- •Мазмұны
- •Өндіріс орнымен танысу
- •Техникалық қызмет көрсету орталығы
- •Микропроцессорлық жүйелердің эксплуатациясымен танысу
- •Интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау
- •Перифериялық құрылғыларды көру және жөндеу жұмыстарымен танысу
- •Компьютерлік желілерді орнату
- •Дербес компьютерді басқаратын құрылғыларды құрастыру
- •Есептеу техникасының ақпараттың ортасын өңдеу технологиясы
- •Ақпараттық желілерді құрастыру
- •Алгоритмді бағдарламалық іске асыру
- •Программалық қамтаманы бағыттау және игеру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дербес компьютерді басқаратын құрылғыларды құрастыру
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей алады.
Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасында дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем т.б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Жүйелік блок
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйелі блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.
Монитор
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды. Алғаш рет 1982 жылы жасалды.
Процессор - ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелік блокта орналасқан. Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”.
Пернетақта – бұл ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Функционал, символдық, цифрлық немесе қосымша, меңзерді басқару пернелерінен тұрады.
Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ). Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады.
Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ)-бұл компьютердің ішкі жады, оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады.
Есептеу техникасының ақпараттың ортасын өңдеу технологиясы
Есептеу техниикасы және бағдарламалық қамтама мамандығы бойынша бакалавр іргелі және арнаулы дайындығына сәйкес кәсіптік қызметтің объектілері бойынша келесі функцияларды атқара алады: - есептеу техникаларын жобалау; - есептеу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау; - жүйелер мен желілірді әкімшілік ету; - есептеу жүйелері мен желілірді сүйемелдеу; - ақтараттық жүйелерді тестілеу; - бағдарламалық-аппараттық қорғанышты қамтамасыздандыру Кәсіби қызметтің типтік міндеттері: - аппаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау; - ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану; - кәсіби қызмет объектілерінің бағдарламалық қамтама, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау; - кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланысқан ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру; - есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және таңдау; кәсіби қызмет объектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасын қалыпқа келтіру және орнату; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу. Кәсіби қызметінің бағыттары Кәсіптік қызмет бағыттары математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамаларды әзірлеу мен жүзеге асыру болып табылады, оған: - есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілерінің; - ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің; - автоматтандырылған жобалау жүйелерінің; - есептеу техникасы құралдарының және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің бағдарламалық қамтамаларының (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) қызметтері кіреді.
