Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
148-169.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы

рөлі.

Егерде кісі жыл бойы контрацепциясіз жыныстық қатынастағы ерлі-байлы жағдайдағы әйелде жүктілік болмаса - бедеулік, -

дейді.

Бедеулік ері мен әйелде бірдей кездеседі. Бедеуліктің негізгі себебі жыныстық мүшелерде бұрын өткен қабыну процестері. Созылмалы қабыну процестерін көбінесе (75%) қарапайымдылар (трихомонадалар), бактериялар (стрептококктар, стафилококктар, ішек таяқшалары), хламидиялар, гарднереллалар және толық емделіп жазылмаған венерологиялық жұқпалы аурулар дамытады.

Бедеуліктің патогенезі созылмалы жұқпалы аурулардың әсерімен дамитын жалпы және жергілікті иммундық процеске байланысты. Салдарлық иммундық тапшылық дамуы бедеулікке әкеледі. Кейде әйелде ешқандай қабыну ошақтары табылмайды да, бедеулік саддарлық иммунитет тапшылығымен ғана қалыптасқаны анықталады.

Бедеуліктің 5% антиспермалық иммунитетпен байланысты, яғни жергілікті конфликт сперматозоидтарға қарсы пайда болған

антиденелермен жүреді.

Өте сирек жағдайда инфертильдік әйел мен еркектің НLА жүйесінің антигендері тым жоғары гистосәйкестікте болуы анықталып, оны бедеуліктің салыстырмалы түріне жатқызады. Сонымен, бедеуліктің дамуы мына иммунологиялық факторлармен байланысты болуы мүмкін:

1)әйелдің салдарлық иммуиитет тапшылығына;

2) антиспермалық иммундық конфликтпен;

3)әйел мен еркектің антигендерінін, өте жоғары

гистосәйкестігімен

Бедеуліктің бір себебі – әйелдердің салдарлық иммундық

тапшылыгы.

Жүре болған иммундық тапшылық жүктіліктің бірінші триместрінде үйреншікті түсікпен, екіншілік бедеулік немесе ұрықтану болмай - біріншілік бедеулік беруі мүмкін.

Әйелдердің, иммундық тапшылығын анықтау үшін ерлі-зайыптылардын, жыныстық жолдарының қабыну процестері бар-жоғын тексереді. Олар андрологта, (уролог және сексопатологга), гинекологта қаралып, қорытынды әкеледі. Егер жыныстық жолдарының қабыну процестері жоқ болса, ерлі-зайыпты иммунологиялық тексеруден өткізеді.

І.Әйелдің иммунограммасын анықтайды. Иммунограмманы менструальдық циклдің ортасында немесе 4-5 күн бұрын алдында алады;

2.Қан топтарын және резус-факторды анықтайды;

3. Антисермалық антиденелерді анықтайды;

4.НLА жүйесі антигендерін тексереді.

Осындай тексерудің нәтижесінде жыныстық мүшелерге байланысы жоқ басқа ағзалардағы қабыну ошақтарын анықтайды. Созылмалы рецидивті инфекцияларға байланысты иммундық тапшылықтағы иммунограмманың өзгерістері мынандай:

1) Т-хелперлердің саны көп азайған (1 мл-де 400-ге

жетпейді);

2) Иммунитет реттейтін индексте азайған (1,5 және оданда

аз);

3) В-лимфоциттер көбейген (кейде азаюы да мүмкін). Мүндай жағдайда иммунограмманың өзгерістерімен қатар аналық бездердің дисфункциясы дамиды. Эстрогендер мен гестагендердің деңгейі және салыстырмалы қатынасы өзгереді. Салдарлық иммунитет тапшылығы бедеулік бергенде көптеген мүшелер мен жүйелердің қабыну процестері (бронхтар мен өкпенің, ас қорыту және жүйке жүйесі, әсіресе вегетодистония, тірек-буын аурулары т.б.) бірге жүреді.

Жүре болған иммундық тапшылығында, қабыну процестерінің асқынуларында, әсіресе вирусты ауруларда, иммунитет реттеуші клеткалардың дисбаланысында қабыну жақтайтын цитокиндер белсенеді. Олардың ішінде интерферондардың клеткалық иммунитетті белсендіруімен Т-киллерлерге және цитотоксикалық антиденелерге демеушілік беруі жүктіліктің бастапқы кезінде ұрықты зақымдайды. Осы механизмдер салдарлық бедеулікте -үйреншікті кенеттен болатын түсіктерде орын алады.

