Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инклюзия материалы к урокам.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
    1. Көру бұзылыстары

Көру функциясының бұзылу деңгейі көру өткірлігі деңгейінің төмендеуімен анықталады - көздің бір-бірінен минималды қашықта орналасқан екі жарық нүктені көруі.

Қалыпты көру өткірлігі 1,0 тең - 5 метр қашықтықта орналасқан арнайы таблицаның 10-шы қатарындағы әріптер мен белгілерді ажырата алу қабілеттілігі.

Келесі және алдыңғы қатарларындағы белгілерді ажырату қабілеті көру өткірлігін 0,1 арттырады.

Көру бұзылыстары бар балаларды келесі топтарға бөледі:

  1. Соқырлар - көру түйсіктерінен толық айырылғандар, немесе көру қалдығы сақталған /максималды көру өткірлігі көзілдірік қолдануда жақсы көретін көзде 0,04 тен/, немесе жарық сезу қабілеті сақталғандар.

  2. Абсолютті, немесе тоталді, соқырлар - көру түйсіктерінен мүлдем айырылғандар; жартылай соқырлар - жарық сезу қабілеті бар балалар, көру өткірлігі 0,005-тен 0,04-ке дейін.

3. Нашар көретіндер - көру өткірлігі 0,05-тен 0,2-ге дейін. Соқырлардан айырмашылығы - көру өткірлігі анық төмендегенімен көру анализаторы қоршаған орта жайлы мәлімет алудың негізгісі болып қалады және оқу процесінде, оқу және жазуда да, жетекші рольді атқарады.

Кемістіктің пайда болу уақытына байланысты балаларды екі топқа бөледі:

1. Соқыр туылғандар - тоталді соқырлықпен туылған немесе 3 жасқа дейін соқыр болып қалған балалар. Оларда көру елестері жоқ, барлық психикалық даму процесі көру жүйесінің мүлдем араласпау жағдайында іске асырылады.

2. Соқырлар - көру мүмкіндігінен мектепалды және кейінгі жаста айырылғандар.

Тума аурулар және көру ағзаларының даму ауытқушылықтары сыртқы және ішкі зақымдаушы факторлардың нәтижесі болуы мүмкін.

Көру функциясы бұзылыстарының пайда болуына әсер ететін генетикалық факторлар: ағзада химиялық заттар айналымының бұзылуы /альбинизм/, көз алмасы дамуын зақымдандыратын тума ауырулар, көз қабығының тума патологиясы, тума берілген катаракта, көз торы патологияларының кейбір түрлері.

Көру ауытқушылықтары жүктілік кезеңінде сыртқы және ішкі әсерлер нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Баланың құрсақта дамуына жүктілік кезеңінің ауытқушылықты болуы, ананың вирустық ауыруларға шалдығуы, токсоплазмоз, қызылша және т.б. әсер етуі мүмкін.

Көру бұзылыстары бар балалардың сөйлеуі мен қарым-қатынас ерекшеліктері.

Кереңдік және күрделі көру бұзылыстары танымдық іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі ауытқушылықтардың себебі. Көру бұзылыстарының жағымсыз әсері бала дамуына зақым бермейді деген жерде де көрініс табады.

Материалдың жүйеленуі. Топтастырылуы, оны анық қабылдауға жағдай жасау көру бұзылысы бар жағдайда да есті дамытудың алға шарты болады. Көретіндер мен көру бұзылыстары бар адамдарда сөйлеудің қалыптасуы бірдей болады, бірақ көрмеу немесе оның терең бұзылысы анализаторлардың байланыстарын өзгертеді, сондықтан байланыстар қайта құрылып, көретіндердегі процеске қарағанданда сөйлеудің қалыптасуы басқа байланыстар жүйесіне қосылады.

Соқыр және нашар көретін адам іс-әрекетінің ерекше түрі - тілдесу қарым-қатынасында дамиды. Қалыптасу ерекшеліктері - даму жылдамдығы өзгереді, сөйлеудің сөздік-семантикалық жағы бұзылады, нақты маңызбен байланыспаған сөздер саны көбейеді, «формализм» пайда болады. Заттылықпен біріккен /заттардың, олармен орындалатын әрекеттердің/ сөйлеу әрекеттері, бір жағынан, бала меңгерген сөздерді қоршаған ортаның нақты заттарымен сәйкестендіруіне себеп болады, басқа жағынан - заттармен белсенді әрекет орындау процесі арқылы қоршаған ортаны жақсы танудың шарты болады.

