1.2. Иммунитет туралы ұғым
Иммунитет табиғи және жүре пайда болатын немесе арнайы болып екіге бөлінеді. Иммунитет - паразиттерді, бөгде тіндерді, антиген заттарын өлтіріп, бөлшектеп, бейтараптап не болмаса шығарып жіберумен организмнің антиген құрамының тұрақтылығын сақтайтын, органикалық заттарға әмбебап, көпсатылы, күрделі жүретін биологиялық құбылыс.
Табиғи иммунитет терінің, кілегей қабықтардың өткізбейтін және микробтарға қарсы қасиеттерімен, дененің макрофлорасының бәсекелес белсенділігімен, зақымдайтын факторларға тіндердің ареактивтілігімен, макрофагтар мен нейтрофилдердің фагоциттер реакциясымен, табиғи киллерлерімен, комплемент жүйесімен, лизоциммен, интерферонмен және басқа да антимикробтық протеиндермен қалыптасқан. Табиғи иммунитеттің қорғаныс механизмі организмңің даму процесінде антигенге кездеспей-ақ генетикалық жүйенің бақылауымен құрылған. Табиғи иммунитеттің факторлары кісі туғаннан өлгенге дейін өзінің белсенділігін сақтайды, олардың арнайы әсері төмен болады. Табиғи иммунитетті тұқым қуалайтын, түрлік, бейспецификалық иммунитет деп атайды.
Табиғи иммунитет - тума, түрлік, тұқым қуалаушылық, конституциялық (құрылымдық) иммунитет. Тұқым қуалайтын иммунитет ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өйткені ол генетикалық жағдаймен қалыптасқан, өзгермейді. Түрге тән иммунитет дегеніміз, мысалы адам жел шешегімен малдың ауырмауы немесе ит обасымен адамдардың ауырмауы.
Тұқым қуалайтын иммунитеттің 3 түрі бар:
1. Ісікке қарсы иммунитет
2. Антимикробтық иммунитет
3.Трансплантациялық иммунитет ,
1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
Жұқпа қоздырушысынан ең бірінші табиғи иммунитет факторлары қорғайды. Патогенді организмге кіргізбейтін және шығарьш жіберетін факторлары бар. Олар:
1) зақымданбаған тері жабылғышы, эпителиялық клеткалар. Микробтарды шығарып жіберетіндер - түкірік, қақырық, көз жасы, зәр және басқалар.
2) әрбір мүшелердің антимикробтык факторлары. Патогенді микробтарға тұрақтылығы бар асқазан қышқылы, зәрдің және қынап секретінің қышқылдығы, әртүрлі секреттердің антимикробтық факторлары, (май бездері), грам оң бактерияларды ыдырататын лизоцим жатады.
3) патогенді микробтарға өртүрлі ағзалардың (ішек, қынап, тыныс алу жолдарының) қалыпты бактериялар қарсы тұрады.
4) табиғи иммунитеттің келесі түрі - клеткалық қорғаныс, оған қатысты клеткалар: мононуклеарлы фагоцитгер (моноциттер, тін макрофагтары); гранулоциттер (нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер);
Базофилдер қанда, тінде, тіндік немесе мес клеткалары кездеседі;
Киллерлік клеткалар (К-клетка), табиғи киллерлер (ТК-клеткалар);
Лимфокин белсендірген киллерлік клеткалар (ЛБК-клеткалар).
Мононуклеарлы фагоцитарлық жүйесі, моноцитгік-макрофагтар жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: бөгде заттарды фагоцитоздайды және антидене-тәуелді киллиннгке қатысады. Моноциттер мен тін макрофагтарының бұл қызметі туа пайда болған иммунитетке жатады. Екінші кызметі - моноциттік макрофагтар жүйесінің арнайы адапивтік иммунитетке қатыстылығында.
Бүл қызметте моноцит-макрофагтар Т-лимфоциттерге (тану үшін) бөтен антигенді ұсынады, цитокиндерді өндіреді. Шеткі қандағы моноциттер, тіндегі макрофагтар дін клеткаларынан бөлінеді. Қанға түскен моноциттер 2-3 тәулік ішінде тіндерге кетеді де макрофагтарға айналады.