Иммунитет тапшылығындағы бедеулік әйелдің ТLХ антигенге изосенсибилизациясының жетімсіздігінен, иммунологиялық тану толық жүрмегендіктен НLА II -класс молекуласының және басқа рецепторлардың экспрессиясының төмендеуі салдарынан да болады.

Сперматозоидтың МА-І антигеніне аналық клетка рецепторларының қарым-қатынасы төмендеуі де бедеуліктің себебі болуы мүмкін.

МА-І байланысатын рецептор әр түрлі факторларға (стресс, улану) өте сезімтал. Бұл факторлардың әсерінен ұрықтану болмай, ілікті бедеулік дамиды.

Иммунитет тапшылығын емдеу эндокриндік және иммундық жүйенің бұзылыстарын қалыпқа келтіреді. Он екі аптаға дейінгі, аналық безге байланысты түсіктер азаяды.

Иммунитет тапшылығында энтеросорбция жүргізіледі. Өсімдіктен алынған (мия тамырынан), арнайы иммунитет белсендірушілер, синтетикалық иммуномодуляторлар қолданылады. Вирусты инфекцияларда интерферон тобының препараттары пайдалы.

Иммунитет жүйесінің барлық звеносының функцияларының бұзылыстарын эпиталамин (цитомедин тобынан) қалыпқа келтіреді.

Кейде иммуноглобулиндердің кемшілігін орнына келтіру үшін -сандоглобулин беруді ұсынады.

Иммунитет тапшылығының, клиникалық көріністері анық жағдайларда тимус препараттары және В-активин (миелопид)

тағайындалады.

Иммунитет кемшілігі бар бедеулік әйелді емдеуге бірнеше

ұсыныстар:

1)овуляция және менструация кезінде иммунограммаға тексермейді;

2)ем қабылдаған соң бақылауға иммунограмманы 2 ай уақыттан кейін ғана тексеріледі;

3)әйелдерді қайталап иммунологиялық тексеру әрбір жарты жылда жүргізіледі.

Жүкті әйелдерді иммунограмма алып тексеру триместрде бірнеше рет жүргізеді. Жүктілікте иммунограмма өзгерген: бірінші триместрдің аяғында хелперлер азайған, ал иммунитет реттейтін индекс 1,5 тен аспайды. Бұл индекстің көбеюі кенет болатын түсіктің қаупін көрсетеді.

Жергілікті антиспермалық нммунитет

Иммунитетке тәуелді бедеулікті-антиспермалық шиеленіс -дейді. Ерлі-зайыптыларда антиспермалық антиденелер жатыр мойынының секретінде, шәуітте және қан сарысуында табылады. Қалыпты жағдайда антиденелер дамымайды, өйткені ұрықтық плазманың айқын иммунитет басатын қасиеті бар.Сперматозоидтардың антигендері 30-дан артық, ұрықтық плазмада - 10. Оларды вирустар және жыныстық жолдарындағы қабыну процестері белсендіреді.

Сперматозоидтағы арнайы антигендер акреома антигені және мойын антигені-гликопротеиндер және цитохромдар. Аталық ұрық безі жарақат-танғанда бұл антигендер жергілікгі антиспермалық шиеленісу дамытады. ұрықтық плазмадан сперматозоидқа қан топтарының, эритроцидтердің, резус және НLА жүйесінің антигендері сіңу арқылы жұғады.

Антиспермалық антиденелер ұзақ жылдар бойы жыныстық қатынаста сперматозоидқа және сіңу аркылы келген антигендерге қарсы пайда болады.

Жыныстык жолдардың ұзақ жарақатында сперматозоидтар тіндерге де кіреді. Сөйтіп, белгілі жағдайда әйел сперматозоидтармен иммунизацияланады. Осы жағдайларға жататындар:

1) қабыну процесімен жергілікті иммунитет белсенеді;

2) бұрын ауырған инфекциялардың қоздырушыларымен сперматазоидтардың арасында түйіскен детерминаттар пайда болады;

3) ұрықтық плазманың иммунитет тежейтін қасиеті азаяды;

4) антидене синтезінің күшеюіне генетикалық бейімділік. Сперматозоидқа қарсы антиденелер жатырдың мойынында, жыныстык жолдың шырышты қабығының секретінде және қан айналымында табылады.

