- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- •Коммутациялық жүйелер
- •5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Жалпы көрсеткіш және нұсқа таңдау
- •2 Курстық жұмыстың түсіндіру жазбасының мазмұны
- •2.1 Курстық жұмысқа тапсырмалар
- •1Кесте-Стансалардағы жергілікті желілердің саны мен сыйымдылығы
- •3 Курстық жұмыстың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •4 Курстық жұмыс бөлімдеріне әдістемелік нұсқау
- •4.3 Cурет – Қалалық телефон желісінің құрылымдық сұлбасы
- •4.4 Сурет - α коэффициентінің Ti және Pp ға байланысы
- •4.2 Икм байланыс сызықтарын есептеу
- •4.3 Таңдалған жүйенің терминалды модульдер санын есептеу
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
3 Курстық жұмыстың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
2 кестеде АТС жобалаудың негізгі функционалды сұлбасын құруға қатысты шығыс мәліметтері және жүктеменің интенсивтілігін туғызатын есептеулер келтірілген. Жұмыстың басқа бөлімдерін орындау (телефондық хаттамалар жиынын үлестіру, стансалық және сызықтық жабдықтаудың көлемін есептеу) іске асырылатын нормалармен және басқа техникалық әдебиеттер негізіндегі нәтижелер бойынша жүзеге асырылады.
Телефон желісін құрастыруда аудандық АТС ТТС өзара УВС арқылы байланысқандығын, ішкі түйіндік аймақта “әрқайсысы әрқайсысымен” принципі бойынша байланысқандығын есепке алған жөн. Олардың көлемдері студент жағынан әрбір АТС нөмірі 10000-нан аспайтындай етіп, 2 кестеден нұсқа бойынша таңдалады. Станса аралық байланыс ИКМ линиясы арқылы немесе физикалық линия арқылы іске асырылады деп қарастырылады. Курстық жұмыста физикалық линия байланысында сым таңдау болмайды. Жобаланатын станса электронды типті АТСЭ. Стансаның жалпы сыйымдылығы түпкі АТС-тің абоненттік линияларынан және ПСЭ абоненттік линия абоненттерімен топтастырылады. 2 кестедегі нұсқаға сәйкес ПСЭ сыйымдылығын 1000 аз болатындай шартты қанағаттандыратындай студент жағынан таңдалады. Жұмыстың жеке бөлімдерін курстық жұмыстың тапсырмаларында көрсетілген реті бойынша орындау керек.
Жобаның жауапты бөлігі болып ЖЖУ-де туындайтын артық жүктеу, оны барлық бағыт бойынша және байланыстыру құралдарына орналастыру. Бұның мәні ЖЖУ-дегі артық жүктеу интенсивтілігі стансаның коммутациялық және сызықты құрылғысының көлемін анықтау негізіне кіретінімен түсіндіріледі. Бұл сұрақты шешудегі жіберілген қате көп жағдайда курстық жұмыстың көп бөлігін қайта жасауға тура келеді немесе тіпті жобаның барлық бөлімдерін қайта қарап шығу керек.
Сондықтанда есептеулерді мұқият толтырып және шешім қабылдауда асығудың қажеті жоқ.
Артық жүктеуді келесі тәртіппен есептеген жөн. Алдымен жобаланып жатқан АТС-тің цифрлық коммутациялық (ЦКП) кірісінде артық жүктеуді анықтау. Есептеу жұмыстарының көлемін азайту үшін барлық секция абоненттерінің құрылымды құрамы 3 кесте нұсқасындағыдай, бірдей түрде қабылданады.
Содан кейін артық жүктеуді стансаларға орналастыру орындалады. Мұнда абоненттердің құрылымды құралы және алшақтаған артық жүктеу (бір абонентке келген артық жүктеу) стансалар жобаланып жатқан стансадағыдай қабылдайды. Осы жерде жобаланып жатқан стансаға АТС желісі жағынан кіріс артық жүктеу өлшемі анықталады. Жергілікті артықша жүктеу есептеулерін телефондық ағымның ішкі станциондық бағытта орналастыруымен бітеді. Қалааралық хабарламалардың кіріс және шығыс ағымын анықтағаннан кейін ауыр жүктеудің матрицасы немесе матрица құрылады.
