- •Курсы: 5 Оқу семестрі: іх-х
- •Оқытушылар туралы мәлімет: Жұманазаров Назарбек Абдуназарұлы - м.Ғ.К., доцент
- •2. Пәннің мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
- •2.5. Пәндің алғы және кейінгі реквизиттері
- •2.6. Пәннің мазмұны
- •2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.3. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының жоспары (сөж)
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •2.8.1 Негізгі әдебиеттер /оқулықтар/.
- •2.8.2 Қосымша әдебиеттер /оқулықтар/.
- •Әдебиет тізімі.
- •2.9. Оқыту әдістері:
- •2.10. Білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бағалау әдісі:
- •Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
- •Ескертулер
2. Пәннің мақсаты:
Сот медицинасы-құқық қорғау, сот орындарында қылмысты ашу барысында, сот кезінде туындайтын сұрақтарды медициналық және биологиялық әдістерінің көмегімен шешетін медициналық ғылым саласы.
Сонымен қатар, соттық медицина халыққа медициналық емдеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу кезінде денсаулық сақтау орындарына көмек көрсетіп отырады.
Соттық медицина медициналық жоғары білім алуға тікелей ат салысып, ҚР қылмыстық істерді ашу, Азаматтық кодекстерінің талабына сай маман дәрігер дайындауға әсерін тигізеді.
Сот медицина пәні медициналық жоғары оқу орындарының барлық факультеттерінде оқытылады. Себебі, ҚР қылмыстық істерді ашу кодексінің 55-ші бабында көрсетілген эксперт міндетін кезкелген дәрігер орындай білуі керек. ҚР қылмыстық істерді ашу ісінде медицина қызметкерлері эксперт ретінде қылмыс ашу бастапқы қылмыс ашу кезінде, яғни адам денсаулығына, өміріне қарсы жасалған қылмыстар бойынша айыпталып отырған, жәбір көрген, қоршаған орта әсерінен қайтыс болған адамдардың денесін тексеріп, сот медициналық құжат жазуға щақыртылуы мүмкін.
Әрбір болашақ дәрігердің сот медициналық сараптаманы қарағанда себептерін, ережелерін сараптың міндеттері мен құқықтарын біліп шығуы сот-медицина пәнін оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар әрбір дәрігер, дәрігердің деонтологиясы мен этика негізін, кәсіптік қылмыстар үшін медицина қызметкерлеріне жүктелетін жауапкерлікті білуі керек.
3. Оқытудың міндеттері:
Сот медицина оқу барысында студенттер төмендегілерді білуге міндетті:
ҚР әрбір азаматтың жеке басын қорғауға арналған заңдарын;
Сот-медицина сараптамасы туралы заң негіздерін, сараптың міндеттері мен құқықтарын, кәсіптік қылмыстар үшін медицина қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілікті;
Сот медицина салалары бойынша соңғы ғылыми жетістіктерді және сот медицинаның негізгі объектілерін, тексеру әдістерін (мәйіт, денесіне жарақат түскен, жәбір көрген адамдар, жарақаттар, қылмыстық және азаматтық істер бойынша құжаттар).
4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ |
Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: Медицинадан тыс ғылым негіздерін (құқық, экономика, саяси ғылымдар және т.б.) Түсінеді: Биологиялық өзгерістердің патологиялық үдерістерге тән клиника функциялық нышандармен сабақтастыра; Қолданады: ҚР әрбір азаматтың жеке басын қорғауға арналған заңдарын, Сот-медицина сараптамасы туралы заң негіздерін, сараптың міндеттері мен құқықтарын, кәсіптік қылмыстар үшін медицина қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілікті, Сот медицина салалары бойынша соңғы ғылыми жетістіктерді Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдайды: мамандандырылған биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпарат көздеріндегі ғылыми жаңа-лықтарды; Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді; |
Б2.1
|
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Сот медицинасы сараптамаға байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді. |
Б2.2 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: науқастардың шағымын сұрастыру, анамнез сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, қосымша зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін талдау Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Сот медицинасы сараптамаға байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып, оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. |
Б2.3 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР |
Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Мәйітті сот-медицина зерттеуден өткізіп, арнайы құжат жазу, өлім туралы дәрігерлік куәлікті толтыра алу мен хаттаматолтыруды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде медициналық процедураларды дұрыс орындаун кұндылықтарың ұйлестіреді. |
Б3.2. |
КӘСІБИ ТҰЛҒА - ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР |
Білім (когнитивті) домені: Түсінеді: мәдениет аралық ерекшеліктердің, өз жауапкер-шілігінің, этикалық қағидалар-дың, өз қызметінің сапасының және біліктілігін арттыруға деген ынтасын; Қолданады: пәнді игеру барысында мәдениет аралық ерекшеліктерді, этикалық қағидаларды, сапалы қызметін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жауапкершілігін және этикалық қағидаларды ұстай отырып, қызметін дәлділікпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Жауап береді: берілген тапсырманы орындау барысында этикалық құндылықтарды ескереді; Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде этикалық қарым-қатынастың құндылықтарын үйлестіреді; |
Оқудың соңғы нәтижесін талдау:
Студент білуі керек:
Оқиға болған жерде мәйітті тексеру барысында тергеу ісін жүргізуге квалификациялық көмек көрсетуі керек:
Биорганикалық өлімнің түскендігін анықтау, мәйіттің қалай жатқан-дығын сипаттау, мәйітті сыртқы зерттеу, зорлық өнімнің белгілерін анықтау, өлімнің туған уақытын анықтау.
Биологиялық текті айғақ заттарды анықтап, тексеруге жіберу кезінде тергеушіге көмек көрсету.
Студент үйреніп алуы қажет:
Мәйітті сот-медицина зерттеуден өткізіп, арнайы құжат жазу, өлім туралы дәрігерлік куәлікті толтыра білу (стоматология факультетінің студенттерінен басқаларға).
Денесіне жарақат түскен, белгілі бір қылмыс бойынша жәбірленушіні, айыпталушыны сот-медициналық сараптан өткізу, жарақаттың механизмін, алыну уақтысын және денсаулыққа тигізетін зиянын анықтау.
Жедел өлімнің, механикалық жарақаттан, уланудан, суицидальды әрекеттерден туған өлімдердің сот-медициналық мәліметтерін ғылыми зерттеулерге қолдану.
Тергеу орындарының қылмыстық істер бойынша құжаттар, медициналық құжаттарды қорытындылай келіп, медицина қызметкерлерінің кәсіптік қылмыстары бойынша сот-тергеу сұрақтарына жауап беру.
Студент машықтануы қажет:
-Әртүрлі сот гистологиялық үдерістердің макроскопиялық және микроскопиялық бейнесін сипаттай алу;
-Биологиялық өзгерістердің патологиялық үдерістерге тән клиника функциялық нышандармен сабақтастыра пайымдау.
-Сот-медициналық сараптаманың мәліметтерін халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу кезінде қолдану.
