- •2.5.3. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
- •2.5.4. Вирустың жасушамен өзара әрекеттесуі
- •2.5.5. Бактериофагтар (бактернялардың вирустары)
- •Бактериофағтарды ғендік инженерияда рекомбинантты днқ алу үшін вектор ретінде кеңінен қолданады.
- •3 Тарау. Микроорганизмдердің физиологиясы 3.1. Бактериялар физиологиясы
- •3.1.1. Бактериялардың қоректенуі
- •3.1.2. Бактериялардың ферменттері
- •3.1.3. Бактерия жасушасының ішіне заттарды тасымалдау механнзмі
- •3.1.4. Конструктивті метаболизм
- •3.1.5. Энергетикалық метаболизм
- •3.1.6. Бактериялардың оттегіге қатынасы
- •3.1.7. Бактериялардын өсуі мен көбею тәсілдері
- •3.1.8. Бактерияларды дақылдандыру шарттары
- •3.2. Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар физиологиясының ерекшеліктері
- •4.1.3. Қозғалғыш генетикалық элементтер
- •4.1.4. Мутациялар
- •4.1.5. Бактериялардың рекомбинациясы
- •4Л.6. Вирустар генетикасының ерекшеліктері
- •4.2. Жүқпалы ауруларга диагноз қоюдың генетикалық әдістері
- •4.3. Жүқпалы ауруларға диагноз қоюда гендік әдістерді қолдану
- •5 Тарау.
- •Микробқа қарсы препараттар
- •Химиотерапевтік препараттар
- •5.3. Антибиотиктер
- •5.3.1. Антибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
- •5.3.2. Микробтарға қарсы синтетикалық химиопрепараттар
- •5.3.3. Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі
- •Әсер ету механизмі бойынша антимикробты химиопепараттардың жіктелуі
- •5.3.4. Антимикробты химиотерапия кезіндегі асқынулар
- •5.4. Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
- •5.5. Антибиотиктермен тиімді емдеу негіздері
- •5.5.1. Адам ағзасының тіндеріндегі және сұйың орталарындағы антибиотнктердің концентрациясын анықтау
- •Микробтардың р-лактамаза ферментін бөліп шығару қабілеттілігін анықтау
- •5.6. Вирустық инфекцияларды химиялық жолмен емдеу
- •5.6.1. Химиялық препараттар
- •Антивирустық преиараттардың вирустар репродукциялануы кезіндегі «әсер ететін нүктесі»
- •Кең таралған вирустық инфекцияларға қарсы қолданылатын химиялық преиараттар
- •4.1.Бактериялар геномының қүрылысы
- •4.1.1. Бактерия хромосомасы
- •4.1.2. Бактерия плазмидалары
5.6.1. Химиялық препараттар
■ <
Химиялық препараттар жеткілікті зерттелген жэне кед қолданылатын антивирустық этиотропты агенттер қатарынажатады. Олардың эсер ету механизмінің мэнісі-макроорганизм жасушаларыныңтіршілік ету қабылеттілігіне елеулі эсер етпей, вирустардың репродукцшілануының жекелеген кезеңдерін таңдамалы түрде тоқтату (басып тастау).
1959 жылы этиотропты әсер ететін антивирустық препарат алғашқы рет синтезделген болатын - идоксуридин, аномальды нуклеозид (осы кезге дейін офтольмологиялық жэне терівенерологиялық тэжірбиелерде қарапайым үшық вирусы қоздырған зақымдануларды емдеу үшін қолданылып келеді).
Аномальды нуклеозидтердің эсер ету механизмі бойынша бірнеше түрлерін ажыратуға болады: ДНҚ
полимеразаны ингибирлейтіндер (видарабин, цитарабин, фосфонацетат ж.б); вирустық тимидинказамен іріктеп белсенді-лейтіндер (ацикловир, ганцикловир, фамцикловир); кері транскриптазаны ингибирлейтіндер (азидотимидин, диданозин), кең спектрлі әсер ететін препараттар(рибавирин, трифлюридин). 1961 жылы симметриялық амин-адамантин (амантадин) синтезделіп алынды, содан кейін грипп инфекциясының бастапқы кезеңінде емдеу үшін жэне профилактикалық мақсатта қолданылатын оның өнімдері синтезделді (римантадин, мидантан, дейтифорин). 20 ғасырдың 90-жылдарында тиімді эсер ететін анти-АИВ (ВИЧ)-тік химиялық препараттардың (қері транскриптазалар жэне протеазаларды ингибирлейтін) үлкен тобы табылды.
Әсер ету механизмі. Антивирустық препараттардың ерекшелігі сол, олар вирустардың репликациялану циклының эрбір кезеңдеріне (пенетрация, депротеинизация, вирус геномының транскрипциялануы, вирустық РНҚ, ДНҚ жэне ақуыздардың синтезделуі ж.т.б.) таңдамалы эсер етеді. Осыған орай антивирустық препараттар жасаудың ғылыми негіздемесі вирустардың жасушалық жэне молекулалық деңгейде репродукциялану зандылықтарының ашылу кезеңімен сай келді. Сондықган, қазіргі кездегі антивирустық этиотропты препараттарды вирустардың репродукциялану циклына қарай тиісті нысаналарға (мишени) қарай эсер етуі бойынша жіктеуге болады.