4 Курстық жұмыс бөлімдеріне әдістемелік нұсқау
4.1.1 Сұлбада екі жергілікті желі орналасқан (СТС және ГТС) 6 сандық нөмірленген екі зоналық құрылымдық сұлбасы келтірілген. Онда жергілікті желінің және стансаның сыйымдылығы және типі көрсетілген. ГТС және СТС бес таңбалы нөмірлеу үшін желіні құрудағы ерекшеліктерді көрсете алатындай көлемдегі стансаны көрсету керек. ГТС үшін әрбір аудан түйінінде алты мәнді нөмірлеумен екі-үш, бірақ одан көп емес стансаларды көрсету қажет.
4.1.2 Сұлбада ЗСЛ, СЛМ, СЛ бойынша жіберіліп жатқан сандар тізбегі және арнамен абоненттер арасындағы байланысы кезіндегі әртүрлі желілер келтірілген. Сызбада қолданылған көрсеткіштер:
ГТС – қалааралық телефондық желі;
АМТС – қалааралық автоматтық станса;
СТС – ауылдық телефондық желі;
УИС, УВС – ҚТЖ-ң шығыс және кіріс түйіндерінің байланысы;
ЦС, УС, ОС –орталықтанған, түйінді және соңғы СТС стансалары;
АТС – ҚТЖ автоматты телефонды станса;
УАК1,
УАК2 – автоматты
коммутацияның бірінші және екінші
класты түйіндері.
4.1.3 Телефонды желіде нөмірлеудің ашық және жабық жүйелері қолданылады. Бірінші жағдайда кез келген екі абонент арасында бірдей мәнде нөмір теріледі. Екінші жағдайда нөмір таңбасы саны байланысу түріне тәуелді. Мысалы, станса ішілік байланыс қысқартылған түрде жүзеге асуы мүмкін, ал өзге стансамен байланыс орнату үшін нөмірді толығымен тереді.
Нөмірлеудің ашық жүйелері шығыс индекстерімен болуы да, болмауы да мүмкін.
Бүкіл мемлекеттік автоматты коммутирленген телефондық желіде сәйкес желіде одан жоғарырақ иерерхиялық деңгей зоналық, қалааралық, халықаралық желіде шығыс индексімен нөмірленеді.
ҚТЖ-те
ішкі байланыста нөмірлеудің жабық түрі
қабылданған. АТЖ-де ашық жүйенің әртүрлі
түрі жиі қолданылады. Қазіргі таңда
мемлекет территориясы әрқайсысына үш
таңбалы АВС код берілген, жеті таңбалы
нөмірленетін зоналарға бөлінген. А
орнында 1
және 2-ден
басқа кез келген сан, ал В және С кез
келген сан. Зона ішінде әрбір абонент
жеті таңбалы ав х
хххх
зоналық нөмірге ие. а-ның орнына 0 және
8-ден басқа барлық сан болуы мүмкін.
Абоненттік нөмірлердің жүз мыңыншы
тобында бес таңбалы х
хххх
нөмір. Зонада жүз мыңыншы нөмір тобы
нөмірлеуде 80 аса алмайтындықтан, зоналық
желінің сыртқы көлемі 8млрд нөмір болады.
Желі көлеміне байланысты ҚТЖ-де нөмірлеу 5-6 және 7 таңбалы болады. Қалалық телефон стансасының көлемінің негізгі бірлігі он мыңдық АТС сондықтанда абоненттік нөмір АТС х кодынан және 4 таңбалы нөмірден (0000-9999) тұрады. Егер желі сыйымдылығы он мыңнан немесе сексен мың нөмірден аспаса, онда 5 таңбалы нөмірлеу қолданылады.