Соқырдың сөйлеуі қоршаған ортаны сезімдік тану, жеке тұлғаның қалыптасуы процестеріне қосыла отырып орнын толықтыру міндетін атқарады. Терең /күрделі/ көру бұзылыстарының сөйлеу арқылы орнын толықтыру сезімдік тануда анық көрініс табады, өйткені ол нақтылайды, түзетеді және сезімдік тану процесінің өтуін бағыттайды, заттық өмірді түсіктер мен елестер арқылы толық және нақты етіп қабылдауға мүмкіндік береді.

Сөйлеу дамуының ерекшелігі қарым-қатынастың тілдік емес тәсілдерінің әлсіз қолданылуында байқалады - ым-ишараларда, өйткені көру бұзылыстары анық қозғалыстарды қабылдауды қиындатады, көретіндер қолданатын анық тәсілдерді, әрекеттерді қайталауды мүмкін емес етеді. Бұл көретіннің сөйлеуін түсінуді қиындатады және соқыр мен нашар көретіннің сөйлеуінің анық емес болуына негіз болады. Мұндай жағдайларда сөйлеуді түзетуге, оның экспрессивті жағын, ым-ишара мен пантомимика және ол іскерліктерді қарым-қатынас процесінде қолдануға бағытталған арнайы жұмыстарды жүргізу қажет.

Көру бұзылыстары бар балаларды психологиялық анықтау мен түзету.

Кез келген даму кемістігін, көру функциясы бұзылыстарын да, уақытылы анықтаудың қажетті шарттары болып бала туылған сәтінен бақылау, психикалық дамудың негізгі көрсеткіштері қалыптасуының нормативті уақытын жақсы білу табылады. Баланың психикалық дамуының динамикасын бақылауда тесттік материалды көру функциясының бұзылыстары бар баланың көру қабілеттілігінің төмен мүмкіндіктеріне сәйкестендіру қажет. Оқу процесінде сақталған көру мүмкіндігін нәтижелі қолдану үшін соқырдың қабілеттерін алдын ала келесі бағыттарда тексерістерден өткізу қажет:

  1. Клиникалық ассистендіру және клиникалық көмек беру.

  2. Өзіндік сараптау, өзіндік есеп беру, өзіндік бақылау.

  3. Мектепте оқыту жағдайында көрудің актуалды, нақты функциясын атқаруын тексеру.

Офтальмологиялық кеңес беру кезінде тек ауыру, орталық және перифериялық көрудің өткірлігімен оның категориясы анықталмайды, сонымен қатар линзалар, көзілдірік пайдалануға келісім, физикалық ауырлық немесе оған қарсылық және т.б. жағдайлар талқыланады.

Соқырлықтың орнын толықтыру түрлері:

1. Органикалық, немесе жүйе ішіндегі орнын толықтыру, бұл жағдайда функциялардың қайта құрылуы осы функционалдық жүйенің механизмдерін қолдану арқылы іске асырылады.

2. Жүйеаралық, бұзылған функционалдық жүйенің шеңберінен тыс, қосымша мүмкіндіктердің күшіне негізделу арқылы, жаңа жүйкелік байланыстағы анализаторларды орнықтыру және қалыптастыру, күрделі бейімделу механизмдерін қосу және екінші деңгейде бұзылған функцияларды қайта қалыптастыру.

Түрлі іс-әрекеттерді /оқу, ойын, практикалық/ ұйымдастыру жағдайында қолданылатын арнайы түзету сабақтарының жиынтығы жасалған. Олардың мақсаты - бұзылған немесе толығымен жоғалтылған көру

функцияларының және екінші деңгейлі даму ауытқушылықтарының орнын толықтыру.

Орнын толықтыру механизмі: танудың сенсорлық актіне жоғары танымдық процестер қосылады, өткен тәжірибе қолданылады, үлкен роль заттық-практикалық іс-әрекетке бөлінеді. Көру қабылдауын дамытуға бағытталған жұмыстардың шарты - соқырдың сақталған көру мүмкіндігімен жұмыс жасауына жайлы, гигиеналық және эргономиаклық жағдай жасау.