- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Демікпелік күй (status)
Демікпелік күй – қатарынан үш рет ингаляция жасаудан және әдетте кеңірдекшелерді нәтижелі кеңітетін дәрілер (β2-адреномиметиктер т.б.) қабылдаудан жойылмайтын бронхиалық демікпенің және сыртқы тыныстың обструкциялық бұзылыстарының ушығуы. Ол бронхиалық демікпенің ұзаққа созылған ұстамасы емес. Демікпелік күй, бронхиалық демікпенің ғана емес, обструкциялық сүлде бронхиттің, өкпе эмфиземасының, пневмосклероздың т.б. өкпенің сүлде ауруларының ушығуы. Жиірек ол бронхиалық демікпенің, өңештің рефлюкстік қабынуының, обструкциялық сүлде бронхиттің ушығуы нәтижесінде байқалады.
Демікпелік күй кезінде дамитын жіті тыныс жеткіліксіздігі өкпе ұяшықтарының желдетілуі бұзылыстарын үдетіп, ұяшықтардың желдетілуі мен перфузиясының (Va/Q) арақатынасы қатты бүліністерінен артериалық гипоксемия дамытып адамның өліміне жиі әкеледі.
Бронхиалық демікпе дамуының негізгі тізбегі болып иммундық-дерттік тетіктер есептеледі (жоғарыда атопиялық демікпені қараңыз). Бұл аурумен сырқаттанатын адамдарда ұзаққа созылған бронхоспазм болуынан бронхиалық демікпе ушығады немесе демікпелік жағдай дамиды.
Бронхиалық демікпенің иммундық-дерттік тізбегін зерттеу кезінде демікпелік жағдай дамуын туындататын иммундық-дерттік серпілістердің кешіккен кезеңін ажыратуға болады. Кешіккен кезең серпілісі иммундық жүйенің аллергенмен өзара әрекетесуінен әсерленген нейтрофилдерден гистамин босап шығуынан пайда болады. Бұл кезде гистаминнің көбеюі лаброциттер мен базофилдердің түйіршіксізденуі нәтижесінде де арта түседі. Дереу дамитын жоғары сезімталдық кезінде D2-простагландині өндірілетін болса, кешіккен кезең серпілісі кезінде оның өндірілуі болмайды. Бұл серпіліс суық температураның, вирустардың, дем алатын ауада көп озон болуының т.б. әсерлерінен дамиды. Бұлар бронхиалық демікпемен ауыратын адамдардың кеңірдекшелерінде қабынуға жауапты жасушалардың рецепторларын (G-нәруыздарын) әсерлендіреді.
Әдетте бронхиалық демікпе аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық (реагиндік) 1-түрімен дамиды. Бұл кезде аллерген мен лаброциттердің бетіне жабысқан IgE әрекеттесуінен олардан анафилаксияның ұсақ молекулалы медиаторлары (гистамин, серотонин, эозинофилдердің хемотаксистік факторы және біршама ферменттер) босап шығуы нәтижесінде бронхиолалардың жиырылуы және эпителий жасушаларынан көптеп шырыш бөлінуі өкпе ұяшықтарының желдетілуін азайтады.
Дегенмен, бронхиалық демікпемен ауыратын адамдардың көпшілігінде бұл ауру анафилаксияға ұқсас серпілістерден (жалған аллергиядан) дамиды. Бұл кезде, IgE мен аллергенің өзара әрекеттесуі болмай-ақ, анафилаксияның медиаторлары иммундық емес ықпалдардың әсерлерінен босап шығады. Мәселен, қабыну туындататын флогогендердің, бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілердің, рентгенайқындағыш заттардың лаброциттерге әсерлерінен жоғарыда көрсетілген медиаторлар көптеп бөлінеді. Бронхиалық демікпемен сырқат-танатын науқастардың барлығына тән құбылыс болып кеңірдекшелердің тегіс салалы еттерінің спазм туындататын заттарға бейспецификалық сезімталдығы жоғары болуы есептеледі. Сондықтан бұл науқастарда кеңірдекшелерді жиыратын заттардың (гистаминнің т.б.) сау адамдарда әсер етпейтін мөлшерлеріне жауап ретінде бронхоспазм дамиды. Сол себепті тұрғындарды зерттегенде кеңірдекшелердің осындай ерекшелігі бар адамдарды бронхиалық демікпе дамуына бейім адамдар қатарына жатқызу керек немесе оны ауру алды жағдай ретінде қарау қажет.
Бронхиалық демікпенің даму жолдарында β2-адренорецепторлардың сезімталдығы төмендеуі маңызды болады. Бірақ ол бұл аурудың ұстамасын емдеу үшін β2-адреномиметиктерді ұзақ пайдаланудан да болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
β2-адренорецепторлар тыныс алу жолдарының бойында кеңінен тараған. Миоциттерде аденилатциклаза-цАМФ жүйесі арқылы олардың қозуы тегіс салалы еттерді босаңсытып кеңірдекшелерді кеңітеді. Тыныс алу жолдарының α-рецепторлары қозудан бронхоспазм дамиды. Сондықтан кейбір науқастарды α-адренотежегіштермен емдеу нәтижелі болады.
