Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12-39.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

2. Иммундық жүйе

Иммундық жүйе - организмнің генетикалық дамуында қалыптасқан клеткалық және гуморалдық иммунитет құрамының тұрақтылығын сапалы қадағалайтын жүйе.

. Иммундық жүйесі мына компоненттерден тұрады (Е.П. Шувалова, басқалар, 2001): 1) Биологиялық беЛсенді макромолекулалар:

а) иммунды реакциялардың медиаторлары: -:интерлейкиндер .

б) өсу факторлары:

- интерферондар; - ісіқ неқроз факторы;

- лимфотоксин;

- эктодермальдық өсу факторы;

- фибробластардың өсу факторы

- гранулоцитарлық өсу факюры

- макрофагальдық өсу факторы;

ғ) гормондар: - тимопептидтер; - миелопептидтер.

2) иммунды қабілетті клеткалар (иммунокомпетентті);

а) Т- және В- лимфоциттері;

б) цитотоксикалық клеткалар; в) иммунды қабілетті клеткалар шыгаратын цитокиндер.

Ш. Иммундық жүйенің мүшелері:

а)орталық:

- айырша без(Т-жүйесі)

- сүйек миы (В-жуйесі)

б) шеткілік: - көкбауыр - лимфа түйіндері

- асқазан-ішек жолындағы лимфоидты жиынтықтар.

Иммундық жүйе мақсаты

- бөгде клеткалардың организмге кіруінен және генетикалық өзгерген клеткалардың пайда болуынан қорғайды;

-ескірген (кәрі) ақаулы өз клеткаларын және дәл сол сәттегі организмнің ерекшелігіне сай келмейтін бұзылған клеткаларды жойып отырады; -генотипі бөтен жоғары молекулалы биологиялық заттарды бейтараптайды.

Иммундық жүйе - көпкомпоненті, бірақ барлығы тұтас жүмыс істейтін кешен. Иммундық жүйеге эволюциялық дамуында ерте қалыптасқан бейспецификалық қорғаныс компоненттері және кейін пайда болған спецификалық қасиеті өте жоғары иммундық реакциялар қатысады.

Иммундық жүйенің негізгі клеткасы - лейкоцит, оның әр түрлі популяциясы және субпопуляциясы бар.

Иммундық жүйенің спецификалық қасиеті лимфоциттермен және олар бөлетін лимфокиндер жөне антиденелермен сипатталады.

Иммунды жүйенің бейспецификалық қызметі (бөгде клеткаларды жою) моноциттер, гранулоциттер, бейспецификалық лимфоциттер атқарады. Бейспецификалық қорғаныс элементтерінің саны спецификалық мүшелерге қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан бейспецификалық элементтер бөгде антигендік заттарды жоюға бағытталған, ал спецификалық жүйе оларға хабар беру, оларды белсендіру және антигендердің жоюын бақылайтын жұмыстарды жүргізеді.

Қан, лимфа, тінаралық сұйықтық иммунитет жүйесінің клеткалық және гуморалдық факторларын қамтамасыз етеді.

Клеткалық факторларға жататындар - қандағы барлық лейкоциттер.

Бұл клеткалардьщ бәрінің өзіне төн морфологиялық және цитохимиялық ерекшеліктері бар.

Гуморалдық факторлар:

- Гамма-глобулиндер антиденелердің (ІgА, М, G, Е, D) қызметін атқарады Комплемент - термолабильді белоктар, 25 сарысу белоктары, оның ішінде тоғызы комплементтердің маңызды компоненттері. Комплементтерді макрофагтар түзеді.

- Лизоцим сілекейде, көз жасында, сарысуда кездесетін термолабильді фермент, макрофагтар мен эпителий клеткалары бөледі,

- Цитокиндерді - полипептид молекулаларын, иммунды компотенетті клеткалар бөледі. Олар иммунды клеткалардың жетілуіне қатысады. Оған интерлейкиндер, интерферондар, колония белсендірушілер, т.б. факторлары жатады.

- С-реактивті белок пен жедел кезеңнің белоктары жедел қабыну процестерінде пайда болады. С-реактивті белок лейкоциттердің қозғалуын жылдамдатады,Т-лимфоциттерімен қосылып оның белсенділігін күшейтеді.

Иммундық жүйенің мүшелеріне айырша без, Фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы, пейер табақшалары ( ішектегі лимфатикалық клеткалардың жиынтығы), көкбауыр, лимфа бездері, бадамша бездері, лимфатикалық клеткалар популяциясы мен лимфа, құрт тәрізді өсінді, жеке орналасқан лимфоидтық фоликулалар жатады.

Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық иммунитет жүйесіне айырша без, Фабрициус қалтасы, (құстарда) , сүйек миы кіреді.

Шеткі иммунды жүйе мүшелеріне көкбауыр, лимфа бездері, басқадай лимфалық құрылымдар жатады.