Тін макрофагтары: 1. Плевральдық және перитонеальдық макрофаггар;
2. Бауырдың жұлдызды ретикулоэндотелиоцитгері (Купфер клеткалары);
3. Альвеолярлық макрофагтар;
4. Айырша бездегі макрофагтар;
5. Қызыл жілік миының макрофагтары;
6. Остеокластар;
7. Синовиальды клеткалар (А түрі);
8. Мидың глиалдық макрофагтары (микроглиоциттер);
9. Бүйректің мезангиалды клеткалары;
10 Аталық безді ұстап тұратын клеткалар;
11. Көкбауыр мен лимфа түйіндерінің дендриттік клеткалар;
12 Тері мен кілегей қабықтың Лангерганс клеткалары. Макрофагтарда иммунды глобулиндерің (А, М, Е, G кластарының) Ғс-бөлшегіне, комплемент компоненттеріне (СЗ, Сlg С4в, С5а), лимфокиндерге рецепторлары бар.
Макрофагтардың қозғалу миграциясы хемотаксистік заттарға бағытта-лады. Хемоатрактанттарға комплемент жүйесі, сарысу глобулиндері, лимфокиндер, әртүрлі клеткалардың және ақуыздардың деграданттары жатады. Бұлар макрофагтарды қабыну ошағына жинайды. Макрофагтардың қабыну ошағын хемотаксис ингибиторлары тоқтатады. Оларға - интерферон, гиалурон қьшқылы, плазминоген активаторы, трипсин сияқты протеаздар ингибиторлары т.б. жатады.
Макрофагтар комплементтің компоненттерін, вазоактивті пептидтерді (простагландиндер, лейкотриендер, лейкоциттерге хемотаксис факторлары) және ферменттерді (нейтральды протеаза, қышқылды гидролаза) түзеді. Моноциттер мен нейтрофильдер бөтен заттарды жұтып, ыдыратып организмнен шығарып жіберіп отырады. Аяқталған фагоцитоз процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
1) фагоцитоз жүргізетін клеткалардың белсенуі;
2) моноциттердің өзін белсендірген антигенге қарай жылжуы (хемотаксис);
3) сол антигенмен байланысуы (адгезия);
4) сол антигенді жұтуы;
5) антигенді қорыту (процессинг).
Жұтылған антигеннің (микробтың) айналасына вакуоль (фагоцитарлық) жиналып фагосома пайда болады. Осы фагосома цитоплазманың ішінде лизосомаға қарай жылжиды да, екеуі қосыльш, фаголизосома құрады. Фаголизосома жұтылған бөтен затты қорытады.
Лизосомальды гранулалар бірінші жөне екінші болып бөлінеді. Бірінші гранулаларда көп гидролитикалық ферменттер, миелопероксидаза, лизоцим және катионды белоктар бар. Екішпі гранула - арнайы, онда көп сілтілік фосфатаза, лактоферин және лизоцим бар. Егерде фагоцитгер жарылса, бірінші және екінші гранулалардың ішіндегісі клетка аралық кеңістікке төгілсе, қабыну процесі дамиды. Мұндай процесті экзоцитоз дейді.
Лизосомальды гранулалардағы заттар бөтен заттарды екі турлі жолмен ыдыратады:
1) Оттегінсіз механизм, Гидролиздік ферменттер (протеаза, катионды белоктар, лизоцим) мукопептидаза болып бактериялардың пептидогликандарын бұзады, ал белок -лактоферрин бактериялардың көбеюіне қажет темірді өзіне белсенді байланыстырады.
2) Оттегіне байланыеты механизм. Миелопероксидазаның қатысымен сутегі тотығымен немесе сутегі тотықты супероксидтті анион, синглеттік оттегімен және гидрооксильдік радикалдармен, атомарлы хлормен әртүрлі микроорганизмдерге токсикалық әсер етеді.
Нейтрофилдердің негізгі қызметтері - хемотаксис, фагоцитоз жөне протеазалар түзу. Нейтралдық протеазалар кинин-калликреин, қан ұю және ұюға қарсы жүйесін белсендіреді, айналасындағы тіндерді зақымдайды.
Эозинофилдер организмге үлкен гельминттерден құтылуға көмектеседі. Оның протоплазмасында катионды белоктар және пероксидаза, ал түйір-шіктерінде - арилсульфатаза В, фосфолипаза Д және аллергияға қарсы әсері бар гистаминаза орналасқан. Белсенген эозинофилдер лейкотриен-4-ті көп шығарады.
