Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сонгы жана ККТСозжасамы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388 Кб
Скачать
☆

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Факультет Филология

Кафедра Теориялық және

қолданбалы тіл білімі

Әдістемелік нұсқаулық

практикалық (семинарлық) сабақтарға

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пән

3 курс студенттерді оқыту бағыты_____________

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

шифр, мамандық

Орындаушы(лар)

Ф.ғ.к., аға оқытушы _______ Қондыбай К.Ә.

(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

“___”____________2014 ж.

_________________ _ _______ _________________

(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

“___”____________2014ж.

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

хаттама № __ “__” _______________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі

Ф.ғ.д., профессор _______ Садирова К.Қ.

(дәрежесі, атағы) (қолы) (аты-жөні)

Алғы сөз

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» - қазақ тіліндегі сөзжасамдық процестерді, сөзжасамның негізгі ұғымдары мен теориясын, сөзжасамдық тәсілдерді, сөзжасам нәтижесінде жасалатын туынды сөздің мағынасын зерттейтін негізгі іргелі пән.

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің негізгі мақсаты: Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымына талдау жасай отырып кешенді түрде оқыту.

«Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» пәнінің міндеті: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын айқындау; сөзжасам теориясы мен атау теориясының байланысын саралау; сөзжасам жүйесі мен уәждеме; сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдерін саралау; туынды сөз табиғатын талдау; сөз таптарының сөзжасамын айқындау.

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің негізгі міндеті:

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын анықтау;

Сөзжасам жүйесі мен атау теориясының байланысын саралау;

Сөзжасам жүйесі және уәждеме (негіздемесі);

Сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарын анықтау;

Сөзжасам жүйесіндегі негізгі тәсілдерді саралау;

Туынды сөз табиғатын талдау;

Сөз таптарының сөзжасамын айқындау;

Синтетикалық сөзжасам тәсілдерін анықтау, т.б.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесін оқыту барысында студент тіл баюының ең негізгі көзі – төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы нәтижесінде болатын сөзжасам құбылысы екенін пайымдайды. Сөзжасам – таным нәтижесін таңбалайтын процесс. Қазақ халқының төл дүниетанымында қалыптасқан әлем бейнесінің сәулеленген көрінісі мен халықаралық ұғымдарды таңбалау - сөздің негізгі қызметінің бірі болса, оны таңбалау, негіздемесін дұрыс айқындап, белгілеу сөзжасамның негізгі нысаны ретінде танылады. Сөзжасам нәтижесінде жаңа атаулар жасалып, қалыптасады.