Кеңірдекшелердің тегіс салалы еттеріне парасимпатикалық жүйкенің тікелей әсерінен олардың миоциттерінде циклдік гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) мөлшері көбейеді. Ол жасушалардың ішінде цАМФ-тың әсерін әлсіретіп, бронхоспазм туындатады. Жағымсыз көңіл-күй, эмоциялық ауыртпалықтар кездерінде бронхоспазмның ушығуы кеңірдекшелердің миоциттеріне парасимпатикалық жүйкенің әсерінен болады. Бұл жағдайда демікпені емдеу үшін холинолитиктер қолданылуы қажет.
Бронхиалық демікпе мен демікпелік жағдай дамуына әкелетін экзогендік ықпалдарға:
● ауа аллергендері;
● ауадағы өндірістік және тұрмыстық шаңдар мен түтіндер;
● ауадағы қоспа газдар (күкірт тотығы, озон);
● бронхоспазм туындататын қабыну медиаторлары өндірілуіне әкелетін ықпалдар, бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілердің жанама әсерінен лейкотриендер түзілуі - жатады.
Бүгінгі күні бронхиалық демікпе дамуының маңызды тізбегі болып өкпеде арахидон қышқылы алмасуының туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылыстары есептеледі. Бұл бұзылыстардың нәтижесінде өкпеде 5-липоксигеназа ферментінің белсенділігі артады. Содан арахидон қышқылынан бронхоспазм туындататын лейкотриен В4 т.с.с. артық түзіледі.
Бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер арахидон қышқылы алмасуында циклоксигеназа ферментінің белсенділігін төмендетіп, бұл қышқылдың липоксигеназалық жолмен тотығуын арттырады. Содан өкпеде лейкотриендер түзілуі артуы бронхоспазм туындатады.
Демікпелік күй қан тамырларын кеңітетін және олардың қабырғаларының өткізгіштігін көтеретін биологиялық белсенді заттардың көптеп бөлінуінен жүйелік бұзылыстармен сипатталады. Осыдан артериалық гипотензия, теріде есекжем пайда болады.
Тыныс тарылулық бұзылыстар бронхиалық демікпе кезінде негізінен бронхоспазмның нәтижесінде болса, демікпелік жағдай кезінде олар кеңірдекшелердің қабырғалары қабынудан, ісінуден және тұтқыр қақырықпен бітелуінен болады. Майда бронхиолалардың саңылауларынан қақырық толық шығарылмауы демікпенің ұзаққа созылған ұстамасын демікпелік жағдайға ауыстырады. Демікпелік жағдай кезінде тыныс алу жолдарынан қақырық шығарылудың бұзылыстары үш сатыда өтеді:
● теңгерілген бронхорея сатысында қақырық өндірілуі артқанымен тыныс алу жолдарынан оның шығарылуы азаймайды;
● теңгерілмеген бронхорея сатысында қақырық өндірілуі сол қалпында сақталады немесе артады, оның тыныс алу жолдарынан сыртқа шығарылуы азаюдан тұрақты немесе ұстамалы түрде жөтел пайда болады;
● тыныс алу жолдарының бітелуі (обструкция) сатысында қақырықтың тұтқырлығы қатты көтеріліп, ол кеңірдекшелердің төменгі бөліктеріне ығысады және оларды бітеп қалады.
Бронхиалық демікпе кезінде тыныс алу жолдарында ауа өтуіне кедергі демді сыртқа шығару кезеңінде қатты көтерілуден өкпе ұяшықтары керіліп, эмфизема дамуына әкеледі. Бұл кезде өкпеде ауаның қалдық көлемі және өкпенің функциялық қалдық сыйымдылығы үлкейеді.
Бронхиалық демікпе ушығуы және демікпелік жағдай кездерінде майда бронхиолалардың саңылауы тарылуы барлығында бірдей болмай, әр бронхиолада әртүрлі дәрежеде болады. Сондықтан өкпе тіні бөліктерінің біркелкі желдетілмеуі ұяшықтардың желдетілуі мен перфузиясының арақатынасы бұзылыстарына әкеліп, артериалық гипоксемия дамытады. Ол демікпелік жағдай кезінде тым ауыр түрде болады. Гипоксемияға жауап ретінде дамитын гипервентиляция тыныстық бұлшықеттердің қажуына әкеледі. Бұл гипервентиляция артериалық қанда оттегінің азаюын кемітпей, көмір қышқылы газының сыртқа шығарылуын арттырады. Содан тыныстық алкалоз дамиды, артынан гипервентиляция гиповентиляцияға ауысуынан тыныстық ацидоз дамиды. Гипоксемиядан дамыған метаболизмдік ацидозға тыныстық ацидоз қосылуы оны одан сайын ушықтырады. Ацидоз жүректің насостық қызметін бұзады, оның жиырылғыштық қабілетін төмендетеді, жүрек аритмияларын дамытады, шеткері қан тамырларын кеңейтіп артериалық қысымды төмендетеді.
