Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инклюзия материалы к урокам.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
    1. Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметіндегі бұзылыстар

Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін мінездейтін нақты дәлелдер өте көп. Мұндай балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері нәтижелі дамытылған.

Қозғалыс бұзылыстары пайда болуы мен көріністері бойынша әртүрлі. Қозғалыс функциялары мен қозғалыс дағдыларының бұзылу ауырлық деңгейіне байланысты балаларды үш топқа бөледі:

- ауыр бұзылыстарымен;

- қозғалыс бұзылыстарының орташа деңгейімен;

- жеңіл қозғалыс бұзылыстарымен.

Церебралды сал ауруы бар балалардың қозғалыс функциялары дамуының кезектілігі мен жылдамдығы бұзылған. Оның қозғалыс аппараты қарапайым туа біткен қозғалыс белсенділігінің рефлекторлық қалыптарымен сипатталады. Қалыпты даму жағдайында алғашқы айларда бұл рефлекстер анық көрінбейді. Ұстап алу рефлексі алақанды сипау, еңбектеу рефлексі табанды сипау арқылы тексеріледі. Бұл рефлекстерге тән қасиеттер келешекте өшіп қалады. Ұстап алу рефлексі оның ырықты қозғалыс акті ретінде қалыптасқанға дейін өшеді. Еңбектеу рефлексі де өзіндік қозғалыс дамуының негізі болмайды. Бұл рефлекстердің сақталуы ырықты моториканың қалыптасуын тежелейді. Бала өмірінің бірінші жылының екінші жартыжылдығында бұл рефлекстердің пайда болуы бас миы қыртыстарының қозғалыс бөлімдерінің зақымдану белгісі болады.

Церебралды сал ауруы бар балалардың туа біткен шартсыз рефлекстері өшпейді, бірінші жылда бұзылған рефлекстердің әсері күшейіп келешекте тұрақтанады, ал бұл жағдай ырықты қозғалыс актілерінің қалыптасуын тежелейді.

Церебралды сал ауруы бар баланың қозғалыс сферасының ерекшелігі -негізгі моторикалық функциялары қалыптасуының тежеленуі. Бұл балалар моторикалық функцияларды орта есеппен 3-5 жаста меңгереді. Аса тежеленетін қозғалыс актілері - арқадан бүйірге, арқадан ішке, іштен арқаға аударылу.

Отыру әдістері 7-9 айлар арасында қалыптасуы тиіс. Ал церебралды сал ауруы бар балалар бұл әдісті 2-3 жаста меңгереді. Еңбектеуді меңгеру де тежеленеді. Жүру - моторлық дамудағы жаңа кезең ғана емес, сонымен қатар танымдық шеңбердің кеңейюі. Қалыпты деңгейде жүру қозғалыс акті ретінде бір жастан қалыптаса бастайды.

Церебралды сал ауру жағдайындағы қозғалыс ақауының құрылымы.

Барлық церебралды ауру қалыптарына қатысты қозғалыс аппаратының жалпы бұзылыстарын анықтауға болады:

1. Орталық сал ауруы және парездер. Орталық сал ауруы деп ырықты қозғалыстарды мүлдем орындай алмау аталады. Парез - сал ауруының әлсіз көрінісі, ол ырықты қозғалыстарды орындау мүмкіндігінің шектелінуімен сипатталады.

Бұзылыстың таралуына байланысты церебралды сал ауруының 4 түрі анықталады:

1) тетраплегия - аяқ-қолдардың жалпы зақымдануы;

  1. диплегия - аяқтардың немесе қолдардың зақымдануы;

  2. гемиплегия - дененің не оң, не сол жағының зақымдануы;

  3. моноплегия - сирек кездесетін тек бір аяқтың немесе бір қолдың зақымдануы.

2. Бұлшық еттер тонусының бұзылыстары. Кез келген қозғалыс актіне қалыпты бұлшық еттер тонусы қажет. Церебралды сал ауруы кезінде бұлшық еттер тонусы жоғарылайды.

3. Сіңірлік және периосталдық рефлекстердің жоғарылауы /гиперрефлексия/. Мұндай гиперрефлексия пирамидалдық жолдардың зақымдануын анықтайды.

4. Синкинезиялар /біріккен қозғалыстар/. Синкинезиялар - ырықты қозғалыстармен қатар жүретін ырықсыз қозғалыстар.

5. Бірін-бірі толықтыратын түзету рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы. Бұл рефлекстердің жетілмеуі бала денесі мен басын қажетті күйде үстап тұра алмауына себеп болады.

6. Тепе-тенділік және қозғалыс бағыттылықтары рефлекстерінің қалыптаспауы. Дене тепе-теңділігінің және қозғалыс бағыттылықтары бұзылыстары ақаулық жүруде көрініс табады /церебралды сал ауруларының түрлі қалыптарында байқалады/.

7. Қозғалыстарды сезу бұзылыстары. Қозғалыс функцияларының дамуы қозғалыстарды сезумен тығыз байланысты. Қозғалыстарды сезу бұлшық еттерде, сіңірлерде, оларды байланыстыратын сіңірлерде орналасқан рецепторлар арқылы іске асырылады.

