- •7. Студенттердің оқытушымен біріккен өзіндік жұмысы
- •7.1.№ 1 Тақырып «жалпы нозология» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •3 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •7.7.Әдебиеттер
- •7.8.Бақылау
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Машықтық дағды қалыптастыру»
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
- •Липогенез үрдістерінің липолизден басым болуы
- •1. Осы науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Оны не мәлімдейді?
- •2. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралды қорытынды жасаңыз.
- •3. Патогенездік емін негіздеңіз.
- •9. Микросфероциттік анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :
2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
№ 3 тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ
Тігінен:
1.Бронхтың қабынуы
2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері-
3. еттің қабынуы
4. Калликреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін медиаторлар
5.Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)
6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы
7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)
8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы
9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы
10. Қалқанша бездің қабынуы
11. Тіс жетінің қабынуы
12. Пролиферация тежегіштер
13. Бүйректің қабынуы
Көлденеңінен:
1.Плевраның қабынуы
2. Өкпенің қабынуы
3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер
4. Бронхылардың қабынуы
5. Артерияның қабырғасының қабынуы
6. Қол саусақтарының қабынуы
7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар
8. Жүрек етінің қабынуы
9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы
10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы
11. Тілдің қабынуы
12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы
13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті
14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы
15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер
16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары 17.Арахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары
18. Жүйке қабынуы
19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары-
20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы
21. Қуықтың қабынуы
Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ, ақпараттар жинағы.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-222
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.498-516. 2 том С. 404-498
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.498-516. 2 том С. 404-498
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-45
Қосымша:
Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 62-76, 120-136
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 87-92, 101-117.
Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 214-351
БАҚЫЛАУ
Ситуациялық есептер қорытындысын тексеру
Тест тапсырмалардың орындауын тексеру
Сөзжұмбақтың орындалуын тексеру
1 Нұсқа
1. Асептикалық қабыну дамуы мүмкін (3)
аяқ-қолдың ашық сынуында
тіннің ишемиялық өлеттенуі
қан құйылғанда
сіңір және тарамыс созылғанда
отадан кейінгі жағдайлар
2. Салдарлық әлтерация дамиды (4)
қабыну дәнекерлерінің әсерінен
қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістерден
флогогендік жайттың әсерінен
микроциркуляция бұзылыстарынан
қабыну ошағындағы зат алмасуы бұзылысынан
3. Қабыну ошағында физикалық-химиялық өзгерістерге жатады (4)
кәлий иондары мөлшерінің жоғарылауы
алкалоз
осмостық қысымның жоғарылауы
онкотикалық қысымның жоғарылауы
ацидоз
4. Қабынудың жасушалық дәнекерлеріне жатады (3)
гистамин
брадикинин және басқа белсенді кининдер
простагландиндер
лизосомальдық ферменттеы
комплемент жүйесінің нәруыздары
5. Қабыну ошағында микроциркуляциялық өзгеріс сатыларының дұрыс бірізділігі (1)
ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз
артериялық гиперемия, ишемия, веналық гиперемия, стаз
ишемия, артериялық гиперемия, стаз, веналық гиперемия
ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз.
6. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырысыртылық жайттары (2)
ұсақ қан қатпарлары түзілуі
қан ағымы жылдамдығының баяулауы
эндотелийдің ісінуі
қылтамырлар мен венулалар қабырғасының айналасындағы дәнекер тіндік талшықтардың бүлінуі
экссудат және жасушалық сіңбелермен венулалардың қысылуы
7. Экссудацияның патогенезіне қатысады (3)
қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жғарылауы
қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы
қабыну ошағындағы гиперосмия және гиперонкия
қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
тінде онкотикалық қысымының төмендеуі
8. Іріңді экссудатқа тән (4)
көп мөлшерде іріңді денешіктердің болуы
өлген және бүлінген нейтрофилдердің аз болуы
жоғары протеолиздік белсенділік
көбінесе кокктармен туындатылады
жіті қабыну кезінде дамиды
9. Қабыну кезінде лейкоциттер эмиграциясы сатыларының бірізділігі (1)
лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы – лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы – лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы
лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы - лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы – лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы
лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы - лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы - лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы
10. Фагоцитоз жеткіліксіздігі ақауларына байланысты (4)
лейкоциттердің усақ өзекшелік жүйесінің
лейкоциттердің жиырылғыштық құралының
адгезиялы молекулалардың
тотығулық фосфорлану фермнттерінің
бактерицидтік жүйе ферменттерінің
11. Сәйкестікті тап:
Домбығу
Жергілікті температураның жоғарылауы
Қызару
Ауыру
Қызметтің бұзылуы
Functio laesa 5
Tumor 1
Rubor 3
Calor 2
Dolor 4
12. Созылмалы қабынудың патогенезінде маңызы бар (4)
тіндерде бактериялардың ұзақ болуының
фагоцитоз жеткіліксіздігінің
иммундық жүйенің тұрақты түрткіленуінің
макрофагтар мен лимфоциттердің жоғары дәрежедегі бірігуінің
цитокиндер өндірілуі азаюының
13. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі (1)
ағза немесе тінде тотығу-тотықсыздану үрдістері қарқындылығының
жоғарылауы
артериолалардың кеңеюі
ағза немесе тін қызметінің жоғарылауы
қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы
қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі
14. Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляция өзгерістеріне тән (4)
қан тамырларының көлденең қимасы ауданының азаюы
қан ағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауы
веналық қанның артериализациялануы
қылтамырішілік қысымның жоғарылауы
қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі
15. Артериялық гиперемияның жағымсыз салдарлары (2)
зат алмасудың белсенділенуі
ағза қызметінің жоғарылауы
қан тамырлары жыртылуынан қан құйылуы
инфекциялық үрдістің жайылуы
тіндер дистрофиясы
16. Веналық гиперемия кезінде микроциркуляция сипатталады (3)
қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен
қанағымының сызықтық жылдамдығының азаюымен
қанағымының көлемдік жылдамдығының азаюымен
қанағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауымен
тіндік сұйықтың түзілуі жоғарылауымен
17. Қанның веналық ұзақ іркілуінің салдары (2)
тін қоректенуінің жақсаруы
ұлпалық жасушалардың семуі және дәнекер тіннің өсіп-өнуі
ағза қызметінің күшеюі
жұқпаның таралуы
бауыр беріштенуінің дамуы
18. Қанайналымының, үлкен шеңбері артерияларында түзілген эмболдардың қанмен айналып жүруі әкеледі (3)
мый қан тамырларының эмболиясына
өкпе артерияларының эмболиясына
қақпалық гипертензияға
бүйрек қан тамырларының эмболиясына
ішек қан тамырларының эмболиясына
19. Аяқтың терең көктамырлары тромбозының салдарлары (1)
мый артерияларының эмболиясы
өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
қақпа көктамырлық гипертензия
бүйрек қан тамырларының эмболиясы
ішек қан тамырларының эмболиясы
20. Газдық эмболияның себебі (1)
ірі артериялардың зақымдануы
ірі көктамырлардың зақымдануы
ұсақ артериялардың зақымдануы
барометрлік қысымның тез төмендеуі
барометрлік қысымның жоғарылауы
2 Нұсқа
1. Қабыну құрамбөліктеріне жатады (1)
домбығу, қызару, қызметтің бұзылуы
жергілікті температураның жоғарылауы, ауыру
артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
ацидоз, гиперосмия, гиперонкия
әлтерация, экссудация мен лейкоциттердің эмиграциясы бар қанайналымының бұзылуы, пролиферация
