- •Силлабус
- •1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •7.Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптардың жоспары
- •Студенттердің өз жұмысына арналған тақырыптар (сөж)
- •2.Қудиярова ғ.М., Жарбосынова б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.
- •3.Қудиярова г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б
- •10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері
- •Төртбаллды жүйеге сәйкес сандық эквивалентті, студенттердің оқу үлгерімін бағалауға арналған әріптік бағалау жүйесі.
- •9.Негізгі және қосымша әдебиет
- •1.Илешева р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.
- •Студенттердің пәнді оқу үлгерімінің деңгейі анықталады
3. Оқытудың міндеттері:
халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастыру негіздерімен таныстыру
студенттерді психикалық мінез-құлық бұзылыстарының клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
науқастар мен сау адамдардың психикалық жүйесін тексеру әдістеріне, статусты бағалауға үйрету;
психикалық аурулардың зертханалық және экспериментальдық психологиялық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру;
дәлелді медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды және ауруларды қазіргі кездегі емдеу мен реабилитациясымен таныстыру;
психикалық бұзылыстардың психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс :
халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
психиатрияда қолданылатын негізгі қазіргі зерттеу әдістерін;
психиатриялық бұзылыстардың негізгі симптомдарын және синдромдарын;
Психиатриядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.
Студент үйреніп алу қажет:
науқастың анамнезін жинау;
психиатриялық бұзылыстар симптомдарын анықтау;
әртүрлі жастағы науқастарда психиатриялық статусты бағалауды және анықтауды;
науқасты тексеруде қазіргі кезеңдегі клиника-зертханалық және аспаптық тәсілдерді қолдану;
науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;
машықтануы қажет:
негізгі психиатриялық симптомокешеннің диагностикасын;
психиатриялық бұзылыстарда өміріне қауіпті жағдайларда диагностика жасау және жедел жәрдем көрсету;
салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.
5. Реквизитке дейінгі: психология негіздері, анатомия-2, коммуникативтік дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.
6.Реквизиттен кейінгі: медициналық жедел жәрдем, жалпы дәрігерлік практика, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура.
7.Сабақтардың тақырыптық жоспары
№ |
Дәрістердің тақырыптарының атауы |
Сағаттар саны |
1 |
Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Дәлелді медицина тұрғысынан кәзіргі кезеңдегі психиатрияның өзекті мәселелері. |
2 |
2 |
Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары. |
2 |
3 |
Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары. |
2 |
4 |
Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі. |
2 |
5 |
Шизофрения және аффектілік бұзылыстар. |
2 |
6 |
Невротикалық, стресспен байланысты және соматоформдық бұзылыстар. Тұлғаның бұзылыстары. |
2 |
|
Барлығы: |
12 сағ. |
