Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новая метод. разр СТОМ 2014ж.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.Оқыту тапсырмалары:

Студент білу керек:

  • Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінің құрылысын

  • Көкірек қуысы ағзаларының вегетативтік нервтенуін(жүректің,кеңірдектің, бронхтардың,өкпенің, өңештің).

  • Көкірек қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырларын және түйіндерін.

  • Көкірек қуысы және оң жақ лимфа жолдарының топографиясы және қалыптасуы.

  • Көкірек қуысы:жіктелуі,қабырғалары.Көкірекаралық ағзаларының топографиясын.

Көрсету керек:

  • Симпатикалық сабауының көкірек бөліміндегі түйіндерін

  • Көкірек және оң жақ лимфа жолдарын

  • Көкірек қуысының висцералды және париеталды лимфа түйіндері

  • Жоғарғы және төмеңгі көкірек қуысының ағзаларын

  • Артқы,ортаңғы және алдыңғы көкірек қуысының ағзаларын

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінің құрылысы

2. Көкірек қуысы ағзаларының вегетативтік нервтенуі.

3. Көкірекаралық ағзаларының топографиясы.

4. Көкірек түтігінің, оң жақ лимфа түтігінің, бұғанаасты бағанының құрылысы, топографиясы және қалыптасуы.

5. Көкірек қуысы қабырғасы мен ағзаларынан лимфаның ағуы.

5. Оқыту және сабақ жүргізу әдістері: тәжірибелік сабақ

6. Әдебиет

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Ракышев А.Р. Адам анатомиясы 1,11 том 2004

2. Ракышев А.Р. Адам анатомиясынын атласы, 1, II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жумабаев У., Әубәкіров Э.Б, Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. 1,11,III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

Қазақ тілінде:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қараганды, 1993.

2. Нурмухамбетова Б.Н. Лимфа жуйесінің функционалды анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

Орыс тілінде:

1. Сергиенко В.И., Петросян Э.А., Сухинин А.А. Учебно-методическое пособие к практическим замятиям по оперативной хирургии и топографической анатомии для студентов лечебного факультета. М: «ГЭОТАР--МЕД»,2002.

2. Нурмухамбетова Б.Н. Функциональная анатомия лимфатической системы. Учебное пособие. Алматы, 2000.

3. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.

7. Бақылау.

Білімнің кіріспе деңгейін анықтауға арналған бақылау сұрақтары:

  1. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінің топографиясы

  2. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінің түйіндерінен тарайтын нервтерін атап, көрсете білуі.

  3. Жүректің вегетативтік нервтенуі.

  4. Вегетативная иннервация пищевода

  5. Кеңірдек және бронхтың вегетативтік нервтенуі.

  6. Көкірек лимфа түтігінің топографиясы және қалыптасуы.

  7. Оң жақ лимфа түтігінің, бұғанаасты бағанының топографиясы және қалыптасуы

  8. Көкірекаралықтың қабырғаларын атап көрсетіңіз

  9. Көкірекаралықтың ағзаларын атап көрсетіңіз

Бағдарламалық бақылау карталары:

Студенттердің қорытынды білім деңгейін тексеруге арналған тесттер:

1. Көкірек түтігінің түбірін көрсетіңіз.

А. Truncus subclavius.

Б. Truncus lumbalis dexter.

В. Truncus lumbalis sinister.

Г. Truncus intestinalis.

2. Оң жақ лимфа түтігінің түбірлерін көрсетіңіз.

А. Truncus lumbalis dexter.

Б. Truncus intestinalis.

В. Truncus jugularis dexter.

Г. Truncus bronchomediastinalis dexter.

3. Симпатикалық сабауларды көрсетіңіз.

А. Truncus subclavius.

Б. Truncus brachiocephalicus.

В. Truncus jugularis.

Г. Truncus lumbalis.

4. лимфа түтіктерінің веналық жүйеге құйылатын жерін көрсетіңіз.

А. Vena jugularis externa.

Б. Vena jugularis interna.

В. Angulus venosus dexter.

5. Көкірек түтігінің көкірек қуысындағы синтопиясын көрсетіңіз

А. Қолқамен жұпсыз вена арасында

Б. Өңешпен қолқа арасында

В. Омыртқа мен өңештің арасында

Г. Қолқаның алдыңғы бетінде

6. Көкірек қуысындағы париеталды лимфа түйіндерін көрсетіңіз

А. Nodi lymphatici mediastinales posteriores.

Б. Nodi lymphatici parasternales.

В. Nodi lymphatici intercostales.

Г. Nodi lymphatici mediastinales anteriores.

7. Көкірек қуысындағы висцералды лимфа түйіндерін көрсетіңіз

А. Nodi lymphatici mediastinales anteriores.

Б. Nodi lymphatici paratracheales.

В. Nodi lymphatici tracheobronchiales.

Г. Nodi lymphatici bronchopulmonales.

8. Жоғарғы және төменгі көкірекаралықты бөліп тұратын горизонталды жазықтық өтетін белгілерді көрсетіңіз

А. Angulus sterni.

Б. Incisura clavicularis sterni.

В. IV және V көкірек омыртқаларының шеміршектері арасында

Г. V және VI көкірек омыртқаларының шеміршектері арасында

9. Жоғарғы көкірекаралықта орналасқан ағзаларды көрсетіңіз.

А. Thymus.

Б. Arcus aortae.

В. Venae brachiocephalicae.

Г. Trachea.

10. Көкірекаралықтың төменгі ортаңғы бөлігінде орналасқан ағзаларды көрсетіңіз.

А. Cor et pericardium.

Б. Bronchi principales.

В. Arteriae et venae pulmonales.

Г. Nervi phrenici.

11. Көкірекаралықтың төменгі артқы бөлігінде орналасқан ағзаларды көрсетіңіз.

А. Oesophagus.

Б. Nervi vagi.

В. Pars thoracica aortae.

Г. Ductus thoracicus.

1. Тақырып№25: Құрсақ қуысының алдыңғы-бүйір және артқы қабырғаларының топографиялық анатомиясы. Іштің ақ сызығының, кіндік сақинасының, шап өзегінің топографиясы. Асқазан, жіңішке ішектің құрылысы, топографиясы, қызметі. Тоқ ішектің құрылысы, топографиясы, қызметі.

2.Сабақ мақсаты: Құрсақ қуысының алдыңғы-бүйір және артқы қабырғаларының қабатты анатомиясын анықтау, іштің ақ сызығының топографиясын, кіндік сақинасының, шап өзегінің топографиясын білу. Құрсақ қуысы ағзаларын (асқазан, жіңішке және тоқ ішекті) тауып көрсете білу, олардың топографиясын және қызметін білу.