- •17 Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлары
- •18 Зат алмасуы бұзылғандағы иммундық тапшылықтар
- •19 Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар
- •20 Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21 Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1 Жүктіліктің иммунопатологиясы
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы
21.1 Жүктіліктің иммунопатологиясы
Егерде жүкті әйелдің денесінде иммунологиялық шиеленіс дамыса, ол ұрыққа да және шешесіне де әсер етеді. Онда жүктілік үйреншікті түсікпен, кеш токсикозбен асқынады. Жүктіліктің кеш дамитын токсикозында клеткалық және гуморальдық иммунитеттің, лимфоциттердің субпопуляциясымен катынасы, сарысудағы иммуноглобулиндердің деңгейі өзгереді. Кеш токсикоз әйелдің қан тобы 0 (I) болып, ұрықтың қан тобы А (ІІ) немесе В (ІІІ) болса, жиі кездеседі. Кеш токсикоздың ауыр түрі (предэклампсия) лейкоциттер антигендерінің (НLА) жүйесіне сәйкес келмеген жағдайында кездеседі. Мұндай өзгерістер туыстық үйленулерде, жұбайларда, анасында және ұрықта жалпы аллоантигендер НLА болғанда жиі дамиды.
Жүктіліктің дағдылықты түсік беру себебі - әкесі мен анасының лейкоциттер антигендері жүйесінің екі және одан көп локустарының дәл келуінде. Дағдылы түсікті емдеудің нәтижелі екі әдісін ұсынады:
1) анасына баланың әкесінің бір кішкентай терісін трансплантация жасау;
2) анасына әкенің лимфоциттерін тері ішіне кіргізу.
Ұрық иммунитеті. Біріншілік лимфоидты мүшесі - айырша безі жүктіліктің алтыншы аптасында пайда болады. Айырша без алғашқыда үшінші желбезек қалтасынан дамыған эпителиальды мүше. 8-9 аптада сол мезгілде негізгі қан құрайтын мүше-бауырдан шыққан кіші лимфоциттер айырша безге орналасады. Кіші лимфоциттер жүктіліктің 7-8 аптасында ұрықтың шеткі қанында пайда болып саны көбейеді. Осы кезде шеткі қандағы лейкоциттердің 50% лимфоциттерден тұрады.
Жүктіліктің 3 айынан бастап қан құрайтын мүше көк бауыр болып, онда 5 айға дейін әуелі эритроциттер, кейін лимфоциттер және моноциттер шығады. Жүктіліктің үшінші айында шеткі лимфа бездері пайда болып, онда лимфоциттер қоныстайды.
Ішектің лимфа тіндері жүктіліктің екінші жартысында дамиды. Бауырда В-лимфоциттері 9-аптада пайда болады. Кейінірек олар көк бауырда және шеткі қанда табылады. 9-аптада - клеткалар иммуноглобулин М, тағы бір апта өткенде G-иммуноглобулиндерін, екі аптадан кейін - ІgА шығарады. Жүктіліктің 12-15 аптасында В-лимфоциттер тез көбейіп жас нәрестелерде сол күйінде сақталады.
Көкбауыр клеткалары 20 аптадан бастап иммуноглобулиндерді өндіреді. Иммуноглобулин М кіндік қанында 10 мг/100 мл-ге жетеді. Бұл тек ұрықтың иммуноглобулиндері, өйткені плацента арқылы ІgМ өте алмайды. Туа болған инфекцияларда ІgМ деңгейі 20мг/100 мл жетуі мүмкін.
Иммуноглобулиндер А,Е,Д плацента арқылы өтпейді. Ұрық денеде олардың синтезі өте аз. Нәрестенің кіндік қанында ІgА 3 мг/100 мл., ІgД (0,3 мг/100 мг) және ІgЕ (0,003 мг/100 мл) тіпті аз.
Антигеннің тітіркенулеріне ұрық организмі клеткалық және гуморальдық иммунды реакциялармен жауап береді. Гуморальдық иммунитет анасының инфекциясына қарсы дамиды. Құрсақ ішінде де әр түрлі антигендерге, әсіресе өсімдіктердің тозаңына сенсибилизация дамуы мүмкін. Нәрестенің иммуноглобулин М синтезі ересек кісілердікімен салыстырғанда иммуноглобулин G-ге өте баяу ауысады.