2. Қабыну ошағында зат алмасуы сипатталады (3)
зат алмасудың аяғына дейін тотықпаған өнімдерінің жиналуымен
тыныстық коэффициенттің төмендеуімен
анаэробтық гликолиздің белсенділенуімен
тыныстық коэффициенттің жоғарылауымен
тотығулық фосфорлану үрдістерінің күшеюімен
3. Қабынудың гуморалдық дәнекерлеріне жатады (3)
гистамин
брадикинин және басқа белсенді кининдер
оттегінің белсенді радикалдары
комплемент жүйесінің нәруыздары
қан жүйесінің ұйытатын нәруыздары
4. Қабыну кезінде қанайналымы мен микроциркуляция
бұзылыстарының негізгі және өте ұзақ сатысы (1)
артериялық гиперемия
артериолалардың тарылуы
қанағымының жергілікті тоқтауы
веналық гиперемия
стаз
5. Конгейм тәжірибесінде бақаның аш ішегінің шажырқайында артериолалардың айқын кеңеюі, қызмет атқаратын қылтамырлардың саны көбеюі, қанағымының жылдамдауы байқалды. Бұл өзгерістер тән (1)
ишемияға
артериялық гиперемияға
веналық гиперемияға
стазға
стаз алдық жағдайға
6. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі едәуір жоғарылағанда дамитын экссудат түрі (2)
іріңді
сірлі
қанды
фибринді
шірікті
7. Фибриндік экссудатқа тән (4)
фибрин мөлшерінің жоғары болуы
қан тамырлары өткізгіштігінің едәуір жоғарылауы
ауыз қуысы, бронхылар, асқазан, ішектің шырышты қабығында дамиды
тек созылмалы қабыну кезінде пайда болады
дизентерия, дифтерия кезінде пайда болады
8. Қабыну ошағында лейкоциттердің бағытталған қозғалысы
байланысты (4)
хемотаксистік түрткіленуге
лейкоциттердің жиырылулық құралының белсенділенуіне
тиксотроптық құбылысқа(гелдің золға қайтымды ауысуы)
гликолиздің белсенділенуіне
липолиздің белсенділенуіне
9. Пролиферацияны тежеушілер (2)
адгезиялық молекулалар
соматотропин
өсу жайты
өспелердің тіршілігін жоятын жайт
интерлейкин - 1
10. Қабынудың жалпы көріністері (4)
ауыру
домбығу
уыттану әйгіленімдері
ЭТЖ жоғарылауы
қызба
лейкоцитоз
11. Созылмалы қабынуға тән (3)
макрофагтардың маңызы жоғары
нейтрофилдердің маңызы жоғары
пролиферациялық үрдістер айқын
беріштену үрдісімен аяқталады
зақымданған тіннің қалпына келуімен аяқталады
12. Қабынудың этиотроптық емі (3)
қабыну ошағында микроциркуляцияны қалпына келтіру
қабыну дәнекерлерінің әсерін төмендету
микробқа қарсы дәрілерді белгілеу
организмнің төзімділігін жоғарылату
зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
13. Артериялық гиперемия кезінде байқалады (3)
көгеру
тіндер тығыздығының жоғарылауы
ісіну
қызару
тін немесе ағза температурасының жоғарылауы
14. Веналық гиперемияның себептері болып табылады (3)
артериосклероз
веналар тромбозы
үлкен көктамырларда қысымның жоғарылауы
жүрек жеткіліксіздігі
артерия тамырларының тромбозы
15. Веналық гиперемияның сыртқы белгілері (3)
тін немесе ағза температурасының төмендеуі
көгеру
ағза көлемінің жоғарылауы
бозару
ауыру
16. Ишемия дамуына әкеледі ( 3)
көктамырдың өспемен қысылуы
артериалардың жиырылуы
артериоланың қан қатпарымен бітелуі
артериялардың атеросклероздық өзгерістері
артерияның өспемен қысылуы
17. Ишемия аймағында пайда болады (4)
өліеттену
ацидоз
қызметтің әлсіреуі
қызметтің күшеюі
жасушалар цитоплазмасында Са++ иондарының жиналуы
18. Нағыз қылтамырлық стаз кезінде эритроциттердің агрегациясына септеседі (4)
қанда ірі шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы
плазмада ұсақ шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы
эритроциттердің беткейлік зарядының төмендеуі
глобулиндер мөлшерінің ұлғаюы
қан қоюлануы
19. Ауалық эмболия, жарақатында, дамуы мүмкін (2)
сан көктамырының
тақым көктамырының
бұғана асты көктамырының
қақпа көктамырының
күре тамырдың
20. Майлық эмболия дамуы мүмкін
түтікті сүйектердің сынуында
омыртқаның сынуында
май тінінің еруінде
қатерлі өспелердің жайылуында
майлы ерітінділерді вена арқылы енгізгенде
№ 6 ТАҚЫРЫП «ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ: ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Ситуациялық есептерді шығару машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда, ситуациялық есептерді шығарғанда теориялық білімді қолдануды үйрену
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру
Жүргізу тәсілі: аз топта жұмыс жасау, кейс-стади, даралық жұмыс: тест тапсырмалары
Тақырып бойынша тапсырмалар
№ 1 тапсырма. Есепті шешіңіз
№ 1. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 2. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды (СРБ).
Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабы нәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.
Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?
№ 3. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
№ 4. 18 жастағы қауырт аппендицитпен ауырған науқастың дене қызымы 380С, тамыр соғысы минутына 82 рет. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
№2 Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау
Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тест тапсырмалары
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-145,
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.145-230
Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.145-230
Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 22-23, 45-47, 73-76
Қосымша
Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 21-44
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-41,230-232.
.Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 110-192, 490-551
БАҚЫЛАУ
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.
Тест тапсырмалардын орындалуын тексеру
1 Нұсқа
1. «Жауаптың жедел кезеңінің » патогенезінде маңызы бар (4)
«жауаптың жедел кезеңі» дәнекерлерінің (цитокиндердің) жүйелік әсері
«жауаптың жедел кезеңі» дәнекерлерінің жергілікті әсері
гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің белсенділенуі (стресс)
АКТГ сөлденісінің жоғарылауы
глюкокортикоидтар сөлденісінің жоғарылауы
2. Жедел кезеңнің нәруыздарының қызметтері (4)
МАТ белсенділеу
антиоксиданттық
микробқа қарсы
фагоцитозды белсенділеу
организм үшін қауіпті тіндік протеазаларды ыдырату
3. Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық нышандары (4)
дене температурасы 380 жоғары немесе 360 төмен
жүрек жиырылуының саны минөтіне 90-нан жоғары
тыныс жиілігі 20 көп немесе артериялық гипокапния 32 мм рт.ст аз
лейкоцитоз 12109 /л артық немесе лейкопения 4109 /л төмен немесе лейкоциттердің жетілмеген түрлерінің 10% артық болуы
дене температурасы 370
4. Сәйкестікті табыңыз:
1. Біріншілік пирогендер (3) 2. Екіншілік пирогендер (2)
тіннің асептикалық қабыну өнімдері
микробтық эндотоксиндер
интерлейкин - 1
өспе жасушасының некроздық факторы
иммундық кешендер
5. Эндогенді екіншілік пирогендерге жатады (4)
Интерлейкин - 1
Интерлейкин - 8
Интерлейкин – 6
өспе жасушасының некроздық факторы
микроорганизмдердің эндотоксиндері
6. Дұрыс тұжырым (1)
бактериялық жасушалардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне тәуелді
грамтеріс бактериялардың эндотоксиндері эндогендік пирогендерге жатады
экзогендік пирогендер липополиқанттар болып табылады
қызба кезінде температура жоғарылауының дәрежесі қоршаған ортаның температурасына тәуелді
қызба кезінде жылу реттеу тетіктері бұзылған
7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының тетігі байланысты (4)
жылу реттеудің жоғарырақ деңгейге ауысуына
эндогендік пирогендердің гипоталамустың преоптикалық аймағының «орнықтыратын нүктесіне» әсер етуіне
жылу шығарудың төмендеуіне
экзогендік пирогендердің гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне
жылу өндірудің жоғарылауына
8. Қызбаның 1-сатысында, қағида бойынша, байқалады (1)
жылу өндірудің жылу шығару өзгерместен күшеюі
жылу өндіру және жылу шығарудың күшеюі
жылу шығарудың азаюы және жылу өндірудің күшеюі
