- •7. Студенттердің оқытушымен біріккен өзіндік жұмысы
- •7.1.№ 1 Тақырып «жалпы нозология» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •3 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •7.7.Әдебиеттер
- •7.8.Бақылау
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Машықтық дағды қалыптастыру»
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Липогенез үрдістерінің липолизден басым болуы
- •1. Осы науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Оны не мәлімдейді?
- •2. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралды қорытынды жасаңыз.
- •3. Патогенездік емін негіздеңіз.
- •9. Микросфероциттік анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :
2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тесттер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-311
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.682-764
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.682-764
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 59-67
Қосымша
Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 241-269
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-51, 60-76.
БАҚЫЛАУ:
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.
Тест тапсырмалардын орындалуын тексеру
1 Нұсқа
1. Ісіну патогенезінде гемодинамикалық фактор басты роль ойнайды (2)
іркілу
қабыну
аллергиялық
нефротикалық
токсикалық
2. Ісіну патогенезінде басты фактор тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы болып табылады (3)
жүрек жеткіліксіздігі кезінде
Квинкеде
бауыр жеткіліксіздігі кезінде
ара шаққан кезде
токсикалық жағдайда
3. Лимфа ағып кетуінің қиындауы байқалады (4)
лимфа тамырларының туа пайда болған гипоплазиясы кезінде
лимфа тамырларының филярилармен бітелу кезінде
орталық веналық қысымның жоғарылауы кезінде
орталық веналық қысымның төмендеуі кезінде
E) лимфа түйіндерінің өспелері кезінде
4. Ісінудің патогенезінде нейро-эндокриндік фактор роль атқарады (3)
жүректік
бүйректік
бауырлық
қабынулық
аллергиялық
5. Бауырлық ісіну патогенезінде басты болып табылады (2)
нейро-эндокриндік фактор
онкотикалық фактор
қантамырлық фактор
тіндік фактор
лимфа ағып кетуінің бұзылуы
6. Гипергидратация белгілері болып табылады (4)
ісіктер, сұйықтық жиналу
дене массасының жоғарылауы
гематокриттің жоғарылауы
айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы
артериалдық қан қысымының жжоғарылауы
7. Сумен улану патогенезіндегі жетпейтін тізбек:
Судың шығуының бұзылу фонында судың артық түсуі ® жасушадан тыс секторда судың жоғарылауы ® ?… ® сұйықтықтың жасуша сыртынан ішіне түсуі ® жасушаішілік гипергидратация ® организмде судың жалпы көбеюі
жасушаішілік сектордағы гипоосмия
жасушаішілік сектордағы гиперосмия
жасушадан тыс сектордағы гиперосмия
жасушадан тыс сектордағы гипоосмия
E) жасушадан тыс сектордағы изоосмия
8. Гипоосмоляльдық гипогидратация пайда болады (3)
диареяда
көп реттік құсуда
ішек свищтерінде
өңеш атрезиясында
сулық ашығуда
9. Сусыздану кезінде орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылу патогенезінде маңызды (4)
гипоксия
қышқыл-нігіз жағдайының бұзылуы
аутоинтоксикация
жүйке мембраналарының осмостық зақымдалуы
E) қанайналымының орталықтануы
10. Гипокалиемия көрінеді (3)
ішектің атониясымен
тамыр тонусының төмендеуімен
Т вольтаж тісшесінің жоғарылауымен
ЭКГ да Т тісшесі амплитудасының кеңеюі мен төмендеуімен
артериялық қысымның жоғарылауымен
11. ҚСЖ жылжу коменсациясының бүйректік механизмдеріне жатады (4)
сүт қышқылынан (Кори циклы) гликоген ресинтезделуі
ацидогенез
аммониогенез
Na+ - Н+ - алмасу механизмі
бикарбонаттардың реабсорбциясы
12. ҚНЖ жылжуы компенсациясында бауырдың ролі (4)
нәруыздыдқ буферлік жүйеге кіретін қан нәруыздарын синтездеу
аммиак түзу мен зәрнәсіл синтезі
органикалық қышқылдарды тотықтыру
сүт қышқылын глюкозаға және гликогенге айналдыру (Кори циклі)
ацидогенез
13. Компенсирленген ацидоз бен алкалоздарға артериалық қан рН мәні сәйкес (1)
7,35 - 7,45
7,0
7,2 - 7,3
7,45 - 7,50
7,65 - 7,70
14. Артериалық қан рН көрсеткіші 7,49 тең, не туралы мәлімдейді (1)
компенсирленген алкалоз
компенсирленбеген алкалоз
компенсирленген ацидоз