Эозинофилдердің иммуноглобулиндердің G және Е класының Ғс бөлігіне және белсенген СЗв рецепторлары бар. Эозинофилдер СЗв рецепторымен, гельминттермен байланысып, өзінің белсенген заттарын шығарып, гельминттерді зақымдайды. Эозинофилдердің хемотаксис, фагоцитоз жүргізетін, белсенген оттегін шығаратын қабілеті бар.
Шеткі қанда базофилдер, тінде «мес клеткалары» — бір тұқымдас клеткалар. Тін базофилдері қан тамырларның маңында орналасқан. Мес клеткалары, әсіресе, теріде және өкпеде көп. Бұл екі клетканың гранулалары гистаминнің депосымен қоса, гистамин гепаринмен байланысқан гистамин қоймасы. Олардан басқа онда серотонин және баяу реакция беретін зат - анафилаксин, ңейтрофилдер хемотаксисі бар. Осы клеткалар хемотаксис пен фагоцитоз жүргізе алады. Бұлардың үстінде ІgЕ-нің Ғс бөлігінде күшті аффинді рецепторлары бар. Организмде пайда болған ІgЕ бұлармен байланысады да антиген кездескенде онымен де қосылады. Сөйтіп, базофилдер мембранасының үстінде антиген-антидене реакциясы жүріп, гранулалардыд биологиялық белсенді заттары белсеніп клетка сыртына бөлініп төгіледі (дегрануляция реакциясы). Сонымен гиперсезімталдықтың жедел реакциясы жүреді. Тіндер базофилдерінің дегранулациясы салдарынан тіндер-тамыр өткізгіштігі жоғарланып, қанның сұйығы қан айналымынан шығып, тері қызарып ісінеді, қышып ауырады. Тіндер базофилдері қан ұю процесін бөгеп, фибринолизде, калликреин-кинин жүйесін және арнайы факторлар мен тромбоциттерді белсендіреді.
Тромбоциттерді белсендіретін фактор - жедел жүретін аллергиялык реакцияның медиаторларына жатады. Бұл факторды базофилдер, нейтро-филдер, эозинофилдер, макрофагтар және өкпе тамырларының эндотелиялық клеткалары шығарады.-Тромбоциттердің агрегациясын дамытып, серотонин босанып шығады. Арахидон қышқылының метаболиттері де (тромбаксин В2) тромбоциттердің агрегациясын береді. Тромбоциттердің белсенуі аллергиялық реакцияның және иммундық қабынудың маңызды компоненті болып саналады.
Табиғи иммунитетке табиғи киллер (ТК), киллерлер (К) және лимфокин белсендірген киллерлік клеткалар (ЛБК) жатады.
ТК және К клеткалары нысананы сенсибилизациясы өтпей-ақ тіке ерітеді, ТК клеткалар ісік және ішінде вирусы бар клеткаларға өте белсенді. Ондай цитолизді өлімді клеткалық цитотоксикалық деп атайды.
ТК-клеткалар үстінде интерферон жөне интерлейкин-2 (ИЛ-2) рецепторлары орналасқан. ТК-клеткалары ісіктен және жұқпалы аурулардан қорғайтындықтан, олардың қызметін «иммундық бақылау» деп атайды. ТК-клеткалары әртүрлі биологиялык-белсенді заттектерді (альфа және бета-интерферондарды, ИЛ-1, ИЛ-2, лимфотоксин) шығарып иммундық процесті реттеуге қатысады. ТК клеткаларының позитивтік иммунитет реттеуі интерферонмен және ИЛ-2-мен жүреді, ал негативтік -простагландин Е2 мен сарысудың протеиназа ингибиторларына байланысты.
ТК клеткалар мембранасында антигенді танитын рецепторлары жоқ, бірақ иммуноглобулиндердің Ғс-бөлігінде антиденеге рецепторы арқылы байланысты клеткалық киллинг жүргізіледі. ТК-клеткалар үстіндегі арнайы антиген белсендіретін рецепторлармен антигенді таниды. Сонымен бірге киллинг тоқтататын рецепторлары да табылған. Ол рецептор сондай лигандпен байланысып нысана-клетканы бұзудан қорғайды. Адамның барлық ядросы бар клеткаларында лиганды гисто сәйкестік басты комплексінің 1 -класс антигені орналасқан.
