Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
248-265.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

П. Терілік сынамалар

Бұл организмнің арнайы сенсибилизациясын анықтау үшін теріге аллерген енгізіп, оған дамыған ісік пен қабыну реакциясын тексеретін диагности-калық әдіс. Терілік сынамаларын әрқашан ремиссия кезінде қояды. Терілік сынамасы санды, сапалы, тікелей және пассивті болып бөлінеді.

Сапалы терілік сынама - аллергенге сенсибилизация бар-жоғын анықтайды. Сынаманың оң болуы сол аллерген аурудың себебі екенін көрсетпейді. Аурудың себебі, басқа аллерген болуы да мүмкін. Өйткені, сенсибилизация болуы міндетті түрде аллергиялық реакция бермейді. Сондықтан дені сау адамдардың көбінде белгілі аллергендерге сенсибилизация болады (үйдің тозаңына, стрептококк т.б.), бірақ аллергиялық реакциялары жоқ.

Терілік сынамасы болғанда, ол аурудың анамнезіне сай келсе ғана осы аллерген ауру шақырады, деп ұйғарылады. Егерде аллергиялық сынама ауру анамнезіне сай келмесе немесе тері сынамасы нашар (шамалы) көрініс берсе, ауру өршітетін сынамалар қойылады.

Сандық тесттер сенсибилизапияның қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Сандық тесттер әр аурудың антигенге сезімталдығын жене арнайы гипосенсибилизация жүргізуге антигеннің бастапқы дозасын анықтайды.

Тері сынамасының тікелей сынамасы зерттелетін ауруға жүргізіледі. Тері сынамасының пассивті түрі ауру адамның сары суын сау адамға егіп, сол жерге антиген кіргізеді (Праусниц-Киюстнер реакциясы).

Тері сынамасының көріністері аллергиялық реакциялардың түріне де байланысты. Реагин (анафилаксиялық реакцияда) реакциясы аллерген еккеннен кейін 10-20 мин ішінде пайда болады. Тері реакциясы дөңгелек күлбірек немесе күлбіректің айналасында псевдоподиялар көрінеді. Күлбіректің түрі қызғылт немесе ақшыл, айналасында артериальдық гиперемия көрінеді. Бұл терінің бүртікті қабатының ісігіне және қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты. Бұл реакцияны күлбірек, уртикарлы немесе жедел түрі дейді.

Аллергиялық реакциялардың ІІІ-ІV түрлерінде теріде жедел қабыну дамиды - қызарған ісік, ыстық және сол жер ауырады.

Аллергиялық реакцияның ІІІ түрінде қабыну тым анық: 4-6 сағаттан кейін пайда болып, 12-24 сағаттан кейін жоғалады.

Аллергиялық реакцияның ІV түрінде қабынудың ең жоғары дамуы 24-48 сағаттан кейін. Сөйтіп, тері сынамасы аллергенге дамитын аллергиялық реакциялардың түрлерінде анықтайды.

Аурудың түрлеріне, дамытатын аллергиялық реакция түрлеріне, аллергеннің ерекшеліктеріне байланысты, терілік сынамалар әртүрлі әдістермен жүргізіледі.

Тері сынамаларының мынандай түрлері болады:

Апликациялық тері сынамасы (тері үстіне, эпикутанды сынамалар).

Теріде көрінісі бар аллергиялық ауруларда сынаманы қабынуы

жоқ, тері үстіне қояды.

Аллерген ретінде әртүрлі химиялық заттар, дәрілер пайдаланады. Көбінесе ерітінділер, сау адамға зияны жоқ мөлшерінде қолданылады. Диаметрі 1 кв. см. дәкені ерітіндіге малып алып иыққа, арқа немесе іштің терісіне қойып, целлофанмен жауып, лейкопластырмен орналастырады. Оның реакциясын 20 мин. 5-6 сағ және 1-2 тәулік өткен соң бағалайды.

Скарификациялық сынама - иыққа тері үстіне арасы 2-2,5 см-ден аллерген тамызып, әр тамшының үстіне әрқайсысына жеке инемен немесе скарификатормен тырнап эпидермисті закымдайды,

бірақ қан шықпауы керек. Осы сынаманың бір түрі приктест, аллергенді инемен терінің эпидермисіне жібереді.

Скарификациялық тест - аллергиялық реакцияның реаген түрінде жүргізіледі, мысалы, поллинозда, бронх демікпесінің атопиялық түрінде, ринитте, Квинке ісінуі, есекжемде. Олар аллергияның реагендік түрін анықтайды. Реакцияны 15-20 мин өткенде бағалайды.