Әр түрлі химиопрепараттардың, жасуша ішінде өсіп-өнетін вирустардың бэріне «әсер ететін жері»
тиісті нүктесі болады. Мысалы, түмауға қарсы препараттар грипп вирусының жасуша рецепторларымен байланысуына кедергі жасайды жэне жасушалық мембраналардың иондық арнасын (каналын) тосқауылдайды, жэне де олар үшін матрицалық ақуыз (М2)нысана болыптабылады. Мүндай препараттар негізінде жедел профилактикалық мақсатта қолданғанда немесе аурудың бастапқы 1-2-күндерінде пайдаланғанда тиімді (аурудың үзақтылығын жэне клиникалық көріністерінің ауырлығын 30-40 %-ға төмендетеді). Жаңа препараттар - занамивир жэне озельтамивир вирустық нейраминидазаларды ингибирлейді, нэтижесінде вириондардың жасушадан шығуын тоқтатады жэне олардың таралып кетуіне кедергі жасайды. Антигриптік препараттардың ағзаларға биологиялық сіңірілуі (биоусвоение) 50-60% -ға дейін жетеді; олар барлық тіндерге жэне сүйықтықтарға (соның ішінде ликворға дейін) өтіп кете алады. Организмнен шығарылуы (элиминациялануы) бүйрек (90%-ға дейін) жэне бауыр арқылы атқарылады (жартылай шығарылу кезеңі 12-24 сағат).
Антигерпетиктер, яғни үшыққа қарсы препараттар (ацикловир, валацикловир, видарабин, ганцикловир, фамцикловир) вирустық тимидинкиназамен селективті белсендірілетін нуклеозидтердің аналогы болып табылады. Антигерпетиктердің АІЖ (ЖКТ) арқылы биосіңірілуі-15-20% (валацикловир 60 %-ғадейін). ГІрепараттар негізінде инфицирленген жасушаларда белсенді концентрацияда жиналып, гаңдамалы эсер етеді. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы 9-30% қүрайды. Препараттардың 90% -на дейіні бүйрек арқылы шығарылады (жартылай шығарылу кезеңі -3-4 сағат). Вирустық
__________________________________________________________________________________________97
инфекцияларды емдеуге қолданылатын химиялық препараттардың топтары жэне әсер ету механизмі бойынша мәліметтер 5.4. жэне 5.5. кестелерде берілген.
Кесте 5.4.
Әртүрлі химиялық топтарға жататын антивирустық препараттар
1. Адамантан өнімдері. |
||
Адапрамин |
Дейтифорин |
Ремантадин |
Амантадин |
Полирем |
Троманитадин |
2. Нуклеозидтердің аналогтары |
||
2.1. Тимидинкиназамен селективті белсендірілетіндер |
||
Ацикловир |
Видарабин |
Пенцикловир |
Валацикловир |
Ганцикловир |
Фамцикловир |
2.2. ДНК-полимеразаны ингибирлейтіндер |
||
Валтрекс |
Гевизиш |
Цитарабин |
Видарабин |
Фосфоноацетат |
|
2.3. Кең спектрлі әсер ететіндердің аналогтары |
||
Изопринозин |
Рибавирин |
Трифлюридин |
2.4 Қайтымды транскриптазаны ингибйрлейтіндер |
||
Авакавир |
Зидовудин |
Никавир |
Диданозин |
Комбивир |
Ставудин |
Залцитовин |
Ламивудин |
|
3. Қайтымды т |
ранскриптазанын нуклеозидтік ингибиторлары |
|
Вирамун |
Ифавиренц |
|
4. Протеазаны ингибирлейтіндер |
||
Ампренавир |
Калетра |
Ритонавир |
Индинавир сульфаты |
Нелфинавир |
Саквинавир |
5. Вирулицидтік емдік дәрмектер |
||
Алпизарин |
Оксолин |
Флореналь |
Бонафтон |
Теброфен |
Хелепин Д |
6. Баска да препараттар |
||
Арбидол |
Иодантипирин |
Риодоксол |
Вобэ-мугос Е |
Моликсан* |
Флакозид |
Герперакс |
Озельтамивир |
Фоскарнет натриі |
Глицирризин кышкылы |
Реленца |
|
Антивирустьщ белсенділік және клиникалыц цолдану. Қазіргі кезде ХП нәтижелі әсер ететін вирустық инфекциялардың шеңбері белгілі (5.6- кесте).
Сонымен антивирустық препараттар репродукцияланудың тиісті кезендеріне эсер етеді. Мьісалы, вирулицидтік препараттар (5-топтагы) жасушадан тыс вириондарды ингибирлейді, нуклеозидтер аналогы (2-топтагы) жэне кері транскриптазаның нуклеозидті емес ингибиторлары (3-топтағы) вирустық нуклеин қышқылдарының синтезделуіне әсер етеді. Протеаза ингибиторлары (4-топтағы) вирустық ақуыздардың синтезделуіне, ал 6-топтың кейбір өкілдері вирион үрпақтарының жасушадан шығуына эсерін тигізеді.
Белгілі препараттардың көбісі грипп жэне басқа ЖРВИ-ға, үшықпен зақымданудың эр түрлеріне жэне АИВ-инфекцияға тиімді әсер етеді (белсенді препараттардың 90%-нан астамы). Гепатит вирустарына жэне нейровирустық аурулардың қоздырғыштарына қарсы бірлі-жарым гана препараттар қолданылады. Осы кезге дейін басқа вирустық инфекцияларға қарсы этиотропты эсер ететін препараттар жоқ. Сондықтан ХП санының көптігі олардың антивирустық белсенділігінің шынайы диапазонын көрсете алмайды.
__________________________________________________________________________________________98
Кесте 5.5.
