- •Мазмұны
- •Өндіріс орнымен танысу
- •Техникалық қызмет көрсету орталығы
- •Микропроцессорлық жүйелердің эксплуатациясымен танысу
- •Интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау
- •Перифериялық құрылғыларды көру және жөндеу жұмыстарымен танысу
- •Компьютерлік желілерді орнату
- •Дербес компьютерді басқаратын құрылғыларды құрастыру
- •Есептеу техникасының ақпараттың ортасын өңдеу технологиясы
- •Ақпараттық желілерді құрастыру
- •Алгоритмді бағдарламалық іске асыру
- •Программалық қамтаманы бағыттау және игеру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Өндіріс орнымен танысу
«Казахстан Секьюрити Систем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жұмабек Ташенов кошесінде орналасқан. Мұнда 10-нан аса қызметкерлер жұмыс атқарады. «Казахстан Секьюрити Систем» ЖШС-ның ғимараты Халық банкінің Қазахинстрах ғимаратында орналасқан.
Коллекторлық агенттіктер. Борыштарды қайтару, бизнестің жеке түрі ретінде, АҚШ-та 40 жыл бұрын пайда болған. Бұл ретте, борыштармен жұмыс істейтін алғашқы компаниялар сол жерлерде өткен ғасырдың 30-жылдарында пайда болған. Қазіргі кезде әр түрлі мәліметтер бойынша 5000-нан 6500-ға дейін компаниялар (мұндай агенттіктер) бар. Шет елдердегі коллекторлар қашықтықтан жұмыс істеуді қалайды, олардың басты құралы - телефон, интернет және почта. АҚШ-тың коллекторлық компаниялары өз қызметтерінде арнайы құжатты - 1978 жылы Борышты қайтарудың адал тәжірибесі туралы қабылданған заңды (Fair Debt Collection Practices Act) басшылыққа алады. Осы заң борышкерге, оның жақындарына немесе дүние-мүлкіне зақым келтіру қауіптерін, абырой-беделін түсіру, борышкермен әңгімелескенде тіл тигізулерді және әдепсіз сөздерді қолдану, үнемі қайталанатын телефон қоңырауларын шалуды заңды емес деп таниды. Федералдық заңнан басқа, кейбір штаттарда өңірлік заңдар да бар, олар адал қайтарудың ережелерін қатаңдандыра түседі. Олар неғұрлым қатаң талаптарды немесе шектеулерді қамтуы мүмкін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерге өндіріп алудың тиімдігін арттыратын қосымша мүмкіндіктер береді.
Борышты өндіріп алудың еуропалық тәжірибесі американдықпен салыстырғанда кейінірек қалыптасқан, алайда олар әртүрлі. Германияда АҚШ-тағымен ұқсас заң жоқ, бірақ онда 530-дан астам мүшелерін бірлестіретін коллекторлық агенттіктерінің кәсіби қауымдастығы жұмыс істейді. Сондай-ақ коллекторлық бизнес Ұлыбританияда өте жақсы дамыған. Оның моделі американдықпен ұқсас, алайда ол қызметті либералдық құқықтық реттеумен ерекшеленеді. Борыштық бизнес Австрияда да кең таралған, онда борыштарды өндіріп алу жөніндегі қызметті федералды билік қатал лицензиялайды. Бұл елдегі өндіріп алудың ерекшелігі заңнамаға сәйкес коллекторлық агенттіктің қызметтер көрсетуін төлеу бойынша кредит беруші шығындарының бір бөлігі қарыз алушыға жүктеуі мүмкін болып табылады.
Қазақстанда коллекторлық агенттік ретінде шамамен жеті ұйым және жарғыларында борыштарды жинау және коллекторлық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет көрсетілген заң компанияларының бірқатары белсенді қызмет етеді. Сондықтан коллекторлық қызмет ерекшелігін қазіргі уақытта түсіну қиынға соғып отыр.
Қазіргі уақытта коллекторлық агенттіктердің қызметі арнайы заңнамамен реттелмейді, лицензияланбайды және оны мемлекет атынан уәкілетті органдар бақыламайды. Бірқатар коллекторлық агенттіктердің ішкі тәртіп кодекстері бар, оларды ұйым қызметкерлері борышкерлермен жұмыс істегенде ұстануы тиіс. Коллекторлық агенттіктер қызметінің оң факторы - олардың банктерді оларға тән емес берешекті жинау функциясынан босатуға, банк қызметінің имидж жақтарын жақсартуға жәрдемдесу, борышкерлермен кәсіби және барынша мұқият жұмыс істеу мүмкіндіктері, олардың тәртібіне мониторинг жүргізу, борыштарды жинау тарихын қалыптастыру болып табылады. Бұл борышты немесе оның бір бөлігін өндіріп алуға немесе банктерге борышты өндіріп алу бойынша жұмыстың келешектегі перспективасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, мысалы, борышты кейіннен есептен шығару және құрылатын провизияларды азайту.
Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жағдайында Қазақстандағы кредит беру проблемасына үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Кредит берудің азаюының негізгі себебі банктердің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің үлкен көлемі болып табылады. Осымен, 2010 жылдың 1 мамырында 5-санаттағы күмәнді және үмітсіз заемдардың сомасы 35,47% құрағанда, екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелінен 5-санаттағы күмәнді және үмітсіз заемдарға жататын кредиттердің сомасы 2012 жылдың 1 мамырында 32,95% құрады. Осылайша, жағдайды едәуір жақсарту жүзеге аспады. Бұл ретте, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, коллекторлық агенттіктер борышты өндіріп алудың тиімді тетігі болып табылады. Коллекторлық агенттіктер борыштың қайтарылуын қамтамасыз ету шарты бойынша іс-қимылдар жүргізу туралы тапсырма шарты, борышты сатып алу, талап ету құқығын беру, сонымен қатар оны кейіннен секьюритилендіруді жүзеге асыру бойынша жұмыс жасай алады. Өз бетінше, өз қаражаты есебінен борышкермен жұмыс істеу бойынша коллекторлық тарихты қалыптастырып, кейін оны борышты одан әрі талап ету немесе есептен шығару кезінде шешім қабылдауда тәуелсіз мәлімет көзінің пікірі ретінде пайдаланып кредит берушіге сататын коллекторлық агенттіктер жұмысының осындай нысаны да кездеседі.
Алайда кредиттік қаражатты қайтармау тәуекелімен байланысты теріс салдарды жоюдың нақты тетігі негізінен қазіргі уақытта үлкен операциялық жүктемеден тұратын және оның қатысушыларынан көп уақыт кетіруді талап ететін дәстүрлі сот жүйесінің мүмкіндіктеріне ғана негізделеді.
Кредиттік берешекті талап етумен айналысатын тәуелсіз институттар (коллекторлық агенттіктер) жеткілікті түрде ашық емес және заңнаманың арнайы нормаларымен реттелмейді.
Олардың қызметінің қалыптасқан түрде кеңеюі борышкерлер құқығының бұзылуымен байланысты, коллекторлардың заңды қызметін заңсызынан бөліп тұратын шектен асып кету тәуекелдеріне соқтыруы мүмкін. Қазақстандағы коллекторлық қызметтің проблемалық аспектілеріне мыналар жатады:
1) коллекторлық агенттіктерді аккредиттеудің болмауы және олардың мемлекеттік реттелмеуі;
2) персоналға қойылатын біліктілік талаптарының болмауы және коллекторлық агенттіктерге бұрын қылмысты болған және қылмысты мінез-құлықты адамдардың ену қауіпі;
3) прокуратура органдары тарапынан жалпы қадағалау шеңберінде ден қою әдістерін қоспағанда, коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің борышкерлердің заңсыз қызметке шағымдануы кезінде тәртібін бағалау және коллекторлық агенттікке уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан әрекет ету мүмкіндігінің болмауы;
4) қызметінің анық еместігі және кредит берушілер мен борышкерлердің заңды құқықтарының бұзылу қауіптері.
Барлық дамыған елдерде коллекторлық ұйымдар бұрыннан іскер қауымдастықтың ажырамас бөлігі болып табылады, олардың қызметтерін көптеген ұйымдар, оның ішінде қызмет процесінде қызметтер мен тауарлар үшін мерзімі өткен берешектер туындайтын банктер, сақтандыру, телекоммуникациялық және басқа ұйымдар пайдаланады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-тармағында әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарламаларының құпиялылығы сақталуына құкығы бар екендігі белгіленген.