Ұрық анасынан плацента арқылы даяр иммуноглобулин G алады және өзін де иммуноглобулиндерді көптеп шығара бастайды. Басқа иммуноглобулиндер плацента арқылы өте алмайды.
Т-лимфоциттері әуелі айырша безде жетіліп, содан кейін шеткі лимфа түйіндеріне орналасады. Айырша без 10-аптада ФГА-ға, өзінің иммундық жауапқа әзір екенін көрсетеді. Жүктіліктің 12-аптасында ұрық лимфоциттері қосынды дақылында үлкендердің аллогендік клеткаларына иммундық жауап береді.
Жүктіліктің ортасында ұрық тері трансплантатын некрозға шалдықтырады. ұрық фагоциттерінің функциясы ақаулы. Қанның опсониндік белсен-ділігі басылып, хемотаксис бүзылған. Комплементтің компоненттерінің синтезі жүктіліктің 8-аптасында басталады. С1 және СЗ-компоненттері ішекте, С2- және С4-макрофагтарда түзіледі, С4- жөне С5- бауырда құралады. Бауырда С1 ингабиторы пайда болады. Кіндік қанында комплементтердің жалпы деңгейі шешесінің комплементерінің 50% тең болады.
Жүктілікке карсы вакцина. Иммунологиялық әдіспен жыныстықты реттеудің жолдары: имплантацияны болдырмау, сперматозоидтардың транспортын тоқтату, ұрықтанудан сақтандыру. Жақсы нәтиже бірінші бағытпен жүргізілген ізденісте болды. Кісі хориогонадотропинының бета-суббірлігінің негізін сіреспенің анатоксинімен қосып антифертильдік вакцина алынды.
Әр түрлі жануарларда, оның ішінде маймылдарға жүргізілген зерттеулерде вакцина өте жоғары нәтиже берді. Клиникада сынау өткізу керек деген шешім қабылданды.
Ұрықтану иммуиологиясы
Ұрықтанған аналық клетканың (зиготаның) жетілген ұрыққа (балаға) дейін дамуы, ананың денесіндегі иммунитеттің супрессорлық механизмімен жүруінде.
Жүктіліктің барлық даму кезеңдерінде осы механизм ананың организмінің ұрыққа қарсы иммундық реакция жүргізуінен қорғайды.
Осы супрессия әр түрлі факторлардан тұрады:
І.Эндокринжүйесінің өнімінен;
2.Жалпы және жергілікті имундық реакциялық өзгерістерінен;
Ұрықтану - антиген + антидене реакциясы.
Сперматозоидта көптеген басқа антигендерінен басқа, капатизация кезінде ашылатын МА-1 антигені бар. Аналық клетканың адгезия функциясын атқаратын белок сперматозоидты ұрықтану кезінде «ұстап» тұрады. МА-1 антигеннің аналық клетка рецепторымен байланысуы әр түрлі факторлардың әсерінен болмауы мүмкін. Эндогендік белоктар, әр түрлі ферменттер байланысуды бұзып, стресс экспрессияны азайтып, кері әсер етеді.
Сперматозоидтарға және бластоцистке әйелдерде табиғи толеранттылық мына жағдайларға байланысты қалыптасқан:
І.гаметаларда (жыныстық клеткаларда) трансплантациялық антигендер жоқ;
2.ұрықтық плазма иммунитетті тежейтін әсер етеді;
З.әйелдердің жынысқа жолындағы супрессивті факторлар (шырышты қабықтағы Т-лимфоцит супрессорлар және генетикалық әсермен белсенділігі төмен макрофагтар).
Зигота анасының клеткалық иммунитетінен НLА молекуласы жоқ мөлдір қабатпен қоршалып қорғанған. Бұдан кейінгі даму
ксзеңдерінде де НLА табылмайды. Әйелде жыныстық қатынас кезінде еркектің НLА молекуласымен сенсибилизация дамиды. Сенсибилизацияны әсіресе еркектің шәуетіндегі ертінді трофобласт-лимфоцит айқасты антигені (TLХ) береді. Қазір осы антигеннің 4 түрі белгілі. Бұлардың кейбірі НLА-ға ұқсас, басқалары адам трофобластының арнайы антигені (ТрФ).
Ұрықтану және Ұрықтың одан әрі дамуы белгілі гормондардың (эстрагендер мен гестагендердің әсерімен жүреді) жатырды дайындауда және оған ұрықтың имплантациясында маңызды роль прогестерон, бластокинин, жүктіліктің алғашқы фазасы белоктары атқарады. Бұл кезде Т-лимфоциттер-супрессорлар (СД8) белсенділік көрсетеді. Сөйтіп, гормондарда шешесінің ұрыққа толеранттылығын көтереді.
Анасымен ұрық арасындағы иммунологиялық тепе-теңдікті плацента атқарады. Плацентаның бірнеше функциясы бар:
І.Зат алмасу немесе транспорттық функциясы. Ұрыққа иммуноглобулиндердің (барлық класстары), ен алдымен LgG өтеді: ұрықтан анасының қанына ұрықтың альфа-фетопротеині (күшті иммуносупрессивтік белсенділігі бар белок), глюкокортикоидтар мен эстрогендер, трофобласт клеткалары, лейкоциттер және
эритроциттер өтеді.
2.Тосқауылдық функциясы. Ұрықты шешесі жағынан келетін зиянды заттардан қорғайды. Әкесінің НLА антигеніне қарсы антиденелер сүзіліп, ұсталып, СЗ-конвертазамен белсенділігін жойып трофобластқа цитотоксикалық әсер етпейді.
З.Иммунитетті реттейтін функциясы. Плацента простагландин Е2 (ПГЕ-2), хориондық гонадотропин (ХГ) және трофобластық бета-1- гликопротеин өндіреді.
ПГЕ-2 жүктіліктің бірінші күнінен шығып лимфоциттердің ИЛ-2 рецепторларының белсенділігін басады. ХГ ұрықтанғаннан кейін пайда болып оттегіне байланысты метаболизмді, антигеннің ұсынысын, процессингті басып, макрофагтарды тежейді.
Жүктілік кезінде жалпы иммунитетте өзгереді: Т-супрессорлардың саны көбейіп, иммунитет реттейтін индекс азаяды. Мұндай өзгеріс жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болып, аяғына дейін сақталады. Супрессорлық өзгеріс арнайы әке НLА - гаплотипіне бағытталады. Жалпы иммунитеттің басылуы хориондық гонадотропинге байланысты. Шеткі лимфоциттерінің осы гормонға рецепторлары бар. Т-хелперлердің азайып, Т-супрессорлардың көбеюі осыған байланысты. Хелперлердің өзгеруі хелпер-2-ні көбейтеді. Осы механизмдер бұзылса (супрессия азайса) әйелдерде кенеттен болатын түсік (аборт) дамиды. Егер иммунитет реттейтін индекс дені сау (жүктілік жоқ) адамдардікіндей болса, ол да түсік түсу қауіпін көрсетеді.
Фетоплаценталық комплекс стероидтарды және плаценталық лактогенді максимум шығаруы Т-супрессорлардың 3-ші триместрде көбеюіне дәл келеді. Осы айтылған гормондар супрессорлық әсерін жүктіліктің 8-32 аптасына дейін сақтайды. Т-клеткалардың супрессорлық әсері 37-аптадан бастап азайып, бала туар алдында Т-хелпер-1 әсері көтеріледі. ұрықты анасының иммундық жүйесінен қорғайтын
факторлар:
І.Трофобласт клеткаларында НLА классикалық антигендердін, I
және ІІ -кластары жоқ;
2.Т-хелперлердің функциональдық тепе-теңдігі хелпер-2
жағына басым жүреді;
З.Плацентаның иммунитет реттейтін рөл - ананың организмінде
иммунитет басатын жағдай құрады.
