Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мүсіндеу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Жалт-жұлт еткен балықтар.

Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуде рельефтік мүсіндеумен таныстыра отырып, балықтардың әр түрлі көлемдегі түрлерін жасау әдісімен таныстыру.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз немесе тұзбен иленген қамыр, бояулар (глина), стек, керамикалық плитка.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз

Балалар бір-бірімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Сабақты кітаптағы немесе аквариумдағы тірі балықты көруден бастауға болады. A.C. Пушкиннің "Балықшы мен алтын балық" ертегісін еске түсіруге болады. Аквариумнан көре отырып, әдемі балықтар мүсіндейді. Балаларға қандай әдістерді қолдануға болатынын айту.

Сергіту сәті:

Екі қолды жоғары,

Сел көтерсек болады.

Енді оны бөгелмей,

Түсірейік төменге

Міне, былай

Қарайық,

Құстай қанат қағайық

1,2, 1,2,

Жаттығайық бір келкі

Қайталайық тағы да,

Қимылыңнан жаңылма.

Бүгілмесін қолдарың,

Жылдам-жылдам қозғағын

Міне, былай,

Қарайық,

Құстай қанат қағайық

1,2, 1,2,

Жаттығайық бір келкі.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Әшекейлеудің әр түрін қолдана отырып, ермексаздын бірнеше түстерін пайдаланып, мүсіндердің күрделі оюларын салу.

Балалар балықтардың түрлерімен танысады суреттерін көреді

Ертегіні тыныш отырып тыңдайды

Аквариумдағы балықтарды жақыннан тамашалайды

Сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетінше жұыстарын жасайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмысын талдау

Балаларды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ермексаздар спектаклі. (ұжымдық жұмыс).

Сабақтың мақсаты: Балалардың мазмұнды мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру мазмұнды өз еркімен ойлап, оны өздігінен құрастыра білу дағдысын қалыптастыру кейіпкерлердің ерекше сипатын көрсете білуді үйрету.

Қажетті құралдар: ермексаз, стек, қосымша материалдар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар бір-бірін көріп қуанады

Ұйымдастыру

- іздестіру

Сабақтың барысы: Алдын ала И.А. Крыловтың "Квартетімен" таныстыру. Балалардың назарын батырлардың мінезіне, олардың түр-түсіне аудару. Сабақты әңгімеден бастауға болады.

- Мысал дегеніміз не?

- Қандай мысалдарды білесіңдер?

- Мысал спектакльге ұқсай ма?

- қандай жануарлар музыкант болғылары келеді? Олардың мінездері туралы не айтуға болады?

Жауаптар тыңдалғаннан кейін тәрбиеші балаларға И.А.Крыловтың "квартет" мысалы бойынша ерекше ермексазды спектакль дайындап, кейіпкерлерді мүсіндеп, қойылымды ата-аналарға көрсетуді ұсынады.

Жұмыстың мөлшері балалардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай бөлінеді. Тәрбиеші мүсіннің масштабын анықтап алуға кеңес береді.

Кейіпкерлер: Тентек Маймыл, Есек, Ешкі, Маймақ Мишка, Бұлбұл.

Музыкалық аспаптар: екі скрипка, виолончель, қыл керілген шыбығымен альт. Балалардың қалауынша мысалда аталмаған бақа, қоян, кірпі, кесіртке және басқа да жануарларды мүсіндеуге болады.

Сергіту сәті:

«Тиым салған сөздер» ойыны

Тәрбиеші «Үйшік» ертегісін әңгімелеп береді. «Үйшік», «тышқан», «бақа», «қоян», «қасқыр», «түлкі», «аю» сөздері айтылмайды. Орнына ыммен көрсетеді. «Үйшік» екі рет қол соғу,бақа-ква-ква, тышқан тик-пик, қоян секіру, түлкі бұлғақтау, қасқыр ырылдау, аю қорбаңдау қимылдары.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар әңгімелесе отырып тақтадағы суреттерлі тамашалайды

Мүсіндеудуің әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалар сергіту сәтін қимылдармен жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмысын талдау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы