Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тақырып 1. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері

Тапсырма:

  1. «Жемқорлықтың» тарихи дамуы тақырыбында баяндама әзірлеу

  2. Жемқорлыққа қарсы адам және азаматтардың жеке және азаматтық құқықтары, міндеттері мен бостандықтары туралы заң актілерін әзірлеу тәртібі және ғылыми сараптама өткізу тәртібімен заңнамаға, әрі мүмкіндігі болса практикаға сүйене отырып жақынырақ танысу

СОӨЖ өткізу түрі: ауызша, жазбаша.

Әдістемелік нұсқаулар:Студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Оқу барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №1 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 2. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру

Тапсырма:

  1. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру жолындағы әзірленген бағдарламалармен танысып, пікірталас өткізу.

СОӨЖ өткізу түрі: Пікірталас жүргізу, жазбаша тапсырмалар тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар: Жасалған баяндамалар және оларды талқылау бойынша студенттердің көзқарастары аргументтер мен фактілерге сүйенген болуы тиіс. Ол үшін көрсетілген әдебиеттер бойынгша дайындық жасау керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №2 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 3. Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма:

1 .Жемқорлық субъектілерін анықта және солардың мінез- құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін ажыратып көрсет

2. Студенттердің білім беру саласындағы жемқорлықпен және сыбайластықпен күресі жайлы пікірталас жасау арқылы өз ойларын білдіру.

СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас жүргізу, ауызша тапсырмалар орындау.

Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңын, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексті, Қылмыстық Кодексті және Азаматтық Кодексті қарастыру керек. Елімізе сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты нормативтік актілер және өзге де әдебиеттер мен мақалаларды оқу керек..

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №3 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Тапсырма:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және адамгершілік сана таырыбында баяндамалар әзірлеу.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама оқу, пікірталас жүргізу, жазбаша тапсырмалар тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңын, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексті, Қылмыстық Кодексті және Азаматтық Кодексті қарастыру керек. Елімізе сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты нормативтік актілер және өзге де әдебиеттер мен мақалаларды оқу керек..

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №4 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 5. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Тапсырма:

1. Мектеп қабырғасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында баяндама жасау

2. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін көтеу шаралары тақырыбында реферат тапсыру және талқылау

3. Студенттердің білім беру саласындағы жемқорлықпен және сыбайластықпен күресі жайлы эссе жазу

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама оқу, пікірталас жүргізу, жазбаша тапсырмалар тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңын, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексті, Қылмыстық Кодексті және Азаматтық Кодексті қарастыру керек. Елімізе сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты нормативтік актілер және өзге де әдебиеттер мен мақалаларды оқу керек..

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №5 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері

Тапсырма:

1. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәуке ханның Жеті Жарғысы ережелеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес ережелерін зерттеу

2. Қазақ даласындағы хандық, патшалық және кеңестік кезеңдердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес ерекшеліктерін қазіргі кезеңдегімен салыстыру.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуындағы ұлттық ерекшеліктерді анықтайтын құқықтық, әдет-ғұрыптық, салт-саналық ережелерге талдау жасау.

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама оқу,рефереаттар мен конспектілер тапсыру,қорғау және пікірталас жүргізу

Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу үшін тиісті құқықтық-тарихи әдебиеттер мен интернет қайнар көздерін пайдалану қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №6 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік

Тапсырма:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсініктер мен субъектілер шеңберін анықтау

2. Әкімшілік және тәртіптік құқықбұзушылық ретіндегі заңсыз сыйақылар мен кірістерге, тамыр-таныстыққа қатысты іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті талдау

3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар тақырыбында баяндама жасау

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама оқу, пікірталас жүргізу

Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңын, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексті, Қылмыстық Кодексті және Азаматтық Кодексті қарастырып, тиісті баптарды оқу, қажет болса, конспектілеу керек. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктердің түрлері арасындағы айырмашылықтарды ажырататын белгілерді талдай алу маңызды.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №7 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 8. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік

Тапсырма:

1. Отбасындағы тәрбиенің сыбайлас жемқорлықпен күрестегі үлесі туралы пікір білдіру, өмірлік мысалдар келтіру.

2. Қоғамның, жеке тұлғаның қоршаған ортасының оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне бейімділігіне әсері туралы әлеуметтік ғылымдар тарапынан айтылған тұжырымдар мен заңдылықтар туралы жазба жұмыстарын дайындау.

3. Мемлекеттің қоғам мен индивидттегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс пікірді қалыптастыру үшін жүргізетін насихат жұмыстарының қандай болуы керектігі туралы теориялық және тәжірибелік ұсыныстар білдіру, оларды презентациялар түрінде көрсетіп, дәлелдей алу.

СОӨЖ өткізу түрі: Жазба жұмыстары мен презентацияларды қорғау және талқылау.

Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмалар шеңберіндегі тақырыптарды қалыптастыру студенттердің өз қалауы мен қызығушылығына байланысты. Атқарылған жұмыстарды қорғау үшін 7-10 минуттан артық уақыт берілмейді. Сондықтан да мәліметтер қысқа да нұсқа, дәлелді әрі маңызды болуы керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №8 дәрісте көрсетілген.

Тақырып 9. Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде

Тапсырма:

1. Діннің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны мен ролін сипатау

2. Дін мен ар-ождан ережелерінің, құқықтық мәдениеттің байланысын зерделеу

3. Мемлекеттің діни наным-сенімдерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында тиімді пайдалана алуына қатысты пікір білдіру

СОӨЖ өткізу түрі: Пікірталас

Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан Республикасының зайырлы, көпұлтты және көпконфессиялы ел екендігін назарда ұстаған жөн. Әртүрлі наным-сенімдер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың айыпталу деңгейі мен жазалану шараларын іріктеп алу керек. Негізінен әлемдік діндердің мәселеге қатысты моральдық-этикалық және құқықтық ережелеріне баса назар аудару ұсынылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №9 дәрісте көрсетілген.