Аптиспермалық антиденелер қызметі

Жергілікті аутоантиспермальды антиденелер еркектерде ұрықтық плазмада, иммуноглобулиндер О, А және М қан сарысуында кездеседі. Иммуноглобулиндер еркектердің ұрықсыздығына әкеледі:

1)сперматозоидтарға тікелей әсер етеді;

2)жыныстық жолдарындағы макрофагтарды белсендіреді. Иммуноглобулин О - ұрықтық плазмада титрі 1:52-ден асса, агглютинациялық қасиетін жүргізеді. Титр 1:64 болғанда сперматозоидтар шәуітте бірімен-бірі құйрықтарымен желімденеді. Олар тіке емес иммунофлюоресценция әдісінде моноклондық антиденелермен анықталады.

Әйелдерде антиспермалық антиденелер жатыр мойынының секретінде, жатырдың түтігінде, эндометрияда болады. Антиденелер сперматозоидтар-ды бір-бірімен бастарымен агглютинацияға шалдықтырады. Бұл антидене-лер ІgМ және жатады, өздерінің әсерін комплемент аркылы жүргізеді.

Егер антиденелер жергілікті түзілумен пайда болса, олар және ІgА. Сілемелік ІgА комплементсіз қорғаныс жүргізеді.

Осы антиденелер сперматозоидтың жатырдың мойын каналына кіруіне кедергі жасайды және капацитацияны басады.

Аналық клеткаларда дамитын аутоиммунитет

Зиготаның мөлдір зона қабығына қарсы пайда болған антиденелер бедеулік береді. Оның жиілігі антиспермалық бедеулікпен бірдей. Аналық клеткалар беткейінде арнайы, әр түрлі арнайы емес антигендер орналасқан. Мөлдір зонадан айқасты реакцияға түсетін 1 және 2 түрлі арнайы антиген бөлініп алынған. Мөлдір зонаның аутоантиденелері аз мөлшерде де ұрыктың үйреншікті түсікті болуына себеп.

Сөйтіп, әйелдердің антигаметалық аутоиммунитеті ұрықтанбауға және үйреншікті түсік дамуына әкелуі мүмкін.

Аутоиммундық процестің бар болуына күдікті болатын жағдайлар:

1) иммунограмма өзгерген;

2)әйелдің аутоиммундық процеске бейімділігі бар (НІА -ОКЗ, В8);

3 )ем жақсы көмектеспейтін иммундық тапшылық;

4)аналық бездің жарақаты;

5 )вирусты аурулармен ауырған;

6)туысқан әйелдерде бедеулік болғаны.

Әйелдерді антиспермалық антиденелерден емдеу шаралары:

1) қынапқа сперма түсірмеу, ол үшін 3-4 ай презерватив пайдалану керек;

2) энтеросорбенттермен және көк тамырға реополиглюкин (т.б.) құюмен детоксикация жүргізу. Емдеуді қайталаған нәтижелі.

Аутоиммундық процесте (әйелдерде - гаметаға, еркектерде -спермато-зоидтарға қарсы антиденелер) иммунитет басатын терапия жүргізеді.

Глюкокортикоидтармен емдеу гормонның және иммунограмманың бақылауымен өтуі керек.

Антифосфолипидтік әсерімен кенеттен болатын түсік

Кейде үйреншікті түсіктің себебі - фосфолипидтердің антигеніне қарсы аутоантиденелердің өнімі. Аутоиммундық реакция жүйке жүйесінің, қан тамырларының эндотелий клеткаларының және тромбоцит мембранасының фосфолипидтік детерминанттарына қарсы дамиды.

Жүктілік кезінде антифосфолипидтік синдромның дамуында плацентаның қан тамырларында тромбоз пайда болады. Кейде, тромбоз болмай, плацентада тек қабынумен жүреді.

Тромбоз пайда болу механизмі:

- кейбір фактордың әсерімен (вирус) тромбоциттер мен қан тамырларының эндотелилеріндегі фосфолипид антигендері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]