Орталық мүшелерде лимфалық клеткалар пайда болады, жетіліп, макрофагтарға, лимфоциттерге, нейтрофильдерге айналады, организмді иммунды клеткалармен қамтамасыз етеді, гуморалді факторлардың әсерімен дін клеткалары Т-, В- лимфоциттерді, нейтрофилді, эозинофил, базофил, макрофааг, эритроциттерді шығарып тұрады. Дін клеткаларынан түзілген Т- клеткалар әлі жетілмеген. Олар айырша безде одан әрі дамиды, гистосәйкестігін айыратын иммунды қабілеті Т- лимфоциттер клеткаларына ( хелперлер – СД-4, супрессорлар – СД8, киллерлер) айналады. Бұл клеткалардың барлығы антиген айыра білетін рецепторлар алады ( спецификалық рецептор). Айырша безде барлық лимфоциттердің 70 % ғана дамудан өтеді, антигенді айыра білетін клеткалар – 5- 7%. Айырша безден шыққан клеткалар лимфа бездерінің милы аймағында орналасады.

Айырша бездің қыртысты қабатында лимфоциттер тез өседі, көбейіп отырады, соның салдарынан кортикалдық Т- лимфоциттердің көлемі әр түрлі болады (үлкен-d-13мкм, орташа – d- 9 мкм, кіші d-6 мкм). Бұл клеткалар рентген сәулесіне және кортизон әсеріне сезімтал. Кіші литфоциттердің 20%-ы ұзақ уақыт өмір сүреді, олар лимфа бездерінен, көкбауырға орналасады айырша безге бағынышты аймақтар құрайды.

Сүйек миы – қан элементтерін шығаратын иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады. Сүйек миы қызыл, сары болып бөлінеді, өйткені эритроциттер мен лимфоциттерден тұрады. Лимфоидты клеткалар саны 0-20%, плазмацитер – 0,4%.

Сүйек миында дін клеткаларында қанның клеткалары- эритроциттер, лимфоциттер, тромбоциттер, Т-В- лимфоциттері түзіледі. В лимфоциттерінің беткейінде иммуноглобулин (антигенді айыратын) рецепторлары бар, олар генетикалық код арқылы әсерленеді (гистосәйкестігін білетін) және иммундық жауап беруге, иммундық жүйе жұмысына қатысатындай қасиет береді.

Көк бауырды кейінгі кезде имунды жүйенің орталық мүшесіне жатқызып жүр (Кетлинский 1998 ж). Көкбауырда эритроциттерден басқа Т-В- лимфоциттер, плазмалық клеткалар, және ретикулярлы фагоциттер бар. Лимфоидты клеткалар жетілетін өзгерістерге түсіп, кіші, орта және үлкен лимфоциттер, лимфобласттар, плазмабласттар пайда болады.

Көкбауырдың лимфоциттерінің 20-40%-ы Т- лимфоциттер, 40-60% В- лимфоциттер.

Лимфа бездері – лимфа тамырларының бойында орналасады, қыртысты және милы қабаттары бар, лимфоидты клеткалар, макрофагтар негізінде қыртысты қабатта орналасқан. Осы қабатта лимфоидты клеткалардың көбейетін жері- фолликулалар бар. Фолликулалар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді: Біріншілік фолликулалар эмбриондық дамудың аяғында пайда болады.

Екіншілік фолликулалар нәресте туғаннан кейін 1-2 ай өткенде пайда болады. Милы қабат пен қыртысты қабаттың ортасында айырша безден келген кіші лимфоциттер орналасқан.

Лимфа бездерінде де Т-,В- лимфоциттерінің қарым қатынасымен клеткалық – гумаралдық иммунды реакциялар жүреді. Пейер табақшалары ащы ішектің шырышты қабатында орналасқан лимфа бездері: үстіңгі қабатында В-лимфоциттер, Т-хелперлері, макрофагтар, ал-эпителий клеткаларының астында Т-лимфоциттер орналасқан. Орта және үлкен лимфа бездерінде лимфоциттер көбейеді, ортасында ретикулярлық, клеткалар, макрофагтар, плазмалық клеткалар бар. Лимфа бездерінде –плазмалық клеткалар 30%, кіші лимфоциттер 40%, орташа көлемді лимфоциттер 20%, макрофагтар 10%.

Таңдай лимфа бездері (бадамша бездері) жұтқыншақта орналасып, микробтың тыныс алу жолдарына өтуін бөгейді. Бездерде біріншілік фоликуллалар кіші, орта, үлкен лимфоциттерден, ретикулярлы клеткалардан тұрады. Екіншілік фолликулалар көп ядролы клеткалардың жиынтығы. Аппендикс қабырғасында лимфоидтық клеткалар (лимфобласттар, пролимфоциттер), лимфоциттер бар. Т-мен В- лимфоциттердің қатысы 14:1 ден 20:1 дейін. Т-лимфоциттері кіші және орта лимфоциттерден тұрады. Қарт адамдарда тимус сияқты аппендикс те атрофияға ұшырайды.

Қан иммунитет клеткалары үшін тасымалдаушы болғандықтан иммунды жүйе жұмысына тығыз қатысы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]