Бұл құқықты шектеуге заңмен тікелей белгіленген тәртіпте және жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
Бұдан басқа, коллекторлық агенттіктердің мәртебесін анықтау кезінде олар қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі ретінде қарастырылмау керек, себебі көптеген жағдайда коллекторлардың банктердің мерзімі өткен қарыздары бойынша жұмысын ескере отырып, коллекторлық қызмет қаржылық қызметке жатпайтынына назар аударған жөн. Бұдан басқа, коллекторлық агенттіктер азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде берілген мерзімі өткен қарыздар, коммуналдық берешектер, сондай-ақ кез келген мерзімі өткен борыштар бойынша жұмыс істей алатындығын атап өту керек. Коллекторлық агенттіктер қызметінің мәселесі мыналармен байланысты мәселелерді талдауды ескере отырып анықталуы тиіс:
1) коллекторлардың бірыңғай базасының болмауы (саны, ұйымдастыру-құқықтық нысаны), оны құру қажеттігі (тізілімді жүргізу);
2) жасалатын шарттар саны туралы деректердің болмауы, оның ішінде қаржы нарығы субъектілерімен жасасқан шарттар саны, тиісінше коллекторлардың қызметтер көрсетуін пайдалану көлемі, коллекторлық қызметтер көрсетуді пайдалану арқылы қарызды өтеу мен коллекторлық қызметтер көрсетуді пайдаланушыларды анықтаудың пайыздық ара қатынасы;
3) коллекторлардың іс-қимылдарына шағымдануларға, сондай-ақ коллекторлар қатысатын сот талқылаулары туралы деректердің (статистика) болмауы;
4) берешектердің коллекторлар қайтарған борыш сомаларымен арақатынасы.
Шет елдердің, атап айтқанда АҚШ тәжірибесі бойынша коллекторлық агенттік қызметкерлері жасауға тыйым салынған іс-қимылдар тізбесін, сондай-ақ қандай да бір іс-қимылдар жасаудың құқықтық негіздерін анықтау қажет.
Сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін егжей-тегжейлі айқындау қажет.
Осы ережелерді іске асыру шеңберінде заңнамалық түрде коллекторлық агенттіктің ұғымын, оның мәртебесін, құрылу тәртібін, қызмет қағидаттарын, коллекторлардың міндеттері мен заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын, сондай-ақ олардың қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігін «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жолымен бекіткен орынды болып табылады.
Осындай заңды іске асыру банктік мекемелердің қызметіне оң әсер етеді және борышкерлермен жұмыс бойынша соттардың жүктемесін азайтады, сондай-ақ борышкердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; мерзімі өткен берешектің тәртібін, шарттарын, қағидаттары мен өндіріп алу нысанын айқындайды.
Мақсаты мен міндеттері. Осы Тұжырымдама мемлекеттік емес, тәуелсіз институттарға да, экономикалық тәуекелдерді басқару және ақпаратты тарату жүйесін реттеу мен жетілдірудің жалпы мәселелеріне де қатысты болады. Бұл ретте дағдарысты еңсерудің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, осы институттар мен тәуекелдерді бағалауға қатысты дәстүрлі тәсілдер әрдайым жаңғыртуды талап етеді. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты ұлттық рейтингті пайдалану негіздерін жетілдіру, кредиттік бюролар қызметін ақпараттың сапасын қамтамасыз ету мақсатында регламенттеу, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер қызметінің қағидаттарын заңнамалық бекіту болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер айқындалған:
1) Қазақстанда рейтингтік агенттіктер жұмысын ұйымдастыруға қойылатын ұлттық стандарттарды, қағидаттар мен талаптарды әзірлеу;
2) рейтингті кең қолдану үшін жағдайларды қалыптастыру;
3) кредиттік бюро деректері базаларындағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ кредиттік бюродағы ақпараттың қамтылуын арттыру;
4) коллекторлық агенттіктер қызметінің салалық стандарттарын енгізу және мемлекеттік реттеу есебінен олардың қызметінің тиімділігін арттыру; 5) коллекторлық агенттіктер қызметі процесінде борышкерлер мен кредит берушілердің құқықтарын қорғау бойынша теңгерімді қамтамасыз ету.
Коллекторлық агенттіктерді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері Осы Тұжырымдамаға сәйкес коллекторлық агенттіктерді дамытудың негізгі қағидаттары:
1) коллекторлық агенттіктер қызметін мемлекеттік реттеу;
2) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығына кепілдік беру. Коллекторлық агенттіктерді дамытудың жалпы тәсілдері ретінде осы
Тұжырымдамада:
1) коллекторлық агенттіктердің құқықтық мәртебесін заңнамалық түрде бекіту, оларды құрудың, қызметінің тәртібін, құзыретінің шегі мен жауапкершілігін заңнамалық реттеу;
2) қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша шаралар;
3) коллекторлық агенттіктердің басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары;
4) коллекторлық агенттіктердің жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылдарын заңнамалық түрде бекіту көзделеді.