жылу өндіру және жылу шығарудың азаюы
жылу өндірудің азаюы және жылу шығарудың жоғарылауы
9. Қызбаның 2-сатысына тән (3)
брадикардия
терінің қызаруы
қарын-ішек жолы қимылының жоғарылауы
диурездің ұлғаюы
тахикардия
жылулық комфорт немесе ыстық сезімінің пайда болуы
10. Қызба кезінде температураның "кризистік" түсуі қауіпті (1)
коллапстың дамуымен
қарын-ішек жолы қыймылының күшеюімен
гипергидратация дамуымен
жүрек жиырылуының жиілеуімен
АҚ жоғарылауымен
11. Қызба кезінде тахикардия пайда болады (4)
синустық торапқа жылы қан әсер еткенде
адреналин өндірілуінің жоғарылауында
шеткері термосезімтал рецепторлаға жылы қан әсер еткенде
симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауында
кезеген жүйке межеқуатының жоғарылауында
12. Ыстықты төмендететін дәрілерді тағайындаудың нағыз көрсетілімі
болып табылады (4)
шамалы қызба
асқын қызба
мый жарақаттары
эпилепсия
өмір тарихында селкілдек болуы бар 5 жасқа дейінгі балалар
2 Нұсқа
1. «Жауаптың жедел кезеңінің » дәнекерлері (4)
интерлейкин – 1
интерлейкин – 6
өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)
интерферон-γ
гистамин
серотонин
2. «Жауаптың жедел кезеңінің» мүмкіндік жағымсыз салдарлары (4)
жүйелік қабынулық жауап
сілейме
жедел кезең нәруыздары түзілуінің белсенділенуі
миокардтың жиырылулық қызметінің төмендеуі
көп ағзалық жеткіліксіздік
3. Найти соответствие:
1. Жұқпалы қызба (2)
2. Жұқпалы емес қызба (3)
тіндердің өлеттенуі
өспелердің жайылуы
баспа
биологиялық факторлармен шақырылатын қабыну
ауқымды қан құйылу
4. Салдарлық эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер (4)
тромбоциттер
моноциттер
тіндік макрофагтар
эритроциттер
лимфоциттер
гранулоциттер
5. Дұрыс тұжырымдар (3)
дерттуындататын микробтардың ғана емес, сонымен қатар дерттуындатпайтын микробтардың да пирогендік белсенділігі бар
дерттуындататын микробтардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне үнемі сәйкес келе бермейді
пирогендік белсенділік тек эндотоксиндерде ғана болады
пирогендік белсенділік бактериялық жасушалар қабығының құрамбөлшектерінде болады
6. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ? ® жылу реттеу орталығы
микробтар эндотоксиндері
эндогендік пирогендер
простагландиндер
лейкотирендер
липопротеидтер
7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінде маңызы бар (4)
шеткері қан тамырлары тарылуының
жиырылулық («бұлшықеттік») жылу өндіру күшеюінің
терлеу төмендеуінің
жиырылулық емес жылу өндіру белсенділенуінің (биологиялық тотығудың)
терлеу күшеюінің
8. Дұрыс тұжырымдар (4)
қызбаның 1-сатысында тері температурасы қан температурасынан төмен
қызбаның 1-сатысында қалтырау және бұлшықеттік діріл болуы мүмкін
АҚ қызбаның 1-сатысында төмендеген, кейде өте қатты
қызбаның 1-сатысында диурез жоғарылайды
қызбаның 1-сатысында тері бозарған, суық, құрғақ
9. Қызбаның 3-сатысында жылу шығарудың күшеюі байланысты (1)
қан тамырларының жиырылуына
терлеу үрдісінің тежелуіне
зат алмасудың күшеюіне
терлеудің жоғарылауына
АҚ жоғарылауына
10. Температураның тәулігіне 3-50 С градусқа ауытқуымен сипатталатын қызба кезіндегі температуралық сызық аталады (1)
тұрақтыя (f.continua)
қалжырататын (f.hectica)
келбетсіз (f.athypica)
босаңситын (f.remittens)
қайталанатын (f.recurrens).
11. Қызбаға тән (2)
