Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инклюзия материалы к урокам.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

V инклюзивті сыныптарда жайлы білім беру ортасын

ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................................................................................................

5.1 «Білім беру ортасы» түсінігінің мазмұны................................................................................................

5.2 Инклюзивті сыныпта пәндік-білім беру ортасын модельдеу

ерекшеліктері..............................................................................................................................................

VI инклюзивті мектептің білім беру процесін бейімдеу және

МОДИФИКАЦИЯЛАУ..........................................................................................................................

    1. Жалпыға білім беру процесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу

шарттары.....................................................................................................................................................

6.2 Инклюзивті мектептің оқу процесін бейімдеу мен модификациялау

стратегиялары.............................................................................................................................................

Vіi инклюзивтібілім беру жағдайында отбасымен жүргізілетін

ЖҰМЫС...................................................................................................................................................

7.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу

ерекшеліктері .............................................................................................................................................

Vііi балалардың жеке мүмкіндіктерін ескеру негізінде

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ......................................................................................

8.1 Білім беру нәтижелерін бағалау және оның құралдары........................................................................

8.2 Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы нәтижелерін

қадағалау әдістері......................................................................................................................................

8.3 Мониторинг баланың дамуын қадағалау процесс ретінде....................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........................................................................................

І Инклюзивті білім берудің философиялық–гуманисттік мінездемесі

    1. Инклюзивті білім берудің маңызы

Әрбір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негіз қалаушы фактор болып білім алу құқығы табылады. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетімізде бірде бір бала дамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген. 1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қол жеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.

Осы сәттен бастап ҚР-да денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды толыққанды өмір сүруге сапалы білім алуға қолжеткізу арқылы дайындау міндеті негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетімізде барлық балаларға келешекте қалыпты деңгейдегі адамдар мен олардың ортасында өзіндік және толыққанды өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірде максималды жетістіктерге жетуге негіз болатын бірдей мүмкіндіктер жасау басты бағыттардың бірі. Осындай бағыттардың бірі болып инклюзивті білім беру табылады: даму бұзылыстары бар балаларға білім алуда басқалармен тең құқылы болып, кез-келген шеттетудің алдын алып, ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және т.б.) қарастыратын жалпыға білім беруді дамыту үрдісі.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбектік реабилитациялау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы, директоры, соңынан бас директоры.

Р.А.Сулейменова берген анықтама бойынша, «инклюзивті білім беру – балаларды бөліп қарастыру кедергілерін жоюға бағытталған, барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу мен оларды әлеуметтік бейімдеуде жасына, жынысына, этникалық, діни қатынасына, даму кемшіліктеріне немесе экономикалық статусына қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен, балаға түзету-педагогикалық және нақты әлеуметтік қолдау көрсету арқылы, адекватты білім беру жағдайларын жасауда, балалардың білім алу қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне баланы емес, ортаны бейімдеуге бағытталған мемлекеттің саясаты.

Яғни, бұл анықтамада инклюзивті білім беру жүйесі барлық балаларға, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім беруді ұйымдастыруда тең мүмкіндіктер жасалуын қамту қарастырылған. Кең мағынада, инклюзивті білім беру дегеніміз – балаларды өздерінен ерекшеленетін құрдастарымен бірге оқыту. Нәтижесінде өсіп келе жатқан адам қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптаса алады.

Р.А.Сулейменова ұсынған «инклюзивті білім берудің» анықтамасы ҚР-ң дамуында түрлі бұзылыстары бар тұлғаларға білім беру аймағындағы мемлекеттік саясатының негізін құрады. Білім беру саясатының негізгі ережелері бірқатар нормативті-құқықтық құжаттарда қарастырылған: ҚР «Білім беру заңы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы Заңы», 2011-2020 ж.ж. ҚР білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы және т.б. Сонымен қатар, «2011-2020 ж.ж. ҚР білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы» негізінде Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен үлкендерге бағытталған тиісті деңгейдегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, мектептік және кәсіби білім беруді қамтамасыз ететін «инклюзивті оқыту жүйесі» құрылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар – қалыптасқан тәртіпке сай дәлелденген, туа, тұқымқуалаушылық, жүре немесе замқымдардың нәтижесінде пайда болған аурулардың себебінен өмірлік іс-әрекеттерінде шектеулері бар, физикалық және (немесе) психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа толмаған балалар.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары: