- •«Өсімдіктер биотехнологиясы» пәні бойынша
- •5В070100 – Биотехнология мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша1)
- •2. Күндізгі бөлімінің оқу жұмыс жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамсыз етілуі.
- •6. Дәрістік кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинар сабақтарының жоспары
- •8. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) зертханалық жұмыстар, есептік- графикалық, әдестемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға жайлы ақпарат
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийлері
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық
- •18. Мамандырылған аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың тізімі:
- •Мазмұны
- •Оәк кафедра отырысында талқыланып, мақұлданған.
- •Оәк е.А.Бөкетов атындағы ҚарМу-нің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған
- •Өсімдіктер биотехнологиясы
- •5В070100 – Биотехнология
- •470061, Г. Караганды, ул. Гоголя, 38
8. Зертханалық сабақтардың жоспары
Оқу жоспарлары қарастырылмаған
9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
«Өсімдіктер биотехнологиясы» пәні оқу кезінде ұсынылған әдебиеттерді, дәрістердің конспектілерін қолдану, семинар сабақтарына белсенді қатысу және өздік жұмыстың тапсырмаларын орындау. Сабақтарға тиянақты дайындау және ағымдық бақылаудағы жұмыс түрлерін уақытылы орындау «Өсімдіктер биотехнологиясы» пәнінен білімді, білікті, дағдылы болудың кепілі болып саналады.
Сонымен қоса, кесте толтырғанда, эссе жазғанда, сызба-нұсқа құрастырғанда, өз бетімен тәжірибе қойып, бақылау жүргізгенде, алынған нәтижелерді сараптап, шығармашылық ыңғай қолдану керек.
10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) зертханалық жұмыстар, есептік- графикалық, әдестемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып 1. Кіріспе. Өсімдік биотехнологиясының мақсаты
Тапсырма 1. «Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы» кестесін толтырыңыз.
Жыл |
Ғалым |
Ғылымның дамуына қосқан үлесі |
|
|
|
Тапсырма 2. «Өсімдіктер биотехнологиясының басқа ғылымдармен байланысы» тақырыбына сызба - нұсқа құрыңыз
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар – ұсынылған әдебиеттерді қолданып кестелерді толтырыңыз, онда ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды келтіріңіз.Сонымен қоса, кесте толтырғанда, сызба-нұсқа құрастырғанда, шығармашылық ыңғай қолданыңыз.
Әдебиет (1-11)
Тақырып 2. Өсімдік клеткасының құрылысы
Тапсырма 1. Өсімдік клеткасының құрылысын салыңыз
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– берілген әдебиеттерді пайдаланып, өсімдіктерге тән органеллалардың суретін салыңыз.
Әдебиет (6)
Тақырып 3. Қоректі орта. Фитогормондар
Тапсырма 1. Кестені толтырыңыз «Фитогормондар».
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, кестеде фитогормондар класын, өсімдікте синтезделетін орны, in vivo және in vitro әсері.
Әдебиет (1)
Тақырып 4. Каллусты ұлпалар
Тапсырма 1. Дедифференциация процессін сипаттап, конспект жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, каллусты ұлпалардың жасушаларындағы генетикалық өзгерістерді көрсетіп, конспект жазыңыз.
Әдебиет (1,4,12)
Тақырып 5. Жасуша өсіруден БАҚ алу
Тапсырма 1. Суспензияланған өсімдіктер жасушасының культурасы жайлы конспект ұсыеыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, суспензияланған өсімдіктер жасушасының культурасының – артықшылығын, алу әдістерін, алынатын заттарды көрсетіп, конспект жазыңыз.
Әдебиет (1,2)
Тақырып 6. Микроклональді көбею
Тапсырма 1. Орхидея және май пальмасының микроклональді көбеюінің сызба-нұсқасын тексертіңіз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып және Интернет материалдарын пайдаланып, микрокөбею деңгейінің сызба-нұсқасының суретін салыңыз.
Әдебиет (1-3)
Тақырып 7. Өсімдікті сауықтыру
Тапсырма 1. Қандай өсімдіктер, қай әдіспен сауықтыруды қажет етеді жайлы эссе жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, вируспен зақымданған өсімдіктерді атап, өсімдік ұлпаларын вирустан тазартатын әдістерге сипаттама беріңіз.
Әдебиет (1)
Тақырып 8. Гаплоидты технология
Тапсырма 1. Гаплоидты технологияны қолданудың артықшылығы жайлы баяндама жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, гаплоидты технологиянын қолдану салаларындағы басымдылығы жайлы баяндама дайындап, қорғаңыз.
Әдебиет (1,2)
Тақырып 9. Жасушалық технология
Тапсырма 1. Оқшауланған протопласттарды алу әдістеріне сипаттама беріңіз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, протопласттарды алу әдістерінің әрбір деңгейін түсіндеріңіз.
Әдебиет (1,2)
Тақырып 10. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы
Тапсырма 1. Өсімдіктердің гендік инженериясының деңгейлерінің сызба нұсқасын салыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, трансгенді өсімдіктерді алудың әдістерін түсіндеріңіз.
Әдебиет (1,2)
Тақырып 11. In vitro генофондын сақтау
Тапсырма 1. Баяу өсетін жасуша культурасы коллекциясы мен өсімдіктер ұлпалары жайлы баяндама дайындап, қорғаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі – аудиториялық.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: тапсырмалар– ұсынылған әдебиеттерді қолданып, баяндама дайындаңыз, баяндамада коллекцияның артықшылығын, кемшілігін, қолдану саласын мысал келтіріп көрсетіңіз.
Әдебиет (1,4,12)