компенсирленбеген ацидоз
қалыпты ҚНЖ
15. Компенсирленген газдық ацидоз кезіндегі гиперкапния әкеледі (4)
артериолалардың спазмына
АҚ жоғарылауына
АҚ төмендеуіне
бронходилятацияға
бронхиолалардың спазмына және үлкен көлемде жабысқақ шырыштың бөлінуіне
16. Газдық емес ацидоздың себептері болып табылады (4)
зат алмасудың бұзылуы кезінде организмде органикалық қышқылдардың артық түзілуі
бүйректің қышқыл өнімдерді шығара алмауы
бүйрек және асқазан-ішек жолдары арқылы бикарбонаттардың артық шығарылуы
организмнен көмірқышқылының шығуының бұзылуынан оның жиналып қалуы
қышқылдардың сырттан түсуінің жоғарылауы
17. Газдық алкалоз дамиды (3)
тыны салу орталығының тежелуінде
биіктік ауруында
асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтуда
тыныс алу орталығы қозуының жоғарылауында
жасанды тыныс алуда өкпенің гипервентиляциясында
18. Газдық алкалозға тәне (3)
гипокальциемия
жүйке-бұлшықет қозуының жоғарылауы
зәрдің титрлік қышқылының төмендеуі
ацидо,- және аммониогенез үрдістерінің белсенуі
өкпенің компенсаторлық гипервентиляциясы
19. Газдық емес алкалоздың компенсациясы кезінде жүреді (4)
өкпенің гиповентиляциясы
бүйрекпен негіздердің бөгелуі
нәруыздық буферлік жүйемен Н+ шығарылуы
Н+ жасушадан қандағы калий мен кальций иондарына алмасуы
Зәрмен бикарбонаттар шығарылуының күшеюі
20. Өкпенің гипервентиляциясы ҚНЖ бұзылысын компенсирлейді (1)
метаболикалық ацидозда
метаболикалық алкалозда
газдық ацидозда
газдық алкалозда
2 Нұсқа
1. Ісіну патогенезінде онкотикалық фактор маңызды роль атқарады (3)
бауырлық
кахексиялық
аллергиялық
токсикалық
бүйректік
2. Интерстициалды сұйықтықтың онкотикалық және осмостық қысымының жоғарылауы салдары болуы мүмкін (3)
қан плазмасы нәруыздарының жасушааралық кеңістікке артық тасымалдануы
зақымдалған жасушалардан осмостық белсенді заттардың шығуы
тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы
микроциркуляция бұзылысы нәтижесінде тіндерден осмостық белсенді заттар шығуының төмендеуі (иондардың, органикалық қосылыстардың)
қанайналымының жылдамдауы
3. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі бесенуінің дұрыс бірізділігін құрыңыз
альдостерон секрециясының жоғарылаууы
бүйрек қанйналымының төмендеуі
ренин секрециясының жоғарылауы
ангиотензиногена ангиотензин – I ге айналуы, ангиотензина – I дің ангиотензин – II ге айналуы
4. Қабыну кезінде ісінудің басты факторы (1)
жүйке-эндокриндік фактор
гемодинамикалық фактор
қантамырлық фактор
тіндік фактор
онкотикалық фактор
5. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде ісіну патогенезінде маңызды (5)
гемодинамикалық фактор
онкотикалық фактор
жүйке-эндокриндік фактор
тіндік фактор
лимфа ағып кетуінің қиындауы
веналық қысымның төмендеуі
6. Гипоосмоляльдық (гипотоникалық) гипергидратация салдары болуы мүмкін (3)
вазопрессиннің сәйкессіз жоғары продукциясы
шамадан тыс судың түсуі
ренин-ангиотензин альдостерон жүйесінің белсенуі
өкпенің патологиялық гипервентиляциясы
АДГ жеткіліксіздігі
7. Гиперосмоляльдық гипогидратация сипатталады (2)
организмде жалпы су құрамының жоғарылауы
жавсушадан тыс сұйықтықта осмостық қысымның жоғарылауы
жасушаларда су құрамының жоғарылауы
судың жасушадан жасушадан тыс кеңістікке ауысуы
шөлдеу сезімінің жоғалуы
8. Гипоосмоляльдық гипогидратация сипатталады (2)
организмде жалпы су құрамының жоғарылауы
жасушадан тыс сұйықтықта осмостық қысымның төмендеуі
жасушаларда су құрамының төмендеуі
судың жасушадан тыс кеңістіктен жасушаға ауысуы
шөлдеу
9. Гипоосмоляльдық гипогидратация туындауы мүмкін:
өкпе гипервентиляциясы
жүрек жеткіліксіздігі
диарея
судан қорқу
қан құю және қан ауыстыру
10. Гипокальциемия кезінде байқалады (2)
полиурия
ісінулер
жүйке-бұлшықет қозуы мен құрысудың жоғарылауы
бүйректе тастың түзілуі
қан ұюының төмендеуі
11. ҚНЖ жылжуы компенсациясының өкпелік механизмдеріне (2)
ацидоз кезіндегі гипервентиляция
ацидоз кезіндегі гиповентиляция
алкалозе кезіндегі гиповентиляция
алкалоз кезіндегі гипервентиляция
ацидогенез
12. ҚНЖ жылжуы компенсациясында асқазан-ішек трактысының ролі (3)
ацидоз кезінде асқазанның париетальді жасушаларымен тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы
алкалоз кезінде бикарбонаттардың үлкен көлемін құрайтын ішек сөлі секрециясының жоғарылауы
алкалоз кезінде ұйқы безі бикарбонаттар секрециясының жоғарылауы
алкалоз кезінде асқазанның париетальді жасушаларымен тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы
ацидоз кезінде ұйқы безі бикарбонаттары секрециясының жоғарылауы
13. Артериалық қан рН көрсеткіші 7,25 тең, бұл мынаны мәлімдейді (1)
компенсирленген алкалоз
компенсирленбеген алкалоз
компенсирленген ацидоз
компенсирленген ацидоз
қалыпты ҚНЖ
14. Тыныстық ацидоз туындауы мүмкін (4)
наркоз-тыныстық аппараттың істен шығуынан
пневмосклерозда
тыны салу орталығы қозуының төмендеуінен
өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында
биік таулы жағдайда болғанда
15. Газдық ацидоз компенсациясында маңызды (4)
гемоглобиндік буфер
өкпе гипервентиляциясы
бүйректе ацидогенез күшеюі
бүйректе аммониогенез күшеюі
калий мен кальциймен алмасып Н+ жасушаға түсуі
16. Метаболикалық ацидозға тән (3)
гипервентиляция
қанда рСО2 төмендеуі
гиперкалиемия
сүйектердің декальцинациясы
зәрдің титрлік қышқылының жоғарылауы
17. Газдық алкалозды теңгеру үрдісіне қатысады (4)
нәруыздық буферлік жүйемен Н+ босап шығуы +
Н+-ның, кәлий және кәлций иондарына алмасып, жасушалардан шығуы +
бүйрекпен органикалық қышқылдар және аммиак шығарылуының азаюы +
несеппен бикарбонаттар шығарылуының жоғарылауы +
Е) өкпе гипервентиляциясы
18. Газдық емес алкалоздың себептері (5)
организмге бикарбонаттардың көп мөлшерде түсуі
бүйрек арқылы бикарбонаттар шығарылуының азаюы
толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлімен тұз қышқылын көп мөлшерде жоғалту
ұзаққа созылған іш өту
ішек жыланкөзі
19. Метаболизмдік алколозға тән (4)
плазмада бикарбонаттар мөлшерінің жоғарылауы
қанда СО2 кернеуінің теңгерулік азаюы
бүйректе аммониогенездің әлсіреуі
несептің титрленетін қышқылдығының төмендеуі
жүйкелік-бұлшықеттік қозымдылықтың жоғарылауы
20. Альвеолярлық гиповентиляция дамуына әкелу мүмкін (1)
аралас газдық және метаболизмдік алкалозға
аралас газдық ацидозға және метаболизмдік алкалозға
аралас газдық және метаболизмдік ацидозға
аралас газдық алкалозға және метаболизмдік ацидозға
№ 4 ТАҚЫРЫП: «КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ГИПОКСИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Гипоксия және көмірсу алмасуының патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Гипоксия және көмірсу алмасуының патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру
Есептерді талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу
Топта жұмыс жасау дағдысын жетілдіру
Жүргізу тәсілі:кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.
Тақырып бойынша тапсырмалар
№ 1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару
№ 1. Ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шеккен 45 жастағы науқас К., асқазанынан қан кетуінен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түсер кезінде үдемелі әлсіздікке, басының айналуына, құлағындағы шуға, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Науқас бозарған. Айқын ентігу байқалады. АҚ 90/60 мм.с.б. Тамыр соғысы — 100 рет/мин,.
Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз
Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?
Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
№ 2. Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.
Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз
Науқастың қанын тексергенде не анықталды? Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?
Науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?
Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
№3. Науқас ауруханаға цианидтермен ауыр уланып түсті. Оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 2 көл%.
Берілген көрсеткіш гипоксияның қай түрін анықтайды?
Осы гипоксияда оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?
№ 4. Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқастың тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, қанның оттегіге сыйымдылығы төмендеген.
Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?
