Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94 Кб
Скачать
☆

6. Панаханалар

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шыгаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панахана (жапсарлас) Жеке тұрған панахана

Панаханалар су баспайтын учаскелерде терендетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.

Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі бсті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық кұралдармен ластанган немесе жаппай ерт қаулаған жағдайда па- нахананың қаупісіз тіршілігін қамтамасыз етстін санитарлык-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен кол жеткізіледі.

Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус). орындардың жиынымен анықталады. Шағын — 300 адамға дейін, орта — 300—600 адам, үлксн — 600-ден астам адам.

Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

Панахана онда жасырынған адам үшін қажеті санитарлық - гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қьшқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі — 3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі — 80%), температура 23 °С (шекті жол берілуі — 31 °С) аспауға тиіс.

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұргызылуга тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы, панахана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.

Авариялық шыгаберістер құлаган жағдайда негізгі ғимараттагыдай деңгейде қорғалган кіреберістер мен шығаберістердің болуы.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көздследі. Негізгі бөлмелсрге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелср жатады. Қосымша желдетілетін болмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қоргалған кіреберістер мен шығаберістер. Панахананың ішкі болімдсрі (қорғалатын ди- зель электростанцияларын, тамбур- шлюздерді және кеңейту камератарып қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5 м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы ұшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5 м2 және үш ярусты нар кезіндеде 0,4м2 болуға тиіс. Болменің биікгігі бейбіт уақьггта оны пайдалану талаптарына сөйкес болуы қажет, алайда жабынның мандайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болута тиіс (шекті жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).

Жасырынуға арналған бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екі ярусты орындықтар нсмесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20%-ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.

Басқару нүктесіне арналған бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.

Санитарлық нүкте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен дснсаулық жағдайын тұрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлік пен ауыз суының сақталуымен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам ұшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Желдетілетін бөлме панахананын ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығаберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылыгы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасута рұқсат етіледі.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

ДЭС үшін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.

Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханага адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.

Қорғалған кіреберісшер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдьыығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстаута рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіе. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулыгы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге отетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жаб- дықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінін кемінде жартысын, ягни кемінде 3 метр қашықтыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2м қабыргага ішке қарай ашьшатын қаңылтыр тормен жабдықталган ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге томен қарай ашылатын металл тор орнатылады.

Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жсрге орнатасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқагышпен корсетіледі.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдсткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (11 режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшау- ланатын режим қарастылады (III режим).

Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу ұстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады, өрт ықтимал панаханаларга ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйссін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау ұшін ауаұстагыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

Жылу орталығынан панахананы жылыту карастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +10°С температураны, егер бейбіт уақыттында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.

Панаханада сумен жабдыктау мен канализация қапалық және объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, сондай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

Панаханада ауыз су қоры әрбір адам ұшін тәулігіне 3 л есеппен жасалады. су қоры ыдысына, әдеттегідей екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыпы қарастырылмайтын жеке тұрган панаханапарда, сондай-ақ сыйымдылығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорып сақтау ұшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде тол- тырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

Панаханаларда оз бетімен агатын немесе панахаиа ішіне қозғалт-қыш орнату арқьшы айдау жолымен сыртқы канали- зация желісіне ағын суды айдайгын санитарлық тораптар орнатылады. Панаханың санитарлық торабы бөлмесіне ағыңцарды жинау ұшін авариялық резервуар орнатылады. Резервуар жа- бынына унитаз орнына пайдаланылатын және қақпақпсн жабылатын саңылау жасалады. Резервуар колемі әрбір жасыры- нушы ұшін тәулігіне 2 л есеппен анықгалады. Құрғақ қалдықтау жинау үшін қағаз каптар немесе пакеттер қойылатын, орбір жасырынушы үшін тәулігіне 1л есеппен орын қарастырылады.

Панахананы электрмен жабдыктау қатаның (объектінің) сырт-қы желісінен және қажетті жағдайда қоргалған козден — ДЭС-тен жұргізшеді. Сыртқы желілерден электрберу тоқтаган жагдайда панаханада кошпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нұктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуы тиіс. Резервтік байланыс құраі ретінде объекті (аудан) АК, желісінде істейтін радиостанция қызмет ете атады.

Жылдам тұргызылатын понаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткшікті саны жок жагдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе агаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50-200 адам.

ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сұзгйіік желдету қондыргылары, санитарлық тораптар ұшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістсрімен қамсыздандырылуга тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлык торап пен қалдықтарга арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТГТ ішкі қондыргыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дорет пен қоқыстарға арналған ыдыстар, ауаның шаңнан тазалайтын мата сұзгі, су құйылатын ыдыс, ауа жинағыш жәнс соргыш саңлауларды қоргауға қорғау құралдары, жа- рык приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындыкгар кіреді.

ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сұзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырады. Ауа беру үшін әртүрлі желдсткіштер пайдаланады .

Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалына-ды, жарық ұшін батареяшық немесе аккумуляторлық шам мен шыракдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жагуға рұқсат етіледі.

Жасырынгандарды сумен жабдықтау панаханаға акелінгсн ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңгайластыруга болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жұргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнсркосігг объектшерінде адамдар әндірістік корпустары арасындағы жалгағыш тоннель.

Тау-кен өнеркөсібі дамыган аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактнвті сәулелену мен ядролық

жарылыстан кейін тұскен жауын-шашынпан сенімді қорғай алады.

Адамдарды жасыру ұшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда тонырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарды жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта ұшін ағаш ссік қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жа- салынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жұйслері жасшіынады. Санитарлық тораптар жеадетілетін ұңғымаларда орнатылуы мұмкін. Жарық ұшін электровоздардың көшгіелі аккумуляторлы батареялары пайдаланады. ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]