- •Тж болғанда ұйымдар мен территорияларды, тұрғылықты халықты а.Қ. Шаралары.
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •5. Медициналық шаралар.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •6. Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қарапайым болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана – қуыстарды (ашық және жабық) салады.
Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруға аралық кезең болып табылады.
Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен алыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.
Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады. Соққы толқынынан қорғану 2,5-3есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге аратды. Қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық 40-50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180-200 см, жоғарыдағы ені 110-120 см және төмендегі ені - 80 см болады.
Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50-60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.
Кіреберістер түйіспелі участкеге тікбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, бетон құрылысымен және басқа да материалдармен ыңғайтылады. Қабырғаларының бірінің бойымен ортыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды артық орнатылады.
Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6-0,7) және дерн жабады.
Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.
Қуыста тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.
Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстың қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панахаға қызмет көрсететін топтың , (буынның) жәке құрамы осы қорғаныс ғимаратаның коменданты болып табылатын командир жүргізіледі.
Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата тамғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс.
Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қатрттаржіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтаауға тиіс.
Қорғаныс ғимараттарындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстануы үшін кезекпен ұйымдастырылады.
Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға, рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын, инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігі мен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.
Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдысқа сақтайды.
Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату немесе қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.
Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірініші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңылау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап, кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимараттарынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтерілсе, балалар мен қарттар, ең соңында қалған адам әкетіледі.
