- •7. Студенттердің оқытушымен біріккен өзіндік жұмысы
- •7.1.№ 1 Тақырып «жалпы нозология» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •3 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •7.7.Әдебиеттер
- •7.8.Бақылау
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Машықтық дағды қалыптастыру»
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Липогенез үрдістерінің липолизден басым болуы
- •1. Осы науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Оны не мәлімдейді?
- •2. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралды қорытынды жасаңыз.
- •3. Патогенездік емін негіздеңіз.
- •9. Микросфероциттік анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :
Машықтық дағды қалыптастыру»
Сабақтың мақсаты:
Ситуациялық есеп шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Су-электролит алмасуы және ҚСҮ патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру
Есептерді талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу
Топта жұмыс жасау дағдысын жетілдіру
Жүргізу тәсілі: кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.
Тақырып бойынша тапсырмалар
№1 тапсырма Ситуациялық есептерді шығару
Кейс-стади:
№ 1 есеп. Клиникаға 3 айлық бала мынадай шағымдармен түсті: мазасыздық, қозғыштық, селкілдек, жиі сулы дәрет, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегінің түсуі, тілінің және терінің шырышты қабаттарының құрғауы, бұлшықетінің гипотониясы және ішектің парезі. АҚ 70/40 мм сбб. Қан сараптамасында эритроцит, гемоглобин және лейкоциттердің жоғарылауы. Диурез 300 мл. Шөлдеу сезімі жоқ.
Балада су-электролит алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамыды?
Негізгі көріністердің патогенезі қандай?
Осы жағдайды патогенездік емін ұсыныңыз
№ 2 есеп. Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді.
Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі?
Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын негіздеңіз
Шөлдеуді басу үшін тұзсыз су қабылдауға бола ма?
№ 3 есеп. Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?
Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
Дамыған жағдайларды патогенездік едеу әдісін ұсыныңыз
№ 4 есеп. 42 жасар науқасқа ауруханада жүрек жеткіліксіздігі аңғарымымен жатқызылды.
Қарап тексергенде: аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені, терісінің цианозы анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез азайған. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған.
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Ісінудің, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының патогенезін түсіндіріңіз?
4. Науқасқа патогенездік терапияны ұсыныңыз .
№ 5 есеп. 40 жастағы науқасқа сол жақ сүт безін аймақты лимфа түйіндерімен бірге көлемді ота жасалды. Келесі күні терісінің түсі өзгеріссіз, сол қолының ісінуі байқалды. Ісінудің механизмі қандай?
№6 есеп. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен сырқаттанған науқаста остеопороз (сүйек тіні массасы азайған) анықталды, қан плазмасында кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз дамығандығы анықталды.
Науқастағы остеопороз бен ацидоздың даму тетігі қандай?
№ 7 есеп. Биік таулы аймақта адамда ентік байқалды.
Осы жағдайдағы ентіктің даму тетігі қандай?
ҚСҮ қлай өзгереді, неге?
