Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Мб
Скачать
☆

Аналық жасушаның ұрықтануы

Аналық жасушаның ұрықтануы көптеген күрделі сатылардан тұрады. Әйелдің жыныстық жолдарына сперма түскеннен кейін ол көптеген бүліністерге ұшырауы мүмкін. Аналық жасушаның ұрықтануына және жүктілік пайда болуына ең ыңғайлы мерзім болып, етеккір келу оралымының ортасына келетін, овуляция кезеңі есептеледі. Іншекке шәуһет түскенде оның құрамында гаплоидтық ядродан тұратын, қимылдық жүйесі және ферменттері бар, 300 миллиондай сперматозоидтар болады. Олардың ең жақсы белсенділігі ұрық жолдарында байқалады және сперматозоидтардың қимылдық әрекеттері ең үлкен деңгейге жетеді. Өйткені жетілген аналық жасуша сперматозоидқа арналған хемотаксистік зат өндіріп шығарады және прогестеронның әсерінен сперматозоидтың ішіне Ca2+ иондары енеді. Жыныстық жолда аталық жасуша шырышты қабықпен түйісуден ұрықтандыру қабілетін қабылдайды. Бұл кезде 5-6 сағат ішінде сперматозоид басының дене жағындағы ұшын (акросоманы) сыртынан қаптап тұратын заттан тазартылады. Ол шырыштың, жоғары белсенді ферменттер стероидсульфатаза, липидтерді тасымалдайтын нәруыз I және әлбуминнің қатысуымен қамтамасыз етіледі. Осы заттардың қатысуымен цитолемманың бетінен холестерин жартылай аластанады. Содан сперматозоидтың басында холестерин/ фосфолипидтердің арақатынасы азаяды. Осымен бір мезгілде цитолеммадан нәруыздар мен көмірсуларының бір бөлігі шығарылады. Цитолеммада қалған нәруыздар фосфорланып, аналық жасушаның шашақты жиегімен сперматозоидтың байла-нысуын қамтамасыз етеді. Сперматозоидтар мембранасының өткізгіштігі көтерілуден олардың цитоплазмасына Са2+ иондарының енуі көбейеді, заттардың алмасуы күшейеді және аденилатциклаза жүйесі әсерленіп, сперматозоидтың қимылдық қозғалыстары артады. Сперматозоидтардың дене жақ аумағы холестериннен, нәруыздар мен көмірсуларынан босай бастауына қарай олар аналық жасушаның шашақты жиегіне жанасады. Осыдан акросомалық реакция сатысы дамиды. Бұл реакция жасушасыртылық ортада Са2+ иондарының қажетті мөлшерінде пайда болады және қосымша арнайы түрткілерді қажет етпейді. Аналық жасушамен cперматозоидтың жанасуы басында әлсіз бейспецификалық байланыстармен қамтамасыз етіледі, артынан акросома галактозилтрансфераза ферментінің қатысуымен аналық жасушаның шашақты жиегіне тән гликопротеид - проакрозинмен қатты байланысады. Бұл гликопротеин адам сперматозоиды акросомасының заттарымен ғана әрекеттеседі.

Сперматозоид аналық жасушаның шашақты жиегіне қатты бекітілген кезде проакрозин акрозинге ауысады.

Аналық жасушаға бірінші сперматозоид енгеннен кейін ұрықтану кезінде қыртыстық реакция дамиды. Бұл кезеңде тез арада аналық жасуша мембранасының деполяризациясы пайда болады, шашақты жиегінде инозитолы бар дабылдық жүйенің әсерленуінен цитоплазмаға Са2+ иондарының енуі артады. Содан шашақты жиекте қыртыстық түйіршіктердің ішіндегі заттардың сөлге бөлініп шығуы күшейеді. Қыртыстық түйіршіктерде болатын гидролиздік ферменттер мен сахаридтердің бөлшектері аналық жасушаның мөлдір қабығы арқылы басқа сперматозоидтардың жарып өтуінен сақтан-дырады. Жалғыз гаплоидтық сперматозоидтың гаплоидтық аналық жасушаға енуінен диплоидтық ядросы бар ұрықтанған ооцит пайда болады. Бұл өте тез арада сперматозоид аналық жасушаға енгеннен соң 1-3 секундтан кейін болады. Бұл кезде аналық жасушаның мембраналық потенциалы – 70 мВ-тен +20 мВ-ке дейін көтерілуі артық сперматозоидтардың еніп кетуінен сақтандырады. Аналық және аталық жасушалардың геномдары бірікеннен кейін ұрықтың бөлшектеліп бөлінуі митоздық жолмен болады. Ұрықтанған аналық жасушаның шашақты жиегі сақталып қалады. Өйткені ол ұрықтың жатыр қабырғасына бекуіне дейінгі ұрық дамуының ерте сатыларына өте қажет болады. Жатыр қабырғасына бластоцит бекігеннен кейін трофобласт пайда болуы хориондық гонадотропин өндірілу қарқынын күшейтеді. Бұл гормон ұрық жайында анасының гормондық жүйесіне дабыл жеткізіп тұрады, Ол анабездердің қанайналымына еніп, сары денешікте прогестерон өндірілуін ұзақ мерзім жоғары деңгейде сақтайды. Прогестерон фоллитропин мен лютропиннің өндірілуін тежеп, етеккір келуін болдырмайды. Бұл кезде миометрийдің жиырылғыштық қабілеті төмендейді, жатырда иммундық жауаптың тежелуі жүктіліктің сақталуына қолайлы жағдай туындатады. Ішке бала біткенде молекулалық массасы 6 кДа пептидтік гормон – релаксин түзілуі өте маңызды. Бұл гормон жүктілік кезінде жатырдың қимылдық әрекеттерін тежейді.

Аналық жасушаға сперматозоидтың ену кезеңдерінің кезкелген тізбегі бұзылғанда ұрықтану болмайды.