№ 5. Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері – 98%, веналық қанда – 45%, эритроцит саны қалыпты; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) – 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі – 40 мм с.б.
Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?
Оттегілік көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіріңіз.
№ 6 Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді.
Аурудың болжам диагнозын қойыңыз.
Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет?
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
№ 7 Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 10 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 20% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?
Бұл науқаста қантты диабеттің қандай клиникалық түрі дамыған?
№ 8. 60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, көп кіші дәретке шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады.
Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны (25 ммоль/л), гиперкетонемия және кетонурияны көрсетті, қан рН –7,32.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Осы жағдайдың патогенезінің негізгі тізбегін атаңыз
Осы жағдайды емдеу ұстанымдарын атаңыз, негіздеңіз
№2 тапсырма Тесттік тапсырмаларды шығару
Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тесттер.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 130 – 139, 537-548.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 256-269, 340-351
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.568-621
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.568-621, том 2, С.289-313
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 25-31, 67-69
Қосымша
5.Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 184-199
6.Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60.
БАҚЫЛАУ:
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.
Тест тапсырмалардын орындалуын тексеру
1 нұсқа
1. Көмірсудың ыдырауы және сіңірілуінің бұзылуы байқалады (4)
аш ішектің шырышты қабығының қабынуында
фосфорлану және қайта фосфорлану үрдістерін бөгейтін уыттар әсер еткенде
ішек қабырғасының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда
сахараза, мальтаза, лактаза белсенділігі төмендегенде
липаза белсенділігі төмендегенде
2. Гликоген түзілуінің төмендеуі байқалады (5)
гепатоциттер бүлінгенде
төртхлорлы көміртегімен уланғанда
гипоксия кезінде
қантты диабетте
тиреотоксикозда
инсулиномада
3. Гликогеноздың I түріне (Гирке ауруына) тән (5)
глюкозо-6-фосфат дегидрогеназаның тапшылығы
глюкозо-6- фосфатазаның тапшылығы
бауыр және бүйректің үлкейуі
гипогликемия
кетоз
қанда сүт қышқылының көбеюі
гипергликемия
4. Гиперлактатацидемияның патогенезінде маңызы бар (4)
гликогенез күшеюінің
гликогенолиз жоғарылауының
анаэробтық гликолиз белсенділенуінің
Кребс оралымында тотығу бұзылуының
В1 витамині тапшылығының
бауыр қызметі бұзылуының
5. Гиперинсулинизм кезіндегі гипогликемияның патогенезінде маңызы бар (4)
жасуша мембраналары арқылы глюкоза тасымалдануы тежелуінің
жасуша мембраналары арқылы глюкоза тасымалдануы белсенділенуінің
гликогеногенез белсенділенуінің
гликогенолиз тежелуінің
глюкоза тотығуы баяулауының
глюконеогенез тежелуінің
6. Гипогликемиялық кома патогенезінің негізгі тізбегі (1)
мый нейрондарының көмірсулық және қажымдық «ашығуы»
миокардтың көмірсулық «ашығуы»
қанның гиперосмиясы
теңгерілмеген кетоацидоз
сүт қышқылының жиналуы
7. Эмоциялық гипергликемияның патогенезінде маңызы жоғары (1)
бүйректе глюкозаның кері сіңірілуі жоғарылауының
гликогеногенез жоғарылауының
глюконеогенез тежелуінің
жасушамен глюкозаны пайдалану бұзылуынның
гликогенолиз күшеюінің
8. Гормондық гипергликемия пайда болады (5)
глюкокортикоидтар сөлденісі жоғарылағанда
адреналин сөлденісі жоғарылағанда
глюкагон сөлденісі жоғарылағанда
соматотропин сөлденісі жоғарылағанда
инсулиннің тапшылығында
тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) тапшылығында
9. Ұйқыбездік инсулиндік жеткіліксіздікке әкелуі мүмкін (5)
инсулинге антиденелер түзілуі
ұйқы безінің қан тамырларының атеросклерозы
пурин алмасуының (аллоксан жиналуы) бұзылуы
организмде цинк иондарының тапшылығы
Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелердің түзілуі
панкреатит
10. Ұйқыбезінен тыс инсулиндік жеткіліксіздік, салдары болуы мүмкін (3)
қанның протеолиздік ферменттерінің мөлшері жоғарылауының
ұйқы безінің өспелермен зақымдануының
панкреатитті бастан кешірудің
инсулинге қарсы гормондардың (АКТГ, СТГ, глюкокортикоидтар) мөлшері жоғарылауының
Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелер түзілуінің
Ғ) инсулинге қарсы антиденелер түзілуінің
Экзогендік гипобариялық гипоксияға тән қанның газдық құрамының өзгерістері (3)