Жай киллер клеткалар (К) үстінде иммуноглобулин G-ның Ғс-бөлігіне рецептор бар. Үстнде иммуноглобулин G байланған антигенді ыдыратады. Мұны Е. Моllег 1965ж. ашып, антиденеге байланысты «цитоксикалық клеткалар» деген. Антигенмен байланысқан иммуноглобулин G-дың Ғс-бөлігі мен К-клетканың бірігуі цитотоксикалық әсер етеді. Бір К-клетка бірнеше нысана-клеткаларды бірінен соң бірін ыдыратады. К-клеткалары кейбір аутоиммундық, аурулардың (қызыл жегі, гломерулонефрит, созылмалы гепатит) дамуына қатысады.
Туа пайда болатын табиғи иммунитетте лимфокин белсендірілген киллерлер де (ЛБК-клеткалар) маңызды рөл атқарады. Бүл лимфоциттерді ИЛ-2 белсендіргенде, оларда киллинг эффект пайда болады.
Туа пайда болатын табиғи иммунитеттің келесі факторы -гуморалдық. Қалыпты қан сарысуы грам теріс бактерияларды ыдыратады. Онда табиғи антиденелер организмге түскен микробтармен байланысып, комплементгт белсендіріп, микробтарды ыдыратады. Бактериялардың клетка қабырғаеы екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – липополисахарид , ішкісі -пептидо-гликандар. Антидене мен комплементтің эстеразасы сыртқы қабатты ыдыратады, одан соң қан сарысуындағы лизоцим пептидогликандық қабатты бұзады.
Өте маңызды белок - пропердин, комплементті альтернативтік жолмен белсендіреді.
Табиғи иммунитеттің келесі факторы - бета-лизин, антибактериальдық белок. Ол тромбоциттер ыдырағанда пайда болады, грам оң бактериялардан бірінші корғаныс болып саналады.
Туа болатын табиғи гуморалдық иммунитеттің факторы -интерферон-дар, белоктар. Бұларды вирусы бар клеткалар шығарады, басқа клеткаларды вирустың зақымдауынан қорғайды. Зақымдалған клеткалардан шыққан интерферондар көрші клеткалардағы вирусқа қарсы белсенді белоктарды шығаруын күшейтеді. Осы белок вирустардың мДНҚ әсер етіп вирустардың көбеюін тоқтатады.
Интерферонның үш түрі белгілі.
1) альфа-интерферон - лейкоциттер шығарады, вирустар немесе синте-тикалық полинуклеотидтердің әсерімен өнеді;
2) бета-интерферон - фибробластардың секретімен шығады, вирустар немесе синтетикалық полинуклеотидтердің әсерімен өнеді;
3) гамма-интерферонды немесе иммундық интерферонды арнайы анти-ген әсерімен кейін Т-лимфоциттер (хелпер-1) шығарады, Гамма-интерферондар Т-лимфоциттерді, макрофагтарды, ТК-клеткаларды белсендіреді.
Лактоферрин гуморалдық антимикробтық белсенділікті көрсетеді. Бұл белок бактериалық клеткалардың зат алмасуына керек темірді өзіне байланыстырады. Трансферрин - фагоциттердің ішіндегі сарысудың бета-глобулины да осындай қорғаныс жүргізеді.
Сілекей мен сүтте (ананың) лактопероксидаза бар, оның бактерицидтік әсері миелопероксидазаға ұқсас.
Лизоцим (муромидаза) клеткаларда және сұйық ортада (көз жасы, сілекей, мұрын секреті т.б.) әртүрлі бактерияларды белсенді жояды.
Табиғи иммунитеттің кемшілігі:
1) организмге бөтен агент түскенде туа қалыптасқан иммунитеттің барлығы жаппай қатысып, кейде оның кері әссрлері пайда болады;
2) туа болған иммунитеттің агентті анықтау қызметі жоқ, сондықтан арнайы реакциясы да жоқ;
3) иммунологиялық естелік қалмайды.