Тері ішілік сынама. Аллергеннің тері ішіне жіберілуінің скарификацияға қарағанда сезімталдығы жоғары, бірақ арнайлылығы аса жоғары емес. Сондықтан оны қойғанда мүшенің немесе жалпы аллергиялық реакциялары болып, асқынулар дамуы мүмкін. Бұл әдіс бактериалық және саңырауқұлақтық антигендердің сенсибилизациясын және жұқпалы емес аллергендерге организмнің сезімталдығын анықтайды.

Праусниц-Кюстнер реакциясы - терінің пассивті сенсибилизациясын анықтайтын реакция. Бұл реакция реагиндік аллергиялық реакцияның диагностикасында қолданады. Мысалы, дәрі, тағам аллергиясының, диагностикасында реагиндердің әртүрлі титрлерінің қасиеттерін тексереді. Сау адамға тері ішіне ауру адамның сарысуын енгізіп, сол жерге тексерілетін аллергенді егеді. Ол жерде теріде жедел аллергиялық реакция дамиды. Қазір бұл реакцияны қолданбайды, өйткені вирусты гепатит жұғуы мүмкін және реагендерді зертханалық жолмен анықтауға болады.

Өршіту (провокациялық) тесттері (ПТ) - организмге аллергенді кіргізіп (шокты мүшеге) аллергиялық реакцияның этиологиясын анықтау. Шокты мүшелердің түрлеріне байланысты мына түрлері болады:

Коиъюнктивальдық ПТ - аллергиялық конъюнктивитті поллиноздын диагностикасында қолданылады. Көзге аллерген тамызады. Реакция оң болғанда - көзі қызарып, жасаурап, қышиды.

Назальды ПТ - аллергендерді, бір танауға тамызады, қауіпсіз әдіс. Реакция оң болғанда түшкіріп, танауы бітеліп, қышиды. Риноскопия сол танаудың ісініп, бітеліп қалғанын көрсетеді.

Ингаляциялық ПТ - бронх демікпесінде, ремиссия кезінде, стационарда қолданады. Сынама алдында өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) өлшейді. Содан кейін әуелі физиологиялық ерітіндімен дем алдырып, егер реакция болмаса ғана аллерген береді. Сынама оң болса ӨТС 20%-ға дейін төмендейді. Егерде бронх жиырылса, бронх кеңейткішін береді. Терілік және өршіту тестері ауру қозған кезде, жүктілікте, 3 жасқа дейінгі балаларға

қойылмайды.

Суықтық ПТ - есекжемде, теріге мұз түйірін (не мұзы бар бюкс) 3 мин қояды. Оң реакция болғанда 5-6 мин өткенде (мұзды алғаннан кейін) теріде күлбіреу реакциялар пайда болады. Оның мөлшері мұздың көлеміне тең.

Жылылық ПТ - есекжемде, теріге 40-42 С. ыстық бюксті 10 мин ұстайды. Оң болғанда теріде күлбіреу пайда болады.

Лейкоцитопениялық ПТ - тағамдық, кейде дәрілік аллергияда пайдаланады. Тағамдық аллергиясы бар кісі әуелі аллергия шақыратын тағамды ішпейтін болады. Содан кейін ашқарында 1 сағаттың ішінде 2 рет шеткі қандағы лейкоциттердің санын анықтайды. Егер олардың айырмашылығы 0,3-109 /л-ден аспаса, ауруға аллергия шақыратын дәріні не тағамды береді. 30-60-90 мин өткен сайын лейкоциттерді санайды. Егер лейкоциттердің саны 109/л-ден көп азайса тест оң деп саналады. Дәрілік аллергияда анафилаксиялық реакция дамуымен қауіпті болады. Терідегі реак-ция аллергияның жоқ екеніне кепіл болмайды.

Тромбоцитопениялық тест - тағам және дәрі аллергиясында, лейкоцитопениялық тестке ұқсас. Егер тромбоциттердің саны 25%-ға және одан көпке азайса - тест оң болғаны.

Экспозициялық ПТ - болжам диагностикалық тест. Аллергені белгісіз науқасты аллергия байқалатын жағдайға орналастырады. Мысалы - дәріханаға, гүлденген өсімдіктердің жанына, цехқа. Егерде аллергиялық реакция дамыса және сол жердегі аллерген белгілі болса, диагноз қойылады.

Өршіту тесті баяу жүретін аллергияны анықтамайды (Н.Д. Беклемишев, 1987).