Демді ішке тарту кезінде тыныстық бұлшықеттердің қатты жиырылуынан өкпеқап қуысында теріс қысым күшейеді. Содан кеуде қуысының қанды сорып алу күші артып, жүрекке веналық қанның келуі үлкейеді. Сол себепті оң қарыншадан өкпе артерияларына шығарылатын қан көлемі көбейеді. Осыдан өкпеде прекапиллярлық гипертензия дамиды. Артынан ол өз алдына оң қарыншадан шығатын қан көлемін азайтады, оның қуысында қалдық қан көлемі ұлғаюы қарыншалар аралық қалқанды сол жаққа қарай ығыстырады. Өкпеқап қуысында теріс қысымның мөлшері артуы сол қарыншаның қолқаға қан айдау қызметін ауырлатып, жүрек соққылық қан көлемін азайтады. Сондықтан демді ішке тарту кезінде жүрек аз қанмен жиырылуынан тамыр соғу толқынының ауқымы кішірейеді. Содан дем шығару кезінде тамыр соғуы толқыны қалыпты болса, демді ішке тартқанда ол кішірейеді. Осындай тамыр соғуын әлтернация-ланған тамыр соғу дейді.
Демікпелік күйдің ұзақтығы неғұрлым ұзақ болса солғұрлым кеңірдекшелердің қою қақырықпен толық бітеліп қалу қаупі артық болады. Сондықтан демікпелік жағдайды емдеу шаралары ауруханаға түспей тұрып басталуы қажет.
Демікпелік күйдің белгілері мен қауіп-қатер факторларына:
● науқастан сыртартқыдан бронхиалық демікпенің ушығуна немесе демікпелік жағдай болуына байланысты бұрын ауруханаға жатқан болуы;
● кортикостероидтармен үзіліссіз немесе бұрын емделген болуы;
● бронхиалық демікпенің ауыр асқынуын науқастың өзі сезінуі;
● кеңірдекшелерді кеңітетін дәрілермен емдеу бұрын нәтижелі болмауы;
● тыныс жеткіліксіздігінен науқастың сөйлей алмауы;
● науқастың сана-сезімі қарауытуы;
● артериалық қысым жоғары және жүрек соғу жиілігі минутына 110-н астам болуы;
● жүрек аритмиялары болуы;
● цианоз болуы;
● тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің белсенді қатысуы;
● эмфизема, пневмоторакс болуы;
● FEV1c (қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауаның көлемі) 1 л-ден аз болуы;
● артериалық қанда рО2 с.б.б. 60 мм-ден кем болуы немесе жіті тыныстық ацидоз дамуы – жатады.
Осы келтірілгендердің ең кемінде екеуі болғанда демікпелік жағдайды емдеу шұғыл түрде басталуы қажет.
Демікпелік күймен сырқаттанған науқастарда спирометриялық көрсе-ткіштердің тек дем шығару кезіндегі ауа ағымының ең үлкен жылдамдығын ғана анықтауға болады. Ол 100 л/мин-ден аз және FEV1c-нің 0,7 л көлеміне сәйкес келеді. Науқастың дем алуы қатты бұзылғандықтан бірінші секундтағы қарқынды дем шығару көлемін тікелей анықтау мүмкін болмайды.
Демікпелік күйдің бастапқы кезеңінде болатын гипервентиляциядан қанда рСО2 азаяды. Ал, оның қалыпты деңгейге оралуын бұл жағдайдың ушығуы ретінде қарау керек. Өйткені бұл кезде сыртқы тыныс жүйесі көмір қышқыл газын сыртқа шығару қабілетін жоғалта бастайды.
Бронхоспазм ушығуының кезкелген дәрежесінде респирондардың желдетілуі біркелкі болмауынан артериалық гипоксемия дамиды. Дегенмен, демікпелік күй кезінде артериалық қанда рО2 с.б.б. 50 мм-ден азаюы оның пневмоторакспен және жүрек қызметінің жіті жеткіліксіздігімен асқынуынан ғана байқалады. Бұл кезде метаболизмдік лактат-ацидоз дамуы демікпелік жағдайдың өтуін тым ауырлатып жібереді.
Көптеген өкпе ұяшықтарында рО2 төмендеуі өкпе артериолаларының жайылмалы жиырылуына әкеледі (Эйлер рефлексі). Ол өз алдына оң қарыншаның қызметін ауырлатып, оны кеңітеді, ЭКГ-да өкпелік Р-өркеші пайда болуымен, жүректің электр діңгегінің оң жаққа ығысуымен көрінеді. Бронхиалық демікпемен ауыратын науқастарда ағзаларға оттегінің тасымалдануы бұзылу тетіктерінде жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігінің маңызы өте зор.
