Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
248-265.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

Патогенездік дәрісіз емдеу.

Гемосорбциядан кейін иммунитет көрсеткіштері өзгереді, дәрі шок-мүшелерге әсер ете бастайды, гиперсезімталдық төмендейді.

Гемосорбция өткен соң 3 күннен кейін айналымдағы иммунды комплекстер азаяды, фагоцитоз күшейеді, аутоантиденелер және

иммуносупрессорлық лимфоциттер, кортизолрсзистентік лимфоциттерде азаяды. Гемосорбцияньт жүкті әйелдерге, созылмалы инфекцияның қозған кезінде, асқазанның және ұлтабардың жарасында, тромбоз ауруында демікпелік статуста, гипертонияда жүргізуге болмайды.

Плазмафёрез, лимфоцитоферез. Плазмаферез қанды антиденелерден, киллерклеткаларышш, айналымдагы иммундық комплекстерден, патологиялық белоктардан тазартады. Асқынулары тромбоз дамуымен, өкпенің ісінуімен және жедел өкпе-жүрек жетімсіздігімен болатын кісі өліміне (1%) байланысты.

Лимфоцитоферез - антигенге сенсибилизациясы бар және кортикорезистентті лимфоциттерден тазартады.

Экстракорпоральды иммуносорбция - организмнен реагиндерді 85%- (Іg Е-ді) шығарып, тазартады. Бронх деміклесініц ремиссиясы 3 айға дейін созылады.

Экстракорпоральды иммунофармокотерапия. Науқастан алған қанды рентген сәулесінде 200-1000 Грей ұстағаннан кейін, қайтадан қанға құяды. ДНК белсеніп, лимфомонокиндер шығып, науқастың жалпы жағдайы жақсарады. Аптасына 1 реттен, 8 сеанс (Изольда аппаратында МД 73) өтеді.

Ауырғанда емделгеннен кейін науқас санаторияда реабилитация өтеді. Бронх демікпесінің инфекциялы-аллергиялық түрінде Алма-Арасан, Ыстық-көл, теңіз жағасындағы санаториялар жақсы көмектеседі.

Психотерапия, емдік дене шынықтыру, иглорефексотерапия, диета (түз-сыз, ашығу - су ғана ішіп) дәрігердің бақылауымен жүргізілсе жақсы нәтиже береді.

Спецификалық емдеу.

Спецификалық емдеуді (гипосенсибилизацияны) А.М. Безредка (1911) қолданған. А.Д. Адоның сөзімен - аллергиялық аурулардың спецификалық гипосенсибилизациясының емдеу негізгі иммунологиялық механизммен аллергендерді байланыстыратын (таратпайтын) антиденелердің (ІgE0) түзілуі.

Гипосенсибилизацияның механизмдері:

  • аллергендерді байланыстыратын антиденелердің түзілуі IgG);

  • реагендердің синтезінің азаюы (ІgЕ);

  • қан нейтрофилдерінің фагоцитозының күшеюі;

  • иммундық комплекстердің көбеюі;

  • антигенге иммундық жауап төмендейді;

  • Т-супрессорлардьщ белсенділігінің қалыпқа келуі. Иммунотерапия. Гипосенсибилизация - аллергендерді кіргізіп,

жоғары сезімталдықты төмендету. Оны десенсибилизация дейді. Толық десенсибилизацияға жету қиын, сондықтан гипосенсибилизация емі деп атайды, сенсибилизация беретін аллергендердің дозасын біртіндеп көбейтіп, толеранттылық беретін дозасына дейін көтеріп емдейді.

Аллерген элиминациясы - науқас аллергенмен жанасулық болмайтын жағдайда жүргізіледі. Науқасты аллергені жоқ палатаға орналастырады. Ауа Петряяов фильтрімен кіреді. Ауру осындай палатада сыртқы ортадағы аллергендер жоғалып кеткенше болады. Мысалы: поллинозда - жаз бойы. Толеранттылық 15-20 апта бойы емдегенде пайда болады. Көп жағдайда 3 курс өткізеді. Аллергенді беру реакция болмайтын дозасынан бастальш, әрбір келесі дозасы- , на 0,2 мл қосып отырады. Гипосенсибиляцияның ақырғы дозасы ауру көтере алатын жоғарғы максимальды дозасымен бітеді. Ақырғы дозасына көбінесе аллергеннің таза өзін беруге дейін котереді. Аллергенді тері ішіне беру тері астына егумен салыстырғанда жақсы көмектеседі.

Тозанды аллергендермен егуді сол аллергенді беретін өсімдіктердің гүлденуіне дейін жүргізеді.

Иммунотерапияның нәтижесін 5 баллдық өлшеммен бағалайды: өте жақсы (5) нәтиже - емдеу біткенде ешқандай шағым жоқ, аурудың көріністері толық жоғалған. Жақсы (4) - симптомдары 50%-ға, науқастың шағымдары 2-3 есе азайған, ІgG анық кобейген. Науқаста симптомдық ем алып, жұмыс істеуге қабілеті болады. Баға (3) қойғанда, аурудың шағымдары шамалы ғана азайған, иммунологиялық көрінісі және сезімталдығы өзгермеген.

Баға (2) - ешқандай өзгеріс болмаған;

Баға (1) - жаңа шағымдары бар, ауру қозған, иммунологиялық көрсеткіштері төмендеген.

Гипосенсибилизацияны дүрыс жүргізу 80% жақсы нәтиже береді.

Таблетка-аллергендер (оральды әдіс) ішекті белсендіріп, жалпы денеге әсер етеді. Тіл астына берілетін антигендер бар.