1.4. Адаптивтік арнайы иммунитет - жүре пайда болатын иммунитет. Иммунитет жеке адам өмірімен ғана байланысты, тұқымқуаламайды. Ол белсенді және енжар түрге бөлінеді. Иммунитет жұқпалы аурумен ауырған-нан кейін немесе оларға қарсы егуден кейін пайда болады. Мұндай иммуни-тетті белсенді иммунитет дейді. Мысалы, қызылшамен, жел шешекпен ауырғандарда иммунитет өмір бойы қалады. Ал гриппен ЖРВИ кейін - 2-3 жыл ғана сақталады. Вакцина еккеннен кейін пайда болатын иммунитет белсенді иммунитеттің бір түрі. Егілгеннен кейінгі иммунитет 14 күннен кейін пайда болып, бірнеше айдан 5 жылға дейін сақталады (ауруына байланысты).
Иммунитет - жеке кісілік және коллективтік (ұжымдық) болып бөлінеді.
Жасанды пассивті (енжар) иммунитет - ауырған немеее егілген (жануардан) алынған иммуноглобулинді еккенде пайда болады.Ол, мысалы, анадан плацента арқылы балаға беріледі.Мұндай жағдайда иммунитет 6 айға дейін сақталады. Бұл аналық иммунитет, ең бірінші жүре пайда болатын иммунитет. Пассивті тез қалыптасып, екеннен кейін 1 ай бойы ғана сақталады.
Инфекциялық иммунитеттің бір түрі - таза емес, жұқпалы иммунит. Ондай иммунитет аурудың қоздырғышы организмнен -тазарғанша сақтала-ды. Мысалы: туберкулез, бруцеллез аурулары. Кейбір вирустардың организмде көп уақыт сақталуы да жұқпалы иммунитет беруі ықтимал.
Кейбір ауруларда жергілікті иммунитеттің де маңызы зор. Бұл эволю-циялық қалыптасуға байланысты (ІgА, интерферон, лизоцим), қорғаныс заттарының табылуына байланысты шыққан үғым. Көп авторлар жергілікті иммунитет жалпы иммунитеттің жеке көріністерінің бір бөлігі деп атайды.
Трансплантациялық иммунитет-трансплантат пен рецепиенттің антигендерінің гистосәйкестігі бір-біріне дәл келмегенде, трансплантантың антигендерінің индукциясымен трансплантатты бөліп, некрозға ұшырататын иммунитет. Клеткалық иммунитетгің бір түрі, элиминация қызметін атқаратын Т-лимфоцит-киллерлердің пайда болуымен жүреді. Цитотоксика-лық және гиперсезімталдықпен жедел жүретін иммундық комплекстер варианттары дамуының маңызы зор. Трансплантациялық иммунитет көбінесе трансплантатқа қарсы немесе кейде трансплантат реципиентке қарсы (трансплантат сүйек миы болғанда) дамиды.
Жүре пайда болатын арнайы иммунитет Т- және В-лимфоциттерімен жүреді. Антигендердің түріне байланысты иммундық жауап клеткалық және «гуморалдық» иммунитет болып бөлінеді. Клеткалық иммунитеттің дамуы Т-лимфоциттер мен оларды жетілдіретін айырша безге қатысты. Клеткалық иммунитеттің эффекторлары: сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер және олар өндіретін лимфокиндер. Клеткалық иммунитетті бағалау үшін алдымен Т-лимфоциттерді және олардың субпопуляцияларын (Т-хелперлер-1, Т-киллерлер, Т-эффекторлар, Т-супрессорлар) анықтау қажет.
Антивирустық иммунитет клетка ішінде орналасқан вирустарды жоюға бағытталған клеткалық иммунитеттің цитотоксикалық вариантын шақырады.
Клетка сыртындағы микробтар гуморалдық иммунитет жауабының индукциясын береді.
Гуморалды иммунитеттің эффекторлары - имиунды глобулиндер. Гуморалды иммунитеттің дамуы В-лимфоциттерге байланысты. Олардың бақылауын құстарда Фабрициус қалтасы, сүтқоректілерде сүйек миы, басқадай лимфа жүйесі жүргізеді. Иммунитет деңгейін антиденелердің авидтілігімен , В-лимфоциттердің және иммунды глобулиндердің (А,G,М, Е) жалпы санымен анықтайды.