Аймақталған желі жағдайында УВС-пен (сыйымдылығы сегіз жүз мың нөмірге дейін) алты таңбалы в х хххх нөмірлеу жүргізіледі, мұнда в-жүз мыңыншы аудан кодын анықтайды, х -АТС коды. Егер аймақталған желі ҚТЖ және ШТЖ (сыйымдылығы 8 млн нөмірге дейін) қарастырылса, онда ав х хххх жеті таңбалы нөмірлеу қолданылады, ав-жүз мыңыншы аудан коды. Мұндай ҚТЖ бір уақытта жеті таңбалы нөмірлеу зонасы болып табылады.
ҚТЖ -де бірінші нөмірдің бірінші саны 8 және 0-ден басталмауы керек. 8 саны халықаралық автоматты телефонды стансаға (АМТС) шығу индексі, ал 0 саны төтенше жағдайлардағы нөмірдің бірінші таңбасы.
4.1.4 Зоналық желіге шығуда (АВС коды бар өзге зона нөмірімен жергілікті желі байланысында) ҚАТС-ке шығу индексі теріледі, одан кейін абоненттік қалааралық 10 таңбалы нөмірі АВС- ав- х хххх теріледі.А саны 2-ге тең болмауы керек, 2 және 1 зоналық желіге шығу индексі (зона ішіндегі индекс), 10 автоматты коммутацияланатын халықаралық желіге шығу индексі. Нөмірлеудің ашық индекссіз жүйесі желі иерерхиясының әртүрлі деңгей байланысында әр түрлі сан тереді. АТЖ-де қолданылады. Нөмірлеудің мұндай жүйесі мемлекеттің барлық желісінде қолданылуы мүмкін. Онда жергілікті, зоналық және қалааралық нөмірлердің бірінші сандары бірдей болмауы керек, А=а= х .
АТЖ–ге арналған индекссіз жүйеден басқа ТС және ОС-ке шығатын индекстерімен ашық жүйе қолданылады. Мұнда станса аралық байланыс үш таңбалы нөмір терумен жүзеге асырылады. Мұндай жүйелер абонент үшін онша қолайлы емес және АТЖ нөмір сыйымдылығын азайтады. Сондықтанда нөмірлеудің бес таңбалы жабық жүйесі АТЖ үшін өте тиімді болып табылады.
4.1.5 АТСЭ S-12 ның ерекшеліктері мен сипаттамасы. S-12 жүйесі 1982 жылы АҚШ, Италия, Германия, Белгия фирмаларының қатысуымен ALKATEL фирмасында дамытылған және 90 – жылдардың ортасында Ресейдің телефондық желілерінде бүкілхалықтық қолданылды.
Коммутация жүйесі әмбебап болып келеді және 512 ден 100 мыңға дейінгі сыйымдылықта сапалық қалалық АТС-терде, 60 мыңға дейінгі сыйымдылықта сапалық қалааралық және халықаралық стансаларда абонент сызықтарын қосу сызықтар және арналар және де ауылдық АТС-терде де қолданылады. 25 мыңға дейінгі Эрланг жүктеме көлемінде сағатына шақырулар 750 мың өңдеу қалпында (жағдайында), соңғы модификациясында сағатына 2 млн.ға дейін.
Унификацияланған екі жақты коммутациялық элементті қолдануы және басқарудың терең бөлшектенуі жүйенің негізгі қасиеті болып табылады.
Құрылғылардың соңғы модулі бойынша бөлшектенудің басқару жүйесі іске асырылады. Мұндай қасиетпен адрестік ақпаратты басқару абоненттік апараттардан қабылданады және абонентік модульде анализденеді немесе көпжиілікті. Бұл ақпараттың негізінде басқару сигналдары цифрлық коммутациялық өрісте (ЦКӨ) өндіріледі, сол арқылы әрбір элемент ЦКӨ бір – бірінен байланыссыз қосылуларды орнатқызады, жоғары сенімділікке ие, кез келген элементтің қатардан шығуы, барлық жүйені аварияға келтірмейді.