8. Зорлықпен орындалатын қозғалыстар. Оларға тремор да жатады.

9. Қорғаныс рефлекстері. Пирамидалық жүйенің зақымдану белгілеріне орталық сал ауруы көрініс табатын қорғаныс рефлекстері жатады. Қорғаныс рефлекстері - тітіркендіру арқылы сал ауруына шалдыққан аяқ-қолдарды бүгу немесе қалыпқа келтіруде көрініс табатын ырықсыз қозғалыстар.

  1. Бұзылыстарға ұшыраған рефлекстер. Бұл рефлекстер пирамидалық

жүйенің зақымдану негізінде дамитын орталық /спастикалық/ сал ауруының синдромын құрайды.

  1. Позотоникалық рефлекстер. Бұл рефлекстер туа біткен

Шартсыз рефлекторлық қозғалыс автоматтандыруларына жатады. Позотоникалық рефлекстерге шытырманды-тоникалық, ассиметриялы-тоникалық мойын, симметриялы-тоникалық мойын рефлекстері жатады.

Церебралды сал аурулары бар балалардың жеке тұлғасы мен эмоционалды-еріктік сфераларының даму ерекшеліктері.

Церебралды сал аурулары бар балалардың ауытқулықты даму түрлерінің арасында психикалық инфантилизм қалпы бойынша даму кешеуілдеуі жиі кездеседі.

Психикалық инфантилизмнің негізінде интеллектуалдық және эмоционалды-еріктік сфераларының, әсіресе соңғысының, жетілмеу, жетілу үйлесімсіздігі жатыр. Инфантилизм жағдайында психикалық даму кейбір психикалық функциялардың біркелкі жетілмеуімен мінезделенеді, қарапайым психикалық инфантилизмді анықтайды. Оған үйлесімді инфантилизмді де жатқызады. Бұл қалыпта психикалық жетілмеу баланың барлық іс-әрекет сфераларында көрінеді, әсіресе эмоционалды-еріктік сферасында. Қосымша инфантилизмнің күрделенген қалыптары да бар, мысалы органикалық инфантилизм. Церебралды сал аурулары бар балалардың эмоционалды-еріктік сфераларының қалыптасу және даму ерекшеліктері тек биологиялық фактормен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағдайлармен де байланысты. Церебралды сал аурулары бар балалардың қозғалыс функцияларының бұзылу деңгейі олардың эмоционалды-еріктік және басқа да жекетұлғалық сфераларының деңгейін анықтамайды.

Церебралды сал аурулары бар балалардың эмоционалды-еріктік және іс-әрекеттегі бұзылыстары жоғары деңгейлі қозуда, барлық сырттан келетін тітіркендіргіштерге деген аса сезімталдықта көрінеді. Әдетте бұл балалар тынымсыз, ашушаң, қырсық. Кейбір топтары, керісінше, әлсіз, батыл емес, енжар болады. Көбіне олар аса сезімтал, қоршағандардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді, дауыс ырғағын жақсы сезеді.

Церебралды сал аурулары бар балалардың ұйқылары жиі бұзылған болады: олар мазасыз ұйықтайды, қорқынышты түстер көреді. Барлық ЦСА бар балаларға аса жоғары деңгейлі шаршау тән. Маңыздысы, бала өз-өзін дұрыс қабылдауы, оның өзінің ауруына және мүмкіндіктеріне деген жақсы көзқарасы дамығаны дұрыс. Бұл жағдайда басты рольді ата-ана мен тәрбиешілер ойнайды. Ауытқулықты мінезді жеке тұлға қалыптасуы церебралды сал аурулары бар балалардың көбісінде байқалады. Церебралды сал аурулары бар балалардың жағымсыз мінез қасиеттері көбіне аса қамқорлық жасау бағыты бойынша тәрбиелеу нәтижесінде дамып, қалыптасады.

Церебралды сал ауруы - бұл тек моторлық дамуда кешеуілдеу немесе кейбір қозғалыс функцияларының қалып қоюы ғана емес, бұл жалпы психикалық дамудың бұзылысын мінездемелейтін ауру.

Церебралды сал ауруының түрлері.

Ми жүйесінің зақымданған бөліміне байланысты түрлі қозғалыс бұзылыстары пайда болады. Церебралды сал ауруының 5 түрі анықталған.

  1. Спастикалық диплегия. Сал ауруы, немесе плегия, - бұлшық-етте немесе бір топ бұлшық-еттерде қозғалыстың жоқтығы. Қозғалыс функцияларынан жартылай айырылу парез деп аталады. Спастикалық диплегия аяқ-қолдарда қозғалыс бұзылыстарымен мінезделенеді, бірақ аяқтар, қолдарға қарағанда, терең бұзылыстарға ұшырайды. Спастикалық диплегияның негізгі көрсеткіші - қозғалыстардың көлемі мен күшін шектеу негізінде аяқтардың бұлшық-еттері тонусының жоғарылауы.

