- •Тж болғанда ұйымдар мен территорияларды, тұрғылықты халықты а.Қ. Шаралары.
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •5. Медициналық шаралар.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •6. Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп –қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.
Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.
РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамтамасыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастан жабынан төменге дейін 1,9 м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқа да тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін артртыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7 м биіктікке тас пен кірпіштен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізігі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.
РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.
Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорындарды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңның нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.
Панахаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішінде қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клозет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
Ластанған киімді сақтауға аралған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орныды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.
Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғыларымен жабдықталады. Жылымайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.
РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталары арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге аранлған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.
Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.
Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігінне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.
Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Барлық тізбектелген нашар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.
РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.