Цифрлық коммутациялық өріс әрқайсысы ИКМ бір сызығының берілісі 32 тракттан және қабылдауы 32 тракттан тұратын екі жақты бірегей коккутационды элементтің (КЭ) негізінде құрылады. Екі жақты элементтің болуы ЦКӨ өткізу қабілетінің көбеюіне ықпал ететін іздеу сатысының әр түрлі саны арқылы байланысын орнатуға мүмкіндік береді. ЦКӨ құру үшін біртекті КЭ болуы жүйе жұмысының өзгерісінсіз ЦКӨ өткізгіштік қабілеттерін және сыйымдылығын өсіруге мүмкіндік береді.
Аналогтық цифрлық хабарламаларды жіберу бөлек такттар бойынша емес, ал біртекті ЦКӨ бойынша өткізіледі ол құрылғының жалпы көлемін азайтуға мүмкіндік береді. ALCATEL 1000 S-12 стансасының құрылымдық сұлбасы 4.2 суретте келтірілген.
- ASM (Analogue Subscriber Module) - аналогтік абоненттердің модулі;
- ISM {ISDN Subscriber Module) - ISDN абоненттердің модулі;
- IRIМ (Remote Subscriber Unit Interface Моdulе) – RSU модулінің қосылуы, IRSU интерфейсі;
- HCCM (High Performance Common Channel Modulе) – OKC модулі, сегіз арнаға дейін өңдей алады;
- SCM (Service Circuit Мос!и1е) – көпжиілікті сигнализацияның модулі, DTMF және MF сигнализациясын басқару;
- ТТМ (Trunk Test Module) – тестілеу арнасының модулі;
- DTM (Digital Trunk Module) – цифрлық қосылу сызықтарының модулі
4.2 Сурет – ALCATEL 1000 S-12 стансасының құрылымдық сұлбасы
- P&L (Peripheral & Load Module) - барлық периферияны қамтиды:
PC,MTU, HDD,
- C&T (Clock& Tone Module) – такттік жиілікті генерациялайды (8.192Мгц);
- DIAM (Digital Integrated Announcements Module) – хабарландыруды қамтамасыз етеді;
- DLM (Data Link Module) – екі аналогтік модемдік қосылуды өңдеуі мүмкін;
- IPТМ (Integrated Packet Trunk Module) – жеті нөмірін өңдеуді қамтамасыз етеді, Х25, ISDN (PRI);
- АСЕ (Auxiliary Control Element) – қосымша басқару құрылғысы.
Телефонның функциялары, аппараттық және бағдарамалық бөлімдерден тұратын арнайы модульдерде жинақталған. Мысалы, Аналогты Абненттердің Модулі (ASM), Цифрлық Арналардың Модулі (DTM ) және т.б.
Барлық модульдер бірдей құрылымға ие. Олар екі бөлімнен тұрады: Терминал және Терминалды Басқару құрылғысы (ТСЕ - Terminal Control Element).
Терминал әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін арнайы терминалды сұлбалардан тұрады, мысалы: аналогты сызықтарды және цифрлық арналарды қамтамасыз етеді.
ТСЕ – нің аппараттық бөлігі барлық модульдерде ұқсас. ТСЕ логикалық тізбектерді және терминал жадысымен басқаруды қамтамасыз етеді; DSN және терминалмен байланыс үшін стандартты интерфейстері бар. ТСЕ – нің негізгі өзегі бұл – микропроцессор.
Қосымша мүмкіндіктер мен басқару қуаттылығын ТСЕ –нің аппараттық бөлігіне ұқсас аппараттық бөлігі бар, бірақ терминалмен байланыспаған қосымша басқару құрылғыларын қамтамасыз етеді АСЕ Auxiliary Control Element). Олар тек бағдарламалық тапсырмаларды орындайды.
Әрбір модульде сол құрылғының жадыдан және басқарушы логикадан тұратын терминалды басқару құрылғылары бар (ТСЕ). Қосымша басқару элементтері (АСЕ) ТСЕ – нің функцияларын орындауға арналған. Ол спецификалық тапсырмаларды шешеді. Мысалы, қателерді өңдеу, префиксті талдау, жергілікті абонентті идентификациялау. Ол өзара DSN арқылы стандартты интерфейспен байланысады.
