Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні мемлекет және құқық теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, ол құқықтық құбылыстарға, соның ішінде құқықтық қатынасқа қатысты бастапқы базалық білімдерді, салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ онда құқық тиімділігіне және құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін оқып-үйрену студенттерге құқықтық құбылыстар туралы, қазіргі қоғам өміріндегі және саяси жүйедегі құқықтың орны мен ролі туралы, заңдылық, құқықшығармашылық пен құқық қолдану, құқықтық мінез-құлық және құқықбұзушылық, адам құқықтары мен бостандықтары, тұлға мен мемлекет өзара қатынасы туралы қазіргі білім жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықтық білімдерді игеруіне көмектесу, оларды бағалай және де оны болашақта заңгер-құқықтанушы ретінде өзінің міндеттерін кәсіби түрде орындау әрекетінің қозғаушы күшіне айналдыра алу қабілетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Оқу барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады.

Кредиттік технологияға сай оқу процессіндегі негізгі салмақ тәлімгерлерге жүктеледі. Сабаққа дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған жөн. Әр түрлі авторлардың көзқарастарын талдау негізінде құқықтық қатынастың түсінігін, белгілері мен түрлерін, қоғамда атқаратын қызметін, әрекет ету механизмін және оларды әртүрлі тұрғыда сипаттайтын теорияларды өз бетінше анықтау мүмкіндігі туындайды.

Студенттер берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін, тақырып көлемінде түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бірлесе талдауға қатысуы қажет. Теориялық түсініктерді Қазақстан Республикасының тәжірибесімен байланыстыра қарастыру керек.

10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) , зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар

Рефераттың көлемі 15 беттен кем болмауы керек. Ол басты беттен, жоспары мен негізгі бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін алынған әдебиеттерге сілтемелер сілтеме жасалған беттің төменгі жағында 10 кегль көлеміндегі шрифте жазылады. Беттің параметрлері: жоғары және төменгі – 2 см; сол жақ- 3 см; оң жақ – 1,5 см; қызыл жол 0,8 см. Колонтитул жоғарғы және төменгі – 1,25 см. Жол арасындағы интервал – 1,5. Студент реферат тақырыбының біреуін таңдап алуға тиіс. Рефератты жазу үшін ең алдымен деректер мен оқулықтарды мұқият оқып шығу қажет. Рефератты теориялық ойлармен және тақырыпқа байланысты құқық туралы жалпы мәліметтерден таныстырудан бастаған жөн. Содан кейін тақырыпты ғылыми тұрғыда негіздеп жазу үшін құқықтық деректерге талдау жасап, қалыптасқан механизмді сұрыптап, мәселеге байланысты өзіндік тұжырым жасау керек.

Бұл пән бойынша курстық жұмыстар қарастырылмаған.