Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК_Өсімдіктер биотехнологиясы_2014-1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287 Кб
Скачать
☆

12 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып 1. Кіріспе. Өсімдік биотехнологиясының мақсаты

Тапсырма 1. «Өсімдік биотехнологиясының мақсаты» тақырыбына конспект жазыңыз.

Өзін тексеру материалдары: Өсімдік биотехнологиясының әдестерін халық шаруашылығының қай саласында қолданады?

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: конспекте өсімдік биотехнологиясында шешілген және шешілетін міндеттерін көрсетіңіз.

Әдебиет (1-11)

Тақырып 2. Өсімдік клеткасының құрылысы

Тапсырма 1. Өсімдік жасушасының екімембраналы органеллаларын салыңыз.

Өзін тексеру материалдары: өсімдік жасушалары қорға қандай заттарды жинайды?

Орындауға арналған нұсқаулар: сызба-нұсқада органоидтардың құрылысын, құрамын, қызметін көрсетіңіз.

Әдебиет (6)

Тақырып 3. Қоректі орта. Фитогормондар

Тапсырма 1. Өсімдік жасушасынөсіру үшін әртүрлі қоректі ортаны мысалға келтіріңіз.

Өзін тексеру материалдары: цитокинин фитогормондарға қандай эффект тән?

Орындауға арналған нұсқаулар: әртүрлі қоректі ортаны салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз.

Әдебиет (1)

Тақырып 4. Каллусты ұлпалар

Тапсырма 1. интакті өсімдіктердегі каллусты ұлпалардың ролі жайлы конспект жазыңыз.

Өзін тексеру материалдары: пролиферация дегеніміз не?

Орындауға арналған нұсқаулар: бүтін өсімдікте каллусты ұлпалардың пайда болуын көрсетіңіз.

Әдебиет (1,4,12)

Тақырып 5. Жасуша өсіруден БАҚ алу

Тапсырма 1. фармакологиядағы өсімдіктерден жасалған биологиялық активті қосылыстардың ролі жайлы конспект дайындаңыз.

Өзін тексеру материалдары: алкалоидтарға қандай заттарды жатқызады?

Орындауға арналған нұсқаулар: адам ағзасына өсімдіктердегі биологиялық әртүрлі қосылыстардың әсерін конспекте көрсетіңіз.

Әдебиет (1,2)

Тақырып 6. Микроклональді көбею

Тапсырма 1. Микроклональді көбею туралы эссе тексертіңіз.

Өзін тексеру материалдары: қандай бүршіктерді қалпына келетін деп атайды?

Орындауға арналған нұсқаулар: микроклональді көбеюдің қолданылуын эсседе көрсетіңіз.

Әдебиет (1-3)

Тақырып 7. Өсімдікті сауықтыру

Тапсырма 1. Қандай әдіспен, қай өсімдіктің түрлері сауықтыруды қажет етеді деген сауалға эссе жазыңыз.

Өзін тексеру материалдары: қандай антивирусты препараттарды сіз білесіз?

Орындауға арналған нұсқаулар: вирусты аурулармен зақымданған өсімдіктерді атап, өсімдік ұлпаларын вирустардан тазартатын әдістерді сипаттаңыз.

Әдебиет (1)

Тақырып 8. Гаплоидты технология

Тапсырма 1. гаплоидты өсімдіктер алу деңгейлерінің кестесін салыңыз.

Өзін тексеру материалдары: полиплоидтарды алудың қандай тәсілдерін білесіз?

Орындауға арналған нұсқаулар: гаплоидтарды алудың тәсеілдерін көрсетіп, деңгейлерінің сызба-нұсқасын көрсетіңіз.

Әдебиет (1,2)

Тақырып 9. Жасушалық технология

Тапсырма 1. Оқшауланған протопластардың бірігу әдісіне сипаттама беріңіз.

Өзін тексеру материалдары: оқшауланған протопластарды алу үшін қандай ферменттерді қолданады.

Орындауға арналған нұсқаулар: протопластардың бірігу әдістерін атаңыз.

Әдебиет (1,2)

Тақырып 10. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы

Тапсырма 1. Өсімдіктердің гендік инженериясының даму деңгейінің сызба-нұсқасын көрсетіңіз.

Өзін тексеру материалдары: транспозондар дегеніміз не?

Орындауға арналған нұсқаулар: трансгенді өсімдіктердің кестесін құрғанда, оларды алу тәсілінің әрбір деңгейін түсіндіріңіз.

Әдебиет (1,2)

Тақырып 11. In vitro генофондын сақтау

Тапсырма 1. Баяу өсетін жасуша культурасы коллекциясы мен өсімдіктер ұлпалары жайлы баяндама дайындап, қорғаңыз.

Өзін тексеру материалдары: ретарданттар дегеніміз не?

Орындауға арналған нұсқаулар: баяндамада коллекцияның артықшылығын, кемшілігін, қолдану саласын мысал келтіріп көрсетіңіз.

Әдебиет (1,4,12)