DSN және модульдің өзара интерфейсі екі жақты 32 – арналық ИКМ сызықтарды қолданады. DSN – ді тек қана жүйе терминалдар арасында мәліметтерді тасымалдауға қолданылмайды, сонымен қатар СЕ модульдердің байланысын, байланыс жолын орнатпай – ақ қамтамасыз етеді. Бұл, яғни жүйелік шиналарды пайдаланбауға болады, бұл деген АТС – тің сыйымдылығының кеңейтілуіне мүмкіндік береді.
Аналогты абоненттік сызықтар модулі (ASM) аналогты абоненттік сызықтарға мүмкіндік беретін басқару элементінен және сызықтық құрылғылардан тұрады. Абоненттік орнатуларда көптеген түрлер (қарапайым таксофондардар, жоғары приоритетті абоненттер және т.б.) сол бір байланыс сызықтарына кешенді түрде қосыла алады.
Цифрлық абоненттер модулі (ISM) DSN – ге қатынас жасаудың базалық интерфейсі бар, максимальды 64 цифрлық абоненттерді қосатын функцияны орындайды. Интерфейс цифрлық тарату және абоненттік қабылдауды екі ақпараттық арна арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, 64кбит/с (В - арна) және мәліметтерді тасымалдауды сигнализациялайтын 16кбит/с (Д – арна).
Цифрлық трактілер модулі (DTM) DSN коммутациялық стансалар бағытында цифрлық байланыс сызықтарын байланыстырады. Жылдамдығы 2Мбит/с ИКМ тактілер интерфейсі болып табылады және 4 Мбит/с жылдамдығы бар стансалардың ішкі үзбесі, ал кейбір жағдайларда бұл модуль станционарлық басқару және модульде қолданылатын сигнализация аралық интерфейс болып табылады.
Абоненттік шығыс блогының интерфейс модулі аналогты және цифрлы (GUM) абоненттер үшін қызмет істейді. Концентратор аз мөлшердегі қолданушыларға қатынасты және коммутациялық станса болады.
Жоғары өнімді (НССМ) – жалпы арна модулі ОКС-7 сигнализация жүйесінде форматтауды және хабарламалардың расшифровкасын қамтамасыз етеді. Қабылдағыш блоктарының дұрыстығын тексереді және екіпорттық жадыға ақпаратты жібереді, бұл арқылы ол ОВС процессорын жарықтандырады. ОВС хабарламаларды оқиды және көрсетілген адрес бойынша жіберу процесін жалғастырады.
Олай болса, ол хабарлама (СЮ) арнасының идентификаторына сәйкес келетін, сөз арнасы бар DTUA – ға бағыттайды немесе бұл хабарламаны көрсетілген адреске жеткізетін сигналдың шығыс арнасына сәйкес келетін SLTA блогына бағыттайды.
(DIAM) авто жауап беруші модулі абоненттерге әртүрлі өзгертулер жайында хабар беру үшін қолданылады, мысалы, шақырылған абоненттің нөмірінің басқаға өзгергендігі жайында және т.б. Ол сонымен қатар уақыт хабарламасы рөлін де атқарады, яғни “сөйлейтін сағат”
Қызмет кешендері модулі (SCM) көп жиілікті сигнализация сигналын өңдейді. Бұл модуль тастатурлы телефондық апаратты байланысу сызықтары мен кіретін ИКМ кодтау әдісі бойынша тональды сигналдарды анализдейді және оларды цифрға айналдырады.
Такт және тон модулі (С&Т) керек болғанда сыртқы, негізгі тактілі сигналды синхрондауды ұсынуда қолданылады. Модуль бұдан басқа аккустикалық сигналдарды станса үшін генерирлейді және уақыт датчигіне ие.
Перифериялық құрылғылардың модулі мен (P&L) жүктеу - S-12 аппараттық және программалық жабдықтарының техникалық қызмет көрсету функциясын жүйемен қызмет көрсету персоналының әсерін қамтамасыз ететін, сонымен қатар стансаның программалық қамтамасыздығын жүктеу үшін арналған перифериялық құрылғылардың сыртқы жадын басқаруды орындайды. Бұл модуль әртүрлі перифериялық құрылғылардың (адам – машина байланысының бейнетерминалдарын, принтерлердің, дискі қозғағыштардың және т.б.) сонымен қатар сигнализациялардың панелі мен шамының іске қосылуын қамтамасыз етеді. Олар істен шығу сигнализациясының басты панеліндегі істен шығу сигнализациясына қызмет көрсетеді. Әр стансаға міндетті түрде белсенді/қосалқы режімінде жұмыс жасайтын екі модулмен жабдықталады.
Деректер буынының модулі (DIM). ALCATEL 1000 S-12 жүйесінің модулі модемдерді қосуды ұстамайды. Сондықтан, аналогты модемді (мысалы, коммутациялық пакетті желі арқылы деректерді өңдеудің электронды орталығымен байланыс немесе ОКС – 7 аналогты сигнализациясын қолдану үшін байланыс) іске қосу қажет болса, онда қосымша модуль: M3D қосылады. ОКС – 7 сигнализациясының хабарламасы HCCM модулінде немесе ГРТМ қалыптасады. Одан шығып олар V.24. интерфейсінің көмегімен модемге қосылатын DLM модуліне тікелей беріледі.
Тестілік желі қосу (ТТМ) апат кезіндегі жағдайда желі қосуды тексеру үшін және периодты пайдаланымды тексеруге арналған.
4.1.6
Телефон жүктемесінің интенсивтілігін
есептеу. Әртүрлі
приборға және желіге түсетін жүктеменің
интенсивтілігін есептеу стансаға
кірмейтін желі сыйымдылығының құрылымы,
жүктеменің негізгі құрамды құрылымы
және жүктеменің параметрлері анықталғаннан
кейін шығарылады. Қалалық телефондық
желінің құрылымды сұлбасын қарастырайық,
бес АТС:
электронды АТСЭ-77,
сыйымдылықты
нөмірлі, электронды АТСЭ-78 сыйымдылығы
нөмірі,
координатты
АТСКУ-74 сыйымдылығы
нөмірлі,
координатты АТСКУ-75 сыйымдылығы
нөмірлі
және координатты АТСКУ-79 сыйымдылығы
нөмірлі.
S – 12 жүйесінің жобаланған сыйымдылығы
АТСЭ-71
нөмірлі
бір ПС қосылған сыйымдылығы
нөмірді
құрайды. Желінің сыйымдылығы
нөмірлі.
Абоненттік линиялар нумерациясы ҚТЖ-де алтытаңбалы. Алтытаңбалы нөмірдің бірінші саны бағытты анықтайды, екіншісі – түйінді және қалған төртеуі берілген АТС – тің абонентті топтағы сыйымдылығын 10000 нөмірлерін анықтайды. АМТС – ке шығу “8” шығу индекс кодын теру жолы арқылы орындалады, әр түйінге шығу арнайы қызметтерде (УСС) - «0».
Арнайы қызмет түйіні мен желінің және АМТС құрылымдық сұлбасы 4.3. суретте келтірілген.
Барлық АТС “әрқайсысы - әрқайсысымен” принципі бойынша жалғанған. Барлық бірігулер цифрлық қосылу линялары бойынша іске асырылады (ЦҚС), сол үшін цифрлық линия бойынша байланысты қамтамасыз ететін электромеханикалық жақта ИКМ аппартурасына аналогты – цифрлық түрлендіргіш құрылғысы орнатылады.
Абоненттік линияның нөмірленуі 4.1кестеде көрсетілген.
4.1 Кесте.- АТС желісінде абонеттік линияларын нөмірлеу көрсетілген
АТС коды |
Нөмірлік сыйымдылығы |
Абоненттік линияның нөмірленуі |
АСТКУ-42 |
10000 |
420000-429999 |
АТСЭ-48 |
10000 |
480000-489999 |
АТСЭ-47 |
10000 |
470000-479999 |
АСТКУ-44 |
10000 |
440000-449999 |
АСТКУ-41 |
10000 |
410000-419999 |
АТСЭ-43 |
6000 |
430000-435999 |
ПСЭ-436 |
1000 |
436000-436999 |