  1. Екі еселенген гемиплегия - церебралды сал ауруының ең ауыр түрі. Жаңа туылған кезеңде де анықтауға болады. Екі еселенген гемиплегия аяқ- қолдардың ауыр қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады.

  1. Церебралды сал ауруының гемипаретикалық түрі /балалық церебралды гемиплегия/ бас ми қыртыстарының қозғалыс бөлімдері немесе негізгі қозғалыс /пирамидалық/ жолының бір жағының бұзылуымен мінезделенеді. Церебралды сал ауруының гемипаретикалық түрі бір жақты қозғалыс бұзылыстарымен анықталады.

4. Церебралды сал ауруының гиперкинетикалық түрі - көбіне ми бөлімдерінің қыртыстарының асты зақымдалады, олар бұлшық-еттердің қысқару реттілігін, күшін және ұзақтылығын қадағалау арқылы ырықты қозғалыс актінің орындалуын қамтамасыз етеді. Церебралды сал ауруының гиперкинетикалық түрі күштеп орындалатын ырықсыз қозғалыстар - гиперкинездер түрінде көрініс табатын қозғалыс бұзылыстарымен мінезделенеді. Олардың хореиформдық, атетоидтық, хореоатетоидтық және спастикалық мойын қисаю түрлері де болады.

5. Церебралды сал ауруының атоникалық-астатикалық түрі /мишықтық/ - бұлшық-еттер тонусының төмендігімен, тік тұра алмау қиындықтарымен анықталады. Мишықтық атаксияның көріністеріне жатқызылады:

1) тыныштықта және жүруде дененің тепетеңдігінің бұзылуы;

  1. дисметрия - қозғалыстардың сәйкес еместігі, қозғалысты дәл орындай алмауда көрінеді;

  2. интенциондық /динамикалық/ тремор - аяқ-қолдардың дірілдеуі, бұл жағдай ырықты, мақсатқа бағытталған қозғалыстарда пайда болады және мақсатқа жақындауда, қозғалыс актінің аяғында күшейе түседі.

Осы және басқа да қозғалыс бұзылыстары бұлшық-еттер тонусының төмен болу негізінде бақыланады. Аса дәлдікті қажет ететін бағытталған ырықты әрекетті қозғалыстарды орындауды /жазу, мозаика құрастыру және т.б./ қолдар треморы қиындатады.

Церебралды сал ауруы бар балалардың тірек-қимыл аппараты бұзылған жағдайында психологиялық анықтау және түзету.

Медицина қызметкерлерінде церебралды сал ауруы бар балаларды анықтау қиыншылықтар тудырмайды. Жеңіл және орта ауырлық деңгейлі церебралды сал ауруын жаңа туылған баланың алғашқы күндерінде анықтау қиын. Емізулі балаларда болатын неврологиялық симптоматика барлық кезде церебралды сал аурудың дамуын растамайды. Бірақ дамудың ерте

кезеңдерінде церебралды сал ауруын анықтау ғана маңызды емес, сонымен қатар баланың психикалық даму деңгейін анықтау да қажет. Басты рольді психологиялық анықтау және психологиялық түзету жұмыстарында мектепалды мекеменің педагог-психологы атқарады. Церебралды сал ауруы бар баланы зерттеуде пайда болатын қиындықтар оның ақыл-есі кемдігі, дамуы кешеуілдеуі, көру, есту т.б. кемістіктермен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе церебралды сал ауруы бар баланың есту бұзылыстарын ерте анықтаған маңызды. Олар жиі кездеседі. Церебралды сал ауруы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы ауытқушылықтарды анықтау үшін оның ерекшеліктерін клиникалық-психологиялық-педагогикалық талдаудан кешенді өткізу қажет.

Церебралды сал ауруы бар баланы тексеру өте қиын, өйткені физикалық кемшіліктер қоршаған орта жайлы білімдерінің шектеулі болуы оның нақты мүмкіндіктерін ашпайды. Бақылаумен біріккен оның кейбір психикалық функциялары мен меңгерген жаңа білімдерін және дағдыларын зерттеуге бағытталған эксперименттік тексеру ең сенімді анықтау болып қала береді. Анықтау жұмысының нәтижелілігі түрлі салалардағы мамандардың бірігіп жұмыс жасауына тәуелді. Ерте жүргізілетін психологиялық-педагогикалық- түзету-дамытушылық жұмыс өте қажет. Қозғалыс бұзылыстарын түзету -кешенді, жүйелі әсерді /медикаменттік терапия, физиотерапия, ортопедиялық емдеу, уқалау, емдік дене шынықтыру/ қажет етеді.

Медикаменттік емдеу бұлшық ет тонусын қалыптандыруға, ырықсыз қозғалыстарды азайтуға бағытталған.

Физиотерапиялық процедуралар жасушалардың трофикасын және бұлшық еттегі қан айналымын жақсартады.

Ортопедиялық жұмыс ортопедиялық тәртіпті ұстануды, ортопедиялық тәсілдерді жүруде пайдалануды, аяқ-қолдардың қалпын түзетуді қамтамасыз етеді.

Емдік дене шынықтыру балалардың мектептік және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне бағытталған қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады.