой қорытындылауына жағдай жасайды. Осындай космодромнан ұшатын "әуе кемелері" мен оның қондырғылары, спутниктер, станциялар т.б. Суреттен көргендерін мүсіндеуді ұсынады. Тәрбиеші негізгі пішіндерді жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Шардан спутник жасау цилиндрден - зымыран жасауға болатынын түсіндіреді. Шарды саусақтарымен (қарындашпен, фломастердің қақпағымен) басын немесе бөлек есіп жасап жабыстырып, спутник бейнесінің ерекше белгілерін анықтап көрсетеді. Зымыранның сыртқы пішінін жасау үшін цилиндр тәрізді ермексазды есіп алып, оның бір жақ бөлігін алақан арасына салып, конус бейнесіне келтіреміз. Оның жеке бөліктерін толықтырамыз. Цилиндр тәрізді пішіндерден жалпақтап, үшкірлеп жасалған "қанаттарын" зымыранның негізгі бөлігіне жабыстырып, берік етіп бекітеміз. Саусақтармен басып тегістейміз. Сергіту сәті: Бип,бип,бип дейді, Жолдан былай кет дейді. Алға қарай ұмтылмай, Машинадан қаш дейді Балалардың өз бетінше жұмыстары. - Балаларға қосымша материалдарды пайдаланып, ұсынылған тақырыпты күрделендіре мазмұн беріп жұмыс жасауларына, өз бетінше дербес әрекет етуге мүмкіндік ж ас алады. Мысалы: түтіктер мен таяқшаларды антенна жасауға пайдалану көк дақтар мен түймелерді иллюминаторға және корпусын безендіруге, түрлі түсті қағаздар немесе матаны ұшқан кездегі отты бейнелеуге пайдалануға болады. Олар өздерінің жұмыстарын фото суреттермен, сызбалар, эскиздермен салыстырып көреді. Барлық балалардың жасаған жұмыстары үлкен қатырма қағазға немесе үстел үстіне қойылып, ''ғарыш айлағын" (космодром) құрап, мазмұн бере орналастырылады.
|
Балалар суреттерді тамашалайды
Сурет жайында әңгімелеседі
Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен танысады
Сергіту сәтін жасайды
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды
Жасаған жұмыстарын үстел үстіне қояды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалардың жұмыстарын талдау
|
Балаларды